Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері

0
2088
internet browser

Ақпарат жүйесі бақа да жүйелер секілді элеметтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Элементтер өз ерекшеліктеріне қарай және сол ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат жүйесін өңдеу мен жобалауға қарай бөлінеді.

Атқарушы бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару үлгісі ретінде сипатталынады. Атқарымдықүлгі арқылы кеңістік пен уақыт бойынша объектінің ішкі қызметтері мен есептері бейнеленеді. Осы үлгі мен оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің құрылымы қалыптасады.

Дегенмен, бір объект үлгіні тұрғызу мүмкін емес. Сол себепті, басқару жүйесінің жалпы үлгісі келесі белгілер бойынша бөлінеді:

— үлгінің динамикалық қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін басқару деңгейлеріне байланысты;

— үлгінің сызықты емес қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін өндірістік сипатқа байланысты.

Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер негізінен былай бөлінеді:

— басқару объектісінің дамуын болжау;

— басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау;

— басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;

— басқару объектісінің қызметін ағымдық жоспарлау;

— басқару объектісінің қызметін жедел реттеу;

— басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау.

Өндірістік сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үргілер былай бөлінеді:

— ғылыми – зерттеу немесе тәжірибелік жұмыстарды басқару;

— объектінің өндірістік құрылымын қалыптастыруды басқару;

— негізгі өнімді өндіруді басқару;

— объектінің қосымша – қызмет көрсетуші өндірісін басқару;

— көлік үрдісін басқару;

— негізгі қорларды пайдалану үрдісі мен өндіріс қуатын басқару;

— математикалық – техникалық жабдықтауды басқару;

— еңбек қорларын басқару;

— өнім өткізуді басқару;

— объектідегі қаржы-қаражат жабдықтарын басқару;

— басқарушы жүйенің дамуы мен атқарылуын басқару.

Ақпарат жүйесінің жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер атқарымдық бөлімінің әрекет етуі үшін немесе басқару, шешу үшін қажет.

Жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер келесі түрде бөлінеді:

— ақпараттық жабдықтау;

— техтикалық жабдықтау;

— математикалық жабдықтау;

— бағдарламалық жабдықтау;

— ұйымдастырумен жабдықтау;

— ленгвистикалық жабдықтау;

— құқықтық жабдықтау;

— эргономикалық жабдықтау;

Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына бөлек тақырып болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің қысқаша сипатын төмендегідей қарастыруға болады:

— ақпараттық жобалаудың негізгі міндеті – басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;

— техникалық жабдықтау – ақпарат жүйесінің атқарымдық және жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды жұмыс істетумен қамтамасыз ететін барлық техникалық жабдықтар жиынтығын құрайды;

— математикалық жабдықтау деп – жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер қарастырылады;

— бағдарламалық жабдықтау – ақпарат жүйесін жобалау (тұрғызу) мен жұмыс істеуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың жиынтығы;

— лингвистикалық жабдықтау – есептеу техникасы арқылы ақпаратты өңдеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жою әдістерін, кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін бейнелейді;

— құқықтық жабдықтау –ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді, сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттрінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;

— эргономикалық жабдықтау – ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің тиімділігін қолдап, көтермелейтін әдістермен жабдықтардың бірігуі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ