Қобылан  Бәрібайұлы

0
2382
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Қобылан  Бәрібайұлы  – 1760 жылы дүниеге келген заманына  үн  қосқан,  аты  Арқаға  әйгілі  ақын.  Өзі  сексенге  келіп,  1840  жылдары  дүние  салған.

Қобылан  Бәрібайұлы ақының  әкесі  Бәрібай  Орталық  Қазақстанда  туып  өскен.  1770  жылдары  90  жастан  аса  қайтыс  болған.

Ақын  сөзге  жүйрік,  тілге  шешен.  Ол  өз  бойындағы  өнерді  жоғары  бағалап,  айқын  бейнелейді.

 

Өлеңді  жүйрік  аттай  желіп  айтам,

Еріккті  қызыл  тілге  беріп  айтап,

Қайнаған  тұтас  денем  күй  менен  жыр,

Өнерге  кеуде  толған  сеніп  айтам.

 

Жырау  жастық  пен  кәріліктің  арасындағы  жер  мен  көктей  өзгешілікті  өзінше  мәнерлеген:

Кәрілік  қарсы  келдің  қазған  көрдей,

Жігіттік  желіп  өттің  бәйге  кердей!

 

Жамандық  жайларын  терең  толғаған  ақын,  басқа  ұрып  санағандай   жамандық  біткеннен  сақтандырады.  Еңбексіз,  тіленші  бейшаралық  өмір,  жесірлік,  жоқ – жітік  өмір  өзінің  бар  қырынан  көрсетіледі,  сөйтіп  ақын  жамандық  атаулыға  қарсы,  ел — жұртына  тек  жақсылықты  қана  тілейді.

Тоңқайып  масақ  термесе,

Өз  күнін  өзі  көрмесе,

Тоқсандағы  шал  жаман.

Ұзындығы  бес  қабат,

Көленеңі  төрт  қабат,

Төсенгіштің  жоғы  жаман.

Қайтып  келген  қыз  жаман,

Қайта  шапқан  жау  жаман,

Бәрін  айт  та  бірін  айт.

Бәрінен  жоқ  жаман,

Қазулы  жатқан  көр  жаман.

 

Қобылан  Бәрібайұлы қалдырған  мұралар  осы  келтірілген  жолдалмен  шектелмейді.

Қобылан  Бәрібайұлының бізге  жеткен  қолда  бар  өлеңдерін  біз  толық  қамтып,  олар  туралы  түсініктер  беруге  тырыстық.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ