Шал ақын

0
1699
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Шал  (Тілеуке)  Құлекеұлы —  1748-1819 жылдары өмір сүрген халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы Азат темiр жол станциясының маңында  дүниеге келген.

Шал ақынның әкесi Құлеке батыр Тәңiрбердiұлы қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi.

Шал ақын – негізінен  бұқара  халық  идеясын  жырлап,  өмір  қайшылықтар  көре  білген,  еңбекші  халық  ортасынан  шыққан,  ауыз  әдебиепі  үлгісін  ұстанған  суырып  салма  ақын.

Шал ақының  өзінің  жас  шағын  еске  алған  сөздерінде   кедейлік  көріп  өскенін:

Кедейлік  жабыстың  ғой  бала  жаста,

Мені  ұятты  қылдың  ғой  қарындасқа.

Аш  белімнен  құшақтап  айрылмадың.

Көз  танысың  жоқ  па  еді  менен  басқа ,–

деп  ашық  айтады.

Шал ақынды  білетін  ел  адамдары,  айтыстарға  түсіп  жүрген  сауатты  мәшһүр  адам  дейді.  Бір  деретер  бойынша  Шал   ақын  көрші  аулдың  сауатты  қызымен  хат  арқылы  айтысыпты  деген  де  сөздерде  бар.   Онда  осы  айтыстан  үзінді:

Біз  алыстан  келеміз  тас  артқандай,

Ауыр  тартып  келеміз  бас  артқандай.

Жасым  кіші  болса  да  құлақ  кәрі,

Кәрілікке  дауа  бар  ма   жасарнтқандай –  

деп   Шал  сөз  бастапты.

Шалдың  айтыс  өнеріне  жетік  ақын  екенін,   аталған  қолжазбадағы   ақынның  өз  кемпірімен  қалжыңдасқан  диалог  сөздерінен  де  байқауға  болады.

 

Шал:

Япырай,  дүниенің  жалған – ай,

Шынымен  жалған  дүние  қалғаның  ба – ай!

Жауырыным  қышып  отыр,  қолым  жетпей,

Келіп  қасып  жіберші,  алғаным – ай!

 

Кемпір:

Бұл  дүние  бәрімізден  кетер  өтіп,

Жас  күнімнен  келдім  ғой  қызмет  етіп.

Енді  сенің  пайдаңды  мен  көрмеймін,

Құр  рақаңды  қайтейін  тырылдатып…

 

Шал:  

Шал  ақын  орта  жүздің  мен  емес  пе ем

Он  жаста  ортамызға  кеп  емес  пе  ең

Мен  саған  жиырмамда  болдым  жолдас,

Сонан  бері  мені  құртқан  сен  емес  пе  ең.

 

Шал ақын  жасы  ұлғая  келе  өзінің  дүниеден  көргені  мен  өмірден  ілгеріндін  ойша  қортып,  өзінше  түйіндеп,  кейінгілерге  ақыл — өсиет  қалдырды.  Дүниенің  өткіншілігін  айтып,  оны  бөгер  күштің  жоқ  екенін  ескертеді.

Өттің  бір  дүние,  өттің – ай..,

Теңселе  басып  кеттің – ай…

Мен  бір  жүрген  жорғадай,

Жылжи  да  басып  жеттім – ай…                                                                                              

Қабыршақты  саз  да  өтер,

Қаңқылдаған  қаз  да  өтер…

Үш  ай  тоқсан  жаз  да  өтер…


ПІКІР ҚАЛДЫРУ