«Қытайша десерт» әдісі 

0
1007
Freepik.com

Сыныптағы барлық оқушылар бір уақытта бірдей тапсырмаларды орындайды (есеп шығарады; сұрақтар, тест тапсырмаларын, жадынама, ұсыныстар, ереже, мәтін құрастырады; кесте, диаграмма толтырады т.с.с.).

Тапсырманың күрделілігіне байланысты орындауға 15 минуттан 40 минутқа дейін уақыт беріледі. Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір оқушы тізбекпен өз жұмысын келесі оқушыға береді.

Көршісінің жұмысын алған оқушы алдымен оны тексереді: тапсырма толық орындалған ба, қате жоқ па, нені орындай алмаған немесе қате орындаған. Осыдан кейін қателерді түзетеді және түсініктеме жазады (неге осылай болуы керек). Сонымен қатар жұмысты толықтырады: шығарылмаған есептерді шығарады, аяқталмаған тапсырманы орындайды (сұрақтарға жауап береді, тест тапсырмасын орындайды, сөзді, сөйлемді, абзацты толықтырады т.с.с.). Тағы да жұмысты тізбек бойынша ары қарай келесі оқушыға жібереді.

Бірақ осындай жұмысты тек алдында осы тапсырмаларды өзі орындай алған оқушылар ғана, яғни оқу материалын жақсы меңгерген оқушылар атқара алады. Ал тапсырманы дұрыс орындағанына сенімсіз, немесе қате орындаған, жартылай ғана орындаған немесе мүлде орындай алмаған оқушылар не істейді?

Олар да жұмысты қарап шығады және тым болмаса 1-2 тапсырманың орындалу тәртібін есте сақтап қалуға тырысады: осы есепті қалай шығаруға болады екен, қандай сұрақ қоюға болады екен, берілген мәселеге қатысты қандай идеялар айтуға болады екен т.с.с.

Осы интерактивті жұмыс әрбір оқушы өз жұмысын қайтадан қолына алғанша жалғаса береді. Әрбір оқушы өз жұмысын қолына алған бетте ондағы басқа оқушылар жасаған жазбаларды талдайды: жасаған ескертулер, түзетулер, түсініктемелер, толықтырулар әділ ме әлде жоқ па. Осыларға қатысты қорытындылар жасайды да, жалпысыныптық талқылауда өз пікірін айтады.

Басқа материалдар:

  1. Сабақты қызықты өту үшін арналған әдіс-тәсілдер 
  2. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары

  3. Ағылшын тілінен сабақ жоспары. Theme of the lesson: What’s your name? (5 сынып)

  4. Ағылшын тілінен сабақ жоспары. Theme of the lesson: Good morning! (5 сынып)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ