Әдіс те, тәсіл де көп

1
2908

       Бірнеше тілді меңгерген адам туралы оқысақ, «шіркін-ай!…» десіп, таңырқап қаламыз. Ал ғалымдар өз тілінен өзге бес тілді білетін адамға таңданудың қажеті жоқ деседі. Өйткені, адамның мүмкіншілігі шексіз. Тек мүмкіндікті пайдалана білу керек. Сонымен, тілді қалай тез үйренуге болады?
 Әлемнің ең мықты полиглоттары ұсынған бірнеше ережені өздеріңізге ұсынамыз.

  1. Сөздерді дұрыс оқу
    Шет тілін үйренуді өзіңе жаңа мүмкіндік ашу деп түсіну қажет. «Тіл үйренемін» деп уәде беремізде, орындамаймыз. Есте сақтау қабілетім нашар деп қолды бір сілтейміз. Тіл үйренудің алғашқы сатысында бір ұлттың бүкіл сөзін жаттау міндет емес. Мысалы, ағылшын тілінде жазылған мәтінді алайық. Жиі кездесетін 300-ге жуық сөзді жаттап алуға болады. Бұл әдіс арқылы бір емес, бірнеше тілді меңгеруге болады.  Ұялы телефонның жадында тіл үйрететін бағдарламалар көп. Соның ішінде Anki-ді пайдалауға болады. Бағдарлама сұрақ — жауап арқылы жұмыс істейді.

    2. Түбірі бір тілдерді білу
    Үйренгіміз келетін тілде аздап сөйлей аламыз. Түбірі бір тілдерді туыстас тілдер дейміз. Мысалы, роман тілдеріне француз, испан, португал, итальян және ағылшын тілдері кіреді. Ағылшын тілінде «tion» жалғауы жалғанатын  action, nation, solution және тағы басқа сөздер француз тілінде де бар. Түбі бір сөздерді түсіне білсек, бірнеше тілді қатар үйренуімізге мүмкіндігіміз бар. 
    3. Саяхатқа шығу міндет емес
    Кейбір адамдар сол тілді үйрену үшін сол елде тұру қажет деп ойлайды.Ол да дұрыс шығар. Бірақ, шет елге тіл үйренемін деп барып, бос қайтатын адамдар да бар. Интернет болған жағдайда,  Tunein.com сайтынан әлемнің барлық жаңалықтарын оқуға болады.Ұялы телефонға  iOS Android бағдарламасын жүктеп, өзіміз үйреніп жүрген тілде радио тыңдауымызға болады.
    4. Skype арқылы сөйлесу
    Қолымызда шет тілінде кітап бар. Бірнеше сөзді білеміз, сөйлем де құрай аламыз. Енді ағылшын тілінде сөйлесетін адам керек. Достасып, сөйлесу арқылы білімімізді толықтыра аламыз.  Italki.com сайты арқылы білікті оқытушылармен сөйлесуге болады.
    5. Екі сөздік арнап қой
    Ойыңды жеткізе біл. Қысылып, қорқудың қажеті жоқ. Шет тілінде кино көрудің пайдасы көп. Сюжет арқылы кейбір сөздердің  мағынасын, дыбысталуын үйренміз. Сонымен  қатар, күніне 1 сағат кітап оқыған жөн. Екі сөздіктің бірі — үй тапсырамасын жазуға, екіншісі — күнделікті қалтамызда жүретін болсын. Музыка     да — тілді үйренудің оңай жолдарының бірі.
    Тіл маманы Евгений Чернаявский 38 тілде еркін сөйлейді.
    «Шет тілін қалай үйренуге болады?» деген сауалға былай деп жауап беріпті. «Тілді не үшін үйренесің? Алдымен мақсатың айқын болсын. Тіл жүрекке жетуі керек. Сонда ғана биік шыңды бағындырасың».
    Құрметті оқырман, сізде осы әдіс — тәсілдер арқылы шет тілін толық меңгеріп,  жетістікке жетеріңіз анық. 

1 ПІКІР

  1. менин ойымша мына Сымбат Айдархан айтканда да дурыскушти асерлер алдым.Тагыда баска балдар осындайды билсе екен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ