Қайсысы артық? логикалық тапсырмалар

0
2664
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Логика
Тақырыбы: Қайсысы артық?

Мақсаты: Берілген тапсырмалардан қай зат артық екенін табуға дағдыландыру . Зейінін, ақыл-ойын дамыту .

Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

Көрнекіліктер: әліппе-дәптер, суреттер.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, салыстыру

Іс-әрекет бөліктері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалар іс-әрекеті
1 2 3
1 кезең;

Мотивациялық қозғаушылық:

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып,

 

Сенім

Ә.Табылдиев

Еңбек етсем, ертеңгі

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін!

Достық іспен қасты да

Жеңеріме сенемін!

Ақыл сана білім мен

Өнеріме сенемін!

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет

Адамдыққа сенемін!

Шеңбер бойымен тұрып , тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап , қимылмен көрсетеді.
2 кезең;

Ұйымдастырушылық -ізденістік

— Балалар, суреттегі аквариум неге ұқсайды ?

-Өте дұрыс айтасыңдар бұл аквариумды не үшін қолданамыз ?

-Ал балықтар өмір сүру үшін тағы да аквариумда не болады ?

Дұрыс айтасыңдар . Мына жұмбақты шешіп көріңдерші .

1. Гүл жайнаған бөктерді ,

Құрғатпаймын шөптерді .

Шыдамаймын көргенде ,

Айғыз –айғыз беттерді .

2. Кескен болам кесілмейді

Кесілсе де бөлінбейді .

-Жарайсыңдар ! Су -өмір нәрі . Су -өзен , көл тағы басқа түзетін мөлдір сұйық зат . Жер астында да , адам , жануарлар денесінде де су болады . Сусыз тамақ та піспейді , тазалық та болмайды . Су жолымен адамдар қатынайды , қайық кеме жүзеді жүк тасиды , ағаш ағызады . Су арқылы үйді жылытады . Сусыз бүкіл табиғат тіршілік ете алмайды екен . Суды тағы да қайда қолданамыз кәнеки , кім айтады ?

Ал , балалар су туралы қысқаша білдік енді тағы да шаршыға не ұқсайды екен , Осы сыныптың ішінде тағы да қандай заттар шаршыға ұқсайды ?

Ал дөңгелекке не ұқсайды екен ?

Дөп –дөңгелек ала доп ,

Қызыл , жасыл , және көк .

Ала шықтым аулаға

Ойнайтұғын бала көп .

-Шаршыға

Балалардың жауаптары

-Аквариумда балықтар болады .

-Cу болады .

-Су .

-Су .

Балалардың жауаптары.

Балалардың жауаптары.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ .

Сергіту сәтінің сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды

3 кезең;

Рефлексиялық түзетушілік:

-Жұмбақтың шешуі қиын ба екен ?

— Аквариум неге ұқсайды екен ?

-Шаршыға ұқсас заттарды таба алдың ба?

Дөңгелекке ұқсас заттарды ше ?

-Жарайсыңдар ! Мадақтау.

Балалардың жауаптары.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ