Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиадасы өтеді

0
3605
Ахмет Байтұрсынұлы олимпиадасы
«SKILLS ACADEMY» мекемесі Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиадасын жариялайды. Олимпиада Qaztest.kz сайтында онлайн өтеді.

Олимпиаданың мақсаты: қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығын оқушы жастарға насихаттау және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен білімін тереңдету.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.  Сайт №17359-СИ тіркеу куәлігімен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркелген.

Сайт олимпиадалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы №226 бұйрығының конкурстар тізбесіне 257 жолға енгізілген.

Өткізілу уақыты: 10 сәуір мен 30 сәуір аралығы. Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Олимпиадаға Республикалық балалар басылымы «Ақжелкен» журналы мен «Ұлан» газеті ақпараттық қолдау көрсетеді.  Олимпиада жеңімпаздарына  «Қазақстан үміті» төсбелгісі және «Ұлан», «Ақжелкен» республикалық балалар басылымының 6 айлық жазылым түбіртегі сыйға беріледі.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  • Осы ереже Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды; 
  • Олимпиадаға қатыстыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді;
  • Оқушылар ата-анасының келісімі негізінде олимпиадаға қатысады;
  • Олимпиадаға 5 – 11-сынып оқушылары қатыса алады;
  • Олимпиада сұрақтары жалпы білім беретін мектептерге арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен және А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан беріледі.
  • Олимпиада 10 сәуір мен 30 сәуір аралығында  www.qaztest.kz сайтында ұйымдастырылады;

Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

  • Мектеп оқушыларының ана тілімізге деген құрметін арттыру;
  • Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін оқушылар арасында насихаттау;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен теориялық алған білімдерін нығайту.
Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:
  • Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.
  • Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
  • Бір адам бірнеше рет тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
  • Тестілеуден өту үшін қатысушыға 45 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.
  • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
  • Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;
  • Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Менің сертификаттарым» бөлімінде сақталады.

Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
  • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
  • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
  • Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
  • Тестілеу қатысушының іс-әрекетінен кейін аяқталып қалғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді;
  • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;
  • Олимпиадаға байланысты сұрақтар kz@mail.ru почтасына қабылданады.
ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадағa қатысу бағасы: бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге, үш реттік мүмкіндік –1300 теңге, төрт реттік мүмкіндік – 1600 теңге. 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта және ақпарат ретінде «Ұлан», «Ақжелкен» балалар басылымдарында жарияланады. 17 баллдан жоғары балл алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:
І орын – 25-23 ұпай
ІІ орын – 22-20 ұпай
ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен 50 оқушыға «Қазақстан үміті» төсбелгісі, 100 оқушыға «Ұлан», «Ақжелкен» республикалық балалар басылымының 6 айға жазылым түбіртегі сыйға беріледі (ұпайлары жоғары болған жағдайда бір мектептен 3 оқушы сыйақыға ілінеді). Қорытынды нәтиже, яғни сыйлық иегерлері сайтта 3 мамыр күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады.

Бір мектептен 50 оқушы қатысып, 25 жүлделі орын шықса ұжымға  «Ең үздік ұжым» дипломы беріледі. Сонымен қатар,  20 оқушысы жүлделі орынға иеленген пән мұғаліміне «Үздік тіл маманы» дипломымен марапатталады. «Үздік ұжым» және «Үздік тіл маманы» номинацияларына үміткерлер қатысушылардың сайтқа тіркелген почтасы мен орын алған оқушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

«ҮЗДІК ҰЖЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ
Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)
1.

 

«ҮЗДІК ТАРИХШЫ ҰСТАЗ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Ұстаздың толық аты-жөні
Реті Оқушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)
1.


Ескерту!
 «Үздік ұжым» дипломы мен «Үздік тіл маманы» номинациясына өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Төлемдер QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ КӨП БОЛСА, ОСЫ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТҮРІН ТАҢДАҢЫЗ! Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, біздің реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше адам қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Олимпиада жарнасының белгілі бір пайызы «Добровольное общество милосердие» қайырымдылық қорына (http://detdom.kz) аударылады. Аударымдардың нақты мақсатқа жұмсалғандығы туралы есеп сайтқа жарияланады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;
БИК: KSNVKZKA
Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС
БИН/ИИН: 161240000269
KZ55551A127001275KZT
Кбе 17
Код 19
КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.
Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Қосымша реквизит:

Каспий голд:  5169 4931 3102 2470; ЖСН (ИИН): 870327401578  Сабирова Акгуль

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ
Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22


ПІКІР ҚАЛДЫРУ