Ай — ғарыш кеңістігінде біздің ең жақын көршіміз. Ол Жерді айнала қозғалатындықтан, оны Жердің серігі деп атайды. Ай — біздің планетаның жалғыз серігі. Айдың жасы нешеде? Айдың жасы Жерден сәл кішірек, шамамен 4,5 миллиард жаста. Айды бағындыру Ерте кезден-ақ адамдар аспан әлемін зерттеуге құмар болды. Тек ХХ ғасырда ғана ғылым мен техниканың дамуына байланысты ғарыш кеңістігіне шығуға мүмкіндік туды. Осы ғасырдың 5о-жылдарында КСРО мен АҚШ ғалымдары ғарышқа ұшатын зымырандар құрастыруда қызу жұмыс істеді. Бұл мемлекеттер ғарышты зерттеу саласындағы басты бақталастар болды. Тұңғыш ғарышкер Тұңғыш ғарышкер орыс азаматы Ю. А. Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан ғарышқа ұшты. Ол Жерді толық айналып шығып, аман-есен Жерге қонды. Бір айдан кейін ғарышқа американдық ғарышкер Алан Шепард ұшты. Қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері. Ол 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Екінші қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышта 1994, 1998, 2оо1 жылдары болып қайтты.
Деректер «Энциклопедиядан» келтірілді