Үмбетай Тілеуұлы

0
2064
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Үмбетай  Тілеуұлы – 18 ғасырда  өмір сүрген,  ерлікті  жырлап,  ел  тыныштығын  көксеп  өткен  жалынды  ақын.  Оның  жоңғарларға   қарсы  күресте  көзге  түскен  даңқты  батырлардың  бірі  Бөгенбайды  жоқтап  айтқан  өлеңі  мәлім.  Ақын  Бөгенбайдың  ерлік  істерін  ардақтап,  оның  өлуіне  өкініш  білдіреді.

Үмбетай Тілеуұлы жоқтауды  Абылай  алдына  келіп,  бір  жағы  жоқтау  естірту  ретінде  толғапты.

Үмбетай Тілеуұлының  Бөгенбай  туралы  түсінігі  тарихи  шындыққа  сай.  Оның  өліміне  деген халық  қайғысын  әсерлі  сөздермен  термелейді.

Уай,  Абылай,  Абылай

Абылай  ханым  бұл  қалай

Дұшпаныңды   мұқатқан,

Жауыңа  қарсы  оқ  атқан,

Аруағың  табысқан

Батырдың  өтті  Бөгенбай.

Үмбетай Тілеуұлы жырау  сөздеріне  кейбір  заманымен  бірге  ескірген  түсініктер  де  жоқ  емес.  Сөйтсе  де,  Үмбетайдың  асқақ  ақындық  өабілеті  айқын.   Асылы,  Үмбетей  де  өз  дәуірінің   беделді  шешен  биі,  әйгілі  суырып  салма  ақыны  болған.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ