Әйгілі миллиардер өмірінен 10 дерек

0
2599

Адамзат тарихындағы ең табысты адамдардың бірі, әйгілі Apple өнімін шығарушы Стив Джобстың өмірі жастар үшін өте қызықты. Джобс — өте мінезді адам болған. Оның табандылығы осы жетістікке жеткізді. Қазіргі таңда оның есімі мотивация сөзімен қатар аталады. Әйгілі миллиардер жайлы кинолар мен кітаптар көптеп жазылды. Әлі де талай туындылар өмірге келетіні анық. «Империя соблазна» фильмі оның өмірін жақсы суреттейді. Оқырман назарына Стив Джобс туралы 10 дерек ұсынамыз.

1) Туған әкесі – сириялық, туған шешесі – неміс, асырап алған әкесі – американдық, асырап алған шешесі – армян.

2) Туған әкесі Абдулфатта Джандали мейрамхана бизнесімен айналысады. Екеуі кездесіп, қол алысқан, бірақ әкелі-балалы екендерін білмеген. Бірнеше жыл өткен соң бір-бірі туралы білгенде естеріне түсірген, бірақ одан кейін кездеспеген, өйткені Стив бас тартқан.

3) Стив тағы бір Стивпен (Уозняк) бірігіп «Apple» компаниясын ашқан, бірақ кейін өзін сол компаниядан шығарып жіберген.

4) «Apple» компаниясынан кеткеннен кейін Стив «Next», «Pixar» деген компанияларды ашқан. Алғашында Стивтің жеке қолдауымен, кейін «Pixar» мен «Disney» бірлесіп түсірген «Ойыншық хикаясы» («Toy Story») мульфильмі «Оскар» жүлдесін алған.

5) «Pixar» түсірген тағы бір мультфильмге Том Хенкстың дауысы керек болғанда Стив сол кездегі президент Билл Клинтонға Том Хенксты көндіріп бер деп өтініш жасаған.

6) Стив жапонның бір дизайнеріне жүз шақты водолазка тікітіріп алған. Өмірімнің соңына дейін жетеді дейді екен өзі. Көп суреттерінде сондай водалазкамен, көк джинсимен тұратыны сондықтан.

7) Кейде қызметкерлері идея ұсынғанда Стив сол арада оны жоққа шығарып, бірнеше күн өткеннен кейін өз идеясындай қылып қайта айтатын болған.

8) Стивті шығарып жібергеннен кейін он бес жылдай уақыт өткенде «Apple» тығырыққа тіреледі. Сол кезде Стив өзінің «Next» компаниясымен көмекке келіп, артынша уақытша бас директор, кейін бас директор болып, «Apple»-ді құлап бара жатқан жерінен қайта көтереді.

9) Сүйікті әншісі Боб Дилан жұлдыз болып тұрған шағында Стивті ешкім танымайтын еді, ал Стив әлемге танымал адамға айналғанда Боб Диланды адамдар ұмыта бастаған болатын. Стив қызметкерлерінің қарсылығына қарамастан әйгілі «iPod» жарнамасына сол Диланды алған.

10) Стив соңғы презентациясын жасағанда жиырма келі арықтап кеткен еді. Өйткені жеті жылдан бері емделмей келе жатқан қатерлі ісік меңдей бастаған болатын.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ