Ақпараттық технология түсінігінің оқу үрдісіндегі мәні

0
3549
internet browser

Біздің  елімізде  оқу  барысы  ақпараттық-коммуникациялық  технологиямен  қамту  бұл  күнде білім  жүйесіндегі  кәдуілгі  жұмыстардың  біріне  айналды. Компьютерлер,  интернет,  электрондық  оқулықтар  оқуды  мейлінше  қызықты  ете  түседі. Көрнекілік-  оқу нәтижесінің  сапасына  оң  әсер  етері  сөзсіз.

Интернетке  қосылған  мектептердің  саны  жыл  сайын  артып  келеді.  Бүгінгі  таңда  еліміздің   барлық  мектептерінің ғаламторға  қосылып, осы  арқылы  өмірдің  кез  келген  саласынан  көптеген  ақпараттар  жиналған  мүмкіндік  жасалған. Ал  қашықтықтан  оқытуды  өндіріске  енгізуге  байланысты, оқыту теледидарын  пайдалануға  орай және  оқытушылар  мен оқушылардың  білім  порталы  қорына  ену  мүмкіндігі  жақсаруы  үшін республика  мектептерінде  интернеттің  кең  ауқымды, шапшаң  түрін  пайдалануға  көшіп  жатырмыз.  Тек  соңғы  айда  ғана  10 мың  мектепте  интерактивті  оқыту  жүйесін  енгізуге  орай  техникалық  мүмкіндігі  бар  мектептерде  интернеттің  кең  ауқымды  шапшаң  жүйесі  пайдалануға  берілді.  Қазақстанда  тұңғыш  рет  мемлекет  басшысының  қатысуымен  жалпы  білім  беретін  мектептер  үшін  онлайн  тәртібіндегі  интерактивті  сабақ  өтетін  болды. Мұндай  сабақты  ұйымдастыру,  сөз  жоқ, тәрбие  жұмысына  зор  ықпал  етпек.  Отанға  деген  сүйіспеншілік, өз  елің  үшін  мақтану,  оқушы  санасында  азаматтық  ұстаным  қалыптастыру  секілді  сезімдерге  түрткі  болатын  осынау  сабақтан  біздің  күтетініміз  мол.

Ақпарат  ертеректе  шешім  қабылдау  үшін  бюрократтық  жұмыстың  шектеулі   құралы  ретінде  саналды. Ал  бүгін  ақпаратты  қоғамның  дамуының  негізгі  ресурстарының  бірі  ретінде, ал  ақпаратты  жүйелер (АЖ)  мен  ақпараттық  технологиялар (АТ)  адамдардың  жұмысының  өнімділігін  және  тиімділігін  арттыратын  құрал  есебінде  қарастырылады.

АТ  және  АЖ-лар – өндіріс,  басқару  және  экономика  салаларында  кең  түрде  қолданыс  тапты.  Оларды  басқа  салаларға да енгізіп  және  белсенді  түрде  қолдану  қажеттілігі  туындады.  Бұл  оларды  негізінен  қай  салада  пайдалануымыз  туралы  көзқарасымызды  анықтап  берді. АЖ   мен  АТ-ларды  қолдануда,  ең  бастысы  оларды  кез  келген  салада  өнімділікті  аттырып  және  шешім  қабылдауға  қолқабыс  құралы  ретінде  қарастырылуына  көңіл  аударылады.

Бүгінде,  Қазақстан  білімді модернизациялаумен  сипатталатын  өзінің  дамуындағы  маңызды   кезеңді   бастан  өткеруде  және  мемлекетіміздің  әлемнің  білім  кеңістігіне  кіру  жолдарын  іздеу  үстінде.  Ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялар  қоғамының,  экономика  мен  әлеуметтік  салалардығ  барлығында  терең  орын  алуда.  Сол  себепті,  Президентіміздің 2004 жылы 19 наурызындағы « Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін, бәсекеге  қабілетті  экономика  үшін, бәсекеге  қабілетті  халық  үшін» атты Қазақстан  халқына  Жолдауы    [1]  негізінде  2004жылдың 11  қазанында  бекітілген « Қазақстан  Республикасында  білім  берудің 2005 -2010  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасы»  келіп  туды[2].  Бұл  бағдарлама  Қазақстан  Республикасының  2010 жылға  дейінгі  Стратегиялық даму  жоспарына  сәйкес  әзірленді.

Қазіргі  кезеңдегі  білім  беру  саласында  ғылыми  негізделген  жаңа  технологияларды  қолдану АӘД оқытушы-ұйымдастырушысын даярлауға үлкен талаптар қояды.Г.А.Бордовский айтқандай,»….қазіргі кезде білім саласындағы маманға үздіксіз педагогикалық жүйесін жүзеге асыру үшін құрылымдық,мазмұны мен ұйымдастыру сапалары түбегейлі өзгертілген жаңа талаптар қойылады» (4,3-Б.).

Білім проблемаларына назарды күшейту,оны жаңа биік деңгейлерге көтеру қажеттілігі бірқатар мемлекеттік құжаттарда атап көрсетіледі.Солардың бірі «Ақпараттындыру жайлы» ҚР-ның 2003 жылғы заңы (3)ҚР-ның 2002-2004 жылдарға білім жүйесін ақпараттындыру концепциясы және т.б.

Концепцияда дәстүрлі және жаңа технологияларды ұштастыра отырып,қазіргі заман талаптарына сай оқытудың ақпараттық ортасын қалыптастыру көзделген.

Президентіміз бекіткен 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей,«Нарықтық заманда жан-жақты білімді,өмір танымы кең,таңдалған салада жұмыс істеуге дағдыланған кәсіби даярланған педагогтар қажет.Ол технологиялардың жан дүниесін жақсы тани білуге,көп тілді және алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды жете меңгерген болуы тиіс (2).Ақпараттық және коммуникативтік технологиялар(АКТ)негізінде білім саласын жүйелі дамыту –ұлтымыздың ең басты тапсырмасы.АКТ-ларды қолдану әлемдік білім беру кеңістігіне кіру жолында,бәсекеге ұлттық жүйені  қалыптастыруда шешуші маңызды орын алады. Дегенмен, АКТ-ларын білім беру  жүйесіне енгізу  барынша  тиімді  болды деп айтуға  негіз  аз, себебі жаңа ақпараттық технологиялардың  (ЖАТ) бар  мүмкіншіліктерін іс жүзінде толық   пайдалана   алмай  отырмыз. Компьютерлік  технологиялар білім беру мекемелерінде   оқу   үрдісінде   емес, негізінен  есептік  құжаттарды дайындауға  ғана  қолданылып   жүр.Өйткені, біздіңше  білім  беру   мекемелерінің   материалдық-техникалық  базасын  нашар қамтылғандығында емес, оқытушылардың қазіргі ақпараттық технологияларды (ҚАТ) қолдануға жеткіліксіз даярлығында.

Қоғамымызда, компьютер пәндік сабақтарды өту барысында  оқитындарды   дараландыру  және  жалпылық  оқытуда   оқушының  кейбір   функцияларын   орындайтын  дидактикалық   құрал   ретінде   қарастырылады. Бұлай  шектеулі  және  толыққандылықсыз  қабылдау қате. Отандық жәнешетел ғалымдарының зерттеулерінің нәтижелері  анықтағандай,компьютерлік  технологиялар   білім  беру  саласында  оқытудың  нысанын,мәні  мен  қалпын өзгерткен  жағдайда  ғана  тиімді  екен. Бұл  ретте  компьютер  тек  оқыту  құралы  емес,оқыту  үрдісінің  барлық  субьектілерінің  өзара  әрекеттесуін  ұйымдастыру  құралы  ретінде, оқытуда    даралық-бағыттылықты  жүзеге   асыру  үшін  қолданылуы  тиіс.

Қазіргі  уақытта  білім   беруде  комьпютерді қолдану үшін  көрсетілген  ғылыми  көзқарас  оқытушылардың дайындығына аса көңіл  бөлу қажеттілігін айқындайды. Олар тек жаңа педагогикалық талаптарға ғана сай болып қоймай,сонымен  бірге оқитындардың  даралығын  дамытып,оның  творчестволық   қабілеттілігін   шыңдайтын   ақпарыттық  технологияларды  да   меңгеруі   қажет.Қазіргі  кезеңде  бұның  бәріне  ақпараттық  ресурстар  жайлы   білімінсіз,олармен  жұмыс  істеу  біліктілігінсіз  қол  жеткізу  мүмкін  емес.Аталған  мәселені   қарастырардан  бұрын  “ақпараттық  технологиялар”түсінігінің  оқу  үрдісіндегі  мәнін   анықтап  алған  дұрыс.[5]

Ғылыми  тұрғыдан  алып  қарағанда  “ ақпараттық  технолгиялар”түсінігіне  түрлі  көзқарас  бар.В.Ф.Шолховтың    анықтамасында  ақпараттық  технологиялар-адамдардың  білімін   кеңейтіп  және  олардың  техникалық  және  әлеуметтік  үрдістерді  басқару   мүмкіншілігі дамытатын  ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау,өңдеу,ұсыну  әдістері  мен техникалық  құралдардың   жиынтығы[ 6,364].

Н.В.Макарова  жаңа   ақпараттық   технологияларға “қолданушының жұмыс орнындағы дербес компьютерлер,компьютерлік желілер және байланыс  құралдар базасына сай  ақпараттық техникаларды”жатқызады[7].

И.В.Роберт жаңа ақпараттық  технологшиялар деп  микропроцессорлық,  есептегіш  техникалар  базасында жұмыс  істейтін   бағдарламалық —  аппараттық   құралдар   мен   құрылымдарды, сонымен  бірге қазіргі  уақыттағы  ақпарат  жинау,ауысу, қамтамасыз  ету , жинақтау , сақтау,өңдеу, ұсыну жүйелерін  сынайды  [8].

“Ақпараттық технологиялар” жайлы  әртүрі түсініктерді  талдай отырып, В.Ф.Шолоховтың анықтамасының біздің зерттеумізге жақындығын  айқындадық.Ілгеріде біз педагогикалық  ақпараттық технологиялар  ретінде комплекттік оқыту  үрдісінде  ұштастырылып     қолданылған  компьютерлік  және  ақпараттық техникаларды  түсінеміз. Педагогикалық білім берудің   ақпараттық  технологиялар  құралдарына  кең  түрде  таралған  және  жиі қолданылатын: дара компьютерлерді ; аудио- бейне, кино- және  мультимедиа  жүйелерін;электрондық  оқулықтарды;элоктрондық кітапхана каталогтарын;деректер  қорымен  базаларын;электрондық  пошта  және т.б.  жатқызады.

Беріллген  тақырып  жайлы  ғылыми –педагогикалық әдебиеттермен  танысу,ақпараттық технологияларды  қолданып  келешек  педагогты  даярлау  үрдісінде  біз  үшін  басты үш бағытты  анықтап  береді :интеллектуалды  оқыту  жүйелерін  ,жасанды   интеллект жүйелерін   қолдану  ;гипермедия жүйелерін,электрондық  кітаптарды ,оқулыққа     арналған  бағдарламалыққұралдарды  жетілдіру,автоматтандырылған оқыту жүйелерін   қолдануды;телекоммунациялыққұралдарды  қолданушы мен деректер  базасы   арасында ақпараттармен  ауысып  отыру  үшін(компьютерлік,телефондық,телевизиялық  және  спутниктік  байланыс)пайдалану[6].

Қазіргі  уақыттағы  ақпараттық  технологиялардың  жоғарыда  көрсетілген артықшылықтарыбізге әлемдік  тәржірибені  және  білім  берудің  әлемдік  даму  деңгейін  ескере  отырып ,мамандар дайындау  үрдісінде  жаңа танымдық  құралдарын  кеңінен  қолдануға мүмкіншілік береді . Ал,педагоготардың күнделікті кезіктіретін  жжеткіліксіздіктер мен  қиыншылықтарды  атап  өтсек ,ол:

-оқу  үрдісінде  қолдануға  болатын  ,күрделі сараптаудан  өткен және  рұқсат  етілген  бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  жоқтығы  (электрондық  оқулықтар,автоматтандырылған     оқыту  бағдарламалары  және т.б.);

-соның  салдарынан  -бағдарламалау біліктілігін  қажеттідеңгейде  меңгермеген  пелагогтар   құрастырған,нашар  орындалған   элекктрондық  басылымдар  мен  авторлық  бағдарламалар;

-бағдарламау  саласындағы   мамандар  бағдарламалық  қамтамасыздандыру  базаларын  құрастырғанда , әдетте  пән  оқытушылары  қатыстырылмайды, сол  себепті олардың     іс- жүзіндегі  қажеттіліктерікеректі  деңгейде  есепке  алынбайды;

-ЖАТ-ларды құрастырып    және  оларды  оқу  үрдісіне  қолдану  мәселелеріжайлы  оқулықтардың  жоқтығы,т.т.

Бұл  мәселерінің  шешімі  бағдарламалау  ,педагогика және жаттану саласындағы   мамандардың бірігіп ,бағдарламалық  қамтамасыз  ету  базаларын  құрастыруда  жұмыла  еңбектенулерінен  көріп  отырмыз .Қазіргі  ақпараттық   технологияларды оқыту  үрдісінде   қолдану  өзектілігі   әлеуметтік -экономикалық,философиялық,ғылыми-педагогикалық  мәселерін  шешу  қажеттілігінен  туындап  отыр. Осыған  байланысты  педагогтың  ақпараттық  сауаттылығын   және  ақпараттық  мәдениеттілігін   қалыптастыру  қажет.

Ақпараттық       мәдиниеттілік   адамның  әлеуметтік    табиғатымен  тығыз   байланысты.Ол адамның  әр  түрлі  шығармашылық  қабілеттілігінің  жемісі  болып.Кез  келген   саладағы  маманның  ақпараттық мәдениеттілік   деңгейін  көтеру  жоғары  оқу  орындарында  (ЖОО)тек  бір  ғана  пән  аясының  мақсаты етіп  қана қоймай  ,арнайы  мамандырылған  әртүрлі  салалары  жаппай  дерлік  қамтылуы  тиіс.

Психологиялық-педогогикалық  цикліндегі  пәндермен  сабақ  жүргізгенде  ,біз  ақпараттық  технологияларды  болашақ  кәсіби  іс-әрекеттерінде  қолдана  білетін   және  оларды  оқытудың және  тәрбиелеудің тиімділігін      арттыру   үшін  үнемі  біліктілігін   жетілдіріп      отырататын   мамандарды   дайындау  мәселелерін  шешуге  тырысамыз.

Ақпараттандырудың  комплектілік   проблемаларын   шешу  үшін  ЖОО-рында  бірқатар  іс  -шаралар  атқарылуы  тиіс, соның  ішінде- оқитындардың   ақпараттық   даярлығын  жетілдіру.

Ақпараттық  даярлықтың  жалпы  міндеттері:

-информатиканың  негізгі түсініктері  мен   әдістемелерін,ғылыми  тұрғыдан теориялық білімдерін  біріктіріп  және  оны  тереңдету ;

-комьютерді  қолдана отырып ,ақпараттарды саралап және оның  негіздерін  ұсыну ,сақтау,жіктеу  тәсілдерін меңгеру;

-дербес комьютерде жұмыс істей  алуын  және біліктілігін қалыптастыру;

— ақпараттық  және  телекоммуникациялық  жұмыс істеу  әдістерін  меңгеру;

-тағайындалуына  байланысты  мамандығына  сәйкес  жаңа   технологиялар  оқып-біліп  ,оны  қолдану  әдістері   мен тәсілдерін  меңгеру.

Ақпараттық дайындықтың, оқу жоспарлары мен бағдарламаларыныңжалпы  бағыттылығы  жоғары  деңгейлі  сипаттамаларға  сай   қалыптастырылып  және  жалпыға  бірдей  талаптарға  сәйкестендірілген-ақпарақтық  дайындықты  толық ұйымдастыруға  тиіс.

Ақпарақтық  дайындықтың  негізгікомпоненттерініңмазмұны   кез  келген  саладағы  маманның  ақпараттық  мәдениеттілігінің  базалықнегізін  қалыптастыру  қажет.

АӘД оқытушы-ұйымдастырушыларының  ақпараттық  дайындығы  олардың  келешекте  атқаратын  іс-  әрекеттеріне  сай  ескеріле  отырып,бағыттандырылуы  қажет.ақпараттық  дайындықтың   келесі  түрлерін  ұсынамыз[9,328б]: базалық,өзектілік, пәндік, практикалық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Назарбаев Н. Ә. «Бәсекеге  қабілеті  экономика  үшін,  бәсекеге   қабілетті  экономика  үшін,  бәсекеге  қабілетті  халық  үшін»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауы, 11.10.2004.-1б.

2.Қазақстан  Республикасында  білім   беруді  дамытудың  2005-2010 жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдардамасы,  Астана, 2004.-8б.

3.Қазақстан Республикасының  «Ақпараттандыру  жайлы» заңы, 2003.

  1. 4. Бордовский Г.А Современные  требования  к  структуре  и  содержанию  непрерывного  педагогического  образования\\ Подготовка  специалистов  в  области  образования  (структура  и  содержание)- СПб: Образование,  1994-С.3-8.
  2. 5. Государственная программа  развития  образования  в  Республике  Казахстан  на 2005-2010 годы  \ Индустриальная  Караганда- 21 октября 2004г., С.5-10
  3. Шолохович В.Ф Дидактические  основы  информационных  технологий  обучения  в  образовательных  учреждениях: Дис …. д-ра  пед. наук.- Екатеринбург,  1995-364с.
  4. Макарова Н.В. Научные  основы  системы  обучения  новой  ИТ: Автореф. дис…  д-ра  пед.  наук.-СПб, 1992.
  5. Роберт И.В. Уч. курс  «Современные  информационные  и коммуникационные  технологии   в  образовании»\\ информатикаи  и  образование. – 1998. -№8.
  6. Козлов О.А. Теоретико-методологические  основы  информационной    подготовки  курсантов  военно- учебных  заведений: Монография. – М., МО, 1999.-328с.

 

Әзірлеген: Төлебаева    Аралкүл

 

 

 

 

 

     


ПІКІР ҚАЛДЫРУ