Абыл Тілеуұлы

0
2261
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Абыл Тілеуұлы 1777 жылы туып, 1864 жылы қайтыс болған Атырау  жайлаған  адай  елі  арсынан  шыққан  белгілі  ақын. Бұрын Абылдың  бірен – сараң  толғауы  ғана  мәлім  болатын.  Қ. Сыздықов  1965  жылдары  оның  өмір  жолын,  тағы  екі – үш  толғауын  Сәттіғұл  ақыннан  жазып  алды.   Абылдың  табылған  жырлары  түгел  дерлік  1967  жылы  «Қазақ  әдебиеті  хрестоматиясында»  және  «Ақберген»  (1973)  жинағында  басылып  шықты.

Абыл Тілеуұлы толғауларының  тілі — өткір,  шешен.  Ол  өмірдің  өкініштілігін  ескертіп,  байсалды  ой  түйді.

Басында  миуа  ағаштың  сайрар  бұлбұл,

Жігіттік  өтер,  кетер  бір  қызыл  гүл.

Қусаңда  қос  ат  алып  бір шалдырмас,

Алтайы  қызыл   түлкі  қашса алдырмас.

 

Азамат  ерге  тән  жақсы  қасиеттерді  термелеп,  жігіттің   үйір  болар  істерін,  адамгершілік  идеяны  жырлап,  тату – тәті  ағйыныншылығы  мол  елді  аңсайды.

Жігіттер,  болсаң  тату,  жақсымен  бол,

Дүниенің  асылындай  баға  жетпес.

Ел  болмас  мақтаса  да  кісі  еліндей,

Жіп  тұсау  жаман  жолдас  кісеніндей.

 

Асылы,  Абыл Тілеуұлы – шешендікте  алдына  кісі  салмаған,  ұстаз  ақын,  тәжірбиесі  мол,  көп  жасап,  сан  салалы  өлең  шығарып  өткен  саңлақтың  бірі.

Жанкісі   18  ғасырдың  соңғы  жартысы  мен  19  ғасырдың  бас  кезінде   өмір  сүген,  есімі  жұршылыққа  кеңінен  танымал  ақпа  ақын.

Абыл Тілеуұлы қазақ  ішінен  шыққан  жалдаптардан  да  елді  жауға  қосыла  тонап  жатқанын   зор  күйінішпен  баяндайды.

Айтайын  десе  ұрады,

Ұрмақ  түгел  қырады.

Қаумалаған  көп  момын,

Қорлаушыдан  құтылар.

Амал – айла  таба  алмай,

Қарайды  да  тұрады.

Алдына  салып  айдайды,

Ашулансаң  байлайды.

Әкімі  жоқ  қазаққа

Теңдік  жоқ  деп  ойлайды..

Ел  ішіне ажарлы

Қыз,  қатыныды  қоймайды,

Жақсылпрды  сөгеді, 

Ат  үстінен  төбеді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ