Ағылшын тілі: Жіктеу есімдіктері/ Personal Pronouns: субъективті және объективті.

0
16008
ҰБТ – ЕНТ 2017

Жіктеу есімдіктері/ Personal Pronouns: субъективті және объективті.

Есімдіктердің бірнеше түрлері бар, олардың ішінде жіктеу есімдігі сөйлемде бастауыш, баяндауыш, тура және жанама толықтауыштың қызметін атқарады. Жіктеу есімдігі ылғи есімдік — зат есім болады. Оның екі формасы бар.
Субьектілі және обьектілі.

Субьектілі есімдіктер Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: He works in my school.
Обьектілі есімдіктер Кімді? Нені? Кімге? Неге? деген сұрауларға жауап береді. Мысалы: I know her well.
The Nominative case

The Objective case

I
мен
Me
мені, маған
You
сен, сіз
You
сені, саған
He
ол (ұл)
Him
оны, оған
She
ол (қыз)
Her
оны, оған
It
ол
It
оған
We
біз
Us
бізді, бізге
They
олар
Them
оларды, оларға

Жіктеу есімдігіндегі I- есімдігі ағылшын тілінде әрқашан үлкен әріппен жазылады.
Сонымен қатар It- есімдігі адамнан басқа, жансыз заттарға, жануарларға және дүниеге жаңа келген кішкентай балаға қатысты қолданылады. Мысалы: I see a cat, It is under the table.
My gun is old, but it is very good.
It is I- It is me (ауызекі тілде) Бұл мен.
“ It is I – It is me” eкеуінің мағыналары бір, бірақ екеуі екі түрлі жазылады.

Him , her, he, she жіктеу есімдіктері тек адамдарға қатысты айтылады, ал they, them жіктеу есімдіктері адамдарға және жансыз заттарға, жануарларға да қатысты айтылады.
Мысалы: This is Tom and Ann. They are good children.
Бұл сөйлемде адамдарға қатысты айтылып тұр.
“ Where are my books?”

Мына сөйлемде затқа қатысты айтылып тұр.
Сan the animals speak?
No, they can’t.

Бұл сөйлемде жануарларға қатысты айтылып тұр.
Ағылшын тілінде You жіктеу есімдігі атау септігінде және тәуелдік септікте, жекеше және көпше түрде де бірдей жазылып, бірдей айтылады.

ҰБТ — Кешенді тестте кездесетін конспектегі сұрақтар.

Жіктеу есімдігі дұрыс қолданылған сөйлемді тап.
Жіктеу есімдігін дұрыс қой. … do not speak English.
Жіктеу есімдігін тап.
Сөйлемге жіктеу есімдігін дұрыс қой. … is your favourite pet.
Сөйлемді дұрыс аудар. Біз Қазақстаннанбыз.
Сөйлемді жіктеу есімдігімен толықтыр. … has five lessons every day.
Сөйлемді жіктеу есімдігімен толықтыр. … is going to finish school.
Сөйлемді жіктеу есімдігімен толықтыр. Did you see Nick? Yes, I saw … a few minutes ago.
Сөйлемді жіктеу есімдігімен толықтыр. Don’t you think … looks like me? ( baby )
Сөйлемді жіктеу есімдігімен толықтыр. Where is Nina? I can’t find …
Сөйлемді жіктеу есімдігінде дұрыс аудар. He saw me at the station.
Сөйлемде жіктеу есімдігі қай сөз табында тұрғанын табыңыз. I met them at the theatre.
Сөйлемдегі жіктеу есімдігін тап. The shop is here. It is open.
Қай сөз жіктеу есімдігіне жататынын көрсетіңіз.
Қай сөз жіктеу есімдігіне жатпайтынын белгілеңіз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ