Төле  би

0
1798
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Төле  би,  ер  Қазыбек,  тілді  Әйтеке

Асқар  тау  Қазығұрттай   білімді  еді.

Бірі – күн,  бірі – туған  айдай  болып 

Заманға  сәйкесімен  келіп  еді

демекші  қазақ  халқының  белгілі  шешенінің  бірі  Төле  би.

Атақты  шешен – ділмардың  өмірбаяндық  деректерін  сөйлер  болсақ.

Төле  Әлібекұлы  (1663 – 1756) қазіргі  Жамбыл  облысы,  Шу  ауданының  Жайсаң  жайлауында  дүниеге келген.

Кеудесі  теңіздей тулаған,  тыңдаушының  жүрегін  баулаған  Төле  би  лебізінде  еркіндік  те,  кеңдік  те,  біліктілік  те,  оралымдық  та,  тақырлық  та,  сыншылық   та,  ұшқырлық  та  бар.

«Қасым   ханның  қасқа  жолы»,  «Есім  ханың  ескі  жолы»  Тәуке  ханның  ұйымдастыруымен  «Жеті  жарғы»   заңына  ұласты.   Қазақ  қоғамының  іргесінің  бекінуіне,  қанатының  қатаюына,  есейіп  нығаюына  ғаламат  әсер  етті.  «Төле  би  тарихы»  дастанында  бұл  былайша  тармақталып  баяндалған:

 

Жер  дауы,  баяндайын,  біріншісі,

Ру,  қоныспенен  меншікті  ісі.

Иеленшен  жеріне  жанжал болса

Біреуге  басымдық  қып  озбыр кісі.

Үй  іші  мен  баланы  тәрбиелеу –

Болған  жосын  заңының  екіншісі.

Ұрлық – қарлық,  барымта – үшінші  заң,

Баян  ерер  бәрін  де  білген  кісі.

Төртінші  боп  саналған мынау  заңы

Бір  халық  пен  басқа  ру  болса  дауы.

Ұлтын  жаудан  қорғамақ – бесінші  бұл 

Алтыншы,  жетінші – құн  дауы,  жесір  дауы.

 

Төле  бидің  тұспалдап,  ишаратап  жеткізген  ойларын  келіні  Данагүл  былайша  дұрыс  шешіпті:

Атам қырық  қарақшының  қолына  тұтқын  болып  түскен  екен.  Қырық  құнан  атан  берсін  дегені .  Жиырма  буыршын  берсін  дегені  жиырма  палуан  берсін  дегені  сегіз  ақсақал  берсін  дегені.   Оң  босағада  алтыны  мен  едім,  сол  босағадағы  күмісі  баласы  еді.   Алтынымды  түгел  берсін  дегні  мені  алып  келсін  дегені.

Қайран,  Төле  би  сөзінің  құдіреті – ай!  Көрген  көшбасшының  арқасында  қырық   жігіт  ес  жиып,  етек  жауып,  басыны  бас,  малына  мал  қосылып  ел  қатарлы  өмір  кешіпті,  мұраттарына  жетіпті.

Ұлттық  сөз  өнері  тарихында  билердің  бірегейі,  ақыл  ойдың  телегейі,  Төле  Әлібекұлының  есімі  алтын  әріппен  жазылған.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ