«Аяулы анашым» атты ертеңгілік

0
5228

 

Жүргізуші: Армысыздар   құрметті  аналар, әжелер, қонақтар! Бүгін көктемнің  алғашқы  мерекесі  8 науыз мейрамымен  құттықтаймыз!

 Тәрбиеші: Теңейміз аналарды аппақ таңға,

Теңейміз аруларды шапағатқа,

Ана деп ән саламыз, би билейміз

Бас иіп «Ана» деген асыл затқа-деп, ортаға «Қайсар» тобының     бүлдіршіндерін шақырамыз.

8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Балалардың орындауында «Көктем келді» әнін қабыл алыңыздар.

  Балалардың тақпақтары

   1. Біз доспыз гүлдермен

Текке  оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға  сыйлаймыз.

 

2. Алақаның  ақсамал

Мәпелеген  жан ана

Көкте күнім батсада

Өзің күнсің балаңа.

 

3. Сегізінші наурыз  күн,

Мейрамдайды аналар.

Аналарды  шаттығын,

Құттықтайды  аналар.

 

4. Менің әжем бұл әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем,

Аман болса көреді.

Қызығымды әлі әжем.

 

5. Үн қатасың  бал тілмен,

Еркелеймін  әр күн мен.

Құттықтаймын  анашым,

Сегізінші   наурызбен.

Жүргізуші: Балалар музыка әуенімен дыбыстар естіледі?

Балалар ненің дауысы тыңдайықшы.

Балалар: Құстардың дауысы.

Жүргізуші: Өте жақсы олай болса бізге көктем келе жатыр қарсы алайық.

 

Көктем: Мен Көктеммін, Көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін

Жайнататын бар гүлді

 

Сайрататын бұлбұлды

Ән арнайды ел маған,

Көктем әні мен болам!

 

Жүргізуші: Қош келдің,Көктем!

Жүргізуші: Ал қыздарым, қалықта,

Қалықтаудан жалықпа.

Саусақтары майысып,

Би биле мына халыққа – деп қыздардың орындалуында «Қуыршақтар» биін тамашалаңыздар.

Көктеммен ойын: Ортаға 4 – баланы шақырамыз, бір баланың анасының көзін байлап өз баласын табу керек.

  Тақпақтар:

6. Менің әжем ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем.

 

7. Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

 

8. Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын  ақ анам,

Менің анам сүйкімді.

Бәріненде  жақсы адам.

9. Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

 

10. Анашым анам,

Ризамын саған.

Тіліңді алам,

Ақылды болам.

 

Жүргізуші: Тобымыздың ер балаларының орындауында  «Джентльмен» биін тамашалаңыздар.   Ерзат, Ясин, Ерболат, Рамазан, Бекдәулет, Димош,Асылжан,Ринат.

Жүргізуші: Кезекті  тағыда тақпақтарға береміз.

11. Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Ауырмасын  ешқашан,

Анамыздың жүрегі.

 

12. Бәрі  жақсы ананың,

Бәрі де оның керек-ау

Бірақ әрбір баланың

Өз анасы бөлек-ау.

 

13. Айналайын анашым

Аялайсың, бағасың.

Мен үшін не керек,

Бәрін  іздеп табасың.

 

  1.           Бәріңізде анасың

Біз үшін күн боп жанасың,

Құтты болсын  мейрамың

Құттықтаймын  анашым.

 

15. Мейірімді, сымбатты

Қадірменді, қымбатты,

Ең жақын жан адамға

Кім десеңдер ол-ана.

 

Жүргізуші: Гүл ұсыну.Ортаға екі қыз, екі ұл бала жұбымен билейді. Музка тоқтаған кезде бір бала  тездетіп гүлді алып қызға ұсынады.

Жүргізуші: Бүлдіршіндердің орындауында «Апам  үшін  күнде де » әнін қабыл алыңыздар.

16.  Ана- өмір шырағы,

ана- өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде  тұрады.

 

  1.              Ең қымбатты өмірде

Ана екенін біліңіз.

Ана жанын түсініп,

Ойнаңыз да күліңіз.

 

  1.               Теңдесі жоқ данасың,

Арқа сүйер панасың.

Еңбегіңді  ақтаймын,

Аман болшы анашым.

 

  1.               Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті   аналар.

 

  1.               Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен  бас иеміз.

 

  1.              Ақыл құйған санама

Күннен артық  расында,

Күн алыста ал анам

Ылғи менің қасымда.

 

Жүргізуші: Ата – аналармен ойын.Сәнқой ана!

Балалардың орындауында: «Көктем вальсі!

Жүргізуші: Балалардың орындауында  «Айналайын мама» әні хормен.

 

Жүргізуші: Ана десем сезім билер тым  ыстық,

Жарасады, адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Құрметті ата – аналар, барша қонақтар бүгінгі 8 – наурыз ертеңгілігіміз аяқталды. Бастарың аман, дендерің сау болсын. Сау болыңыздар!

 

Дайындаған: Тулекбаева А.

МҚКҚ «Айналайын» балабақшасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ