Ақылдырақ болу үшін!..

0
2292

Ақылды адам – қиын сәттерде сабыр сақтай алатын жанды айтамыз, дейді психологтар.  Ақылды адамдар бір қадам кері шегініп, талдау жүргізе алады. Олар өз білімінің шектеулі екенін біліп, әр істің жан-жақты себебін ескереді.

Ақылды адам белгісіздік жағдайында өмір сүре алады. Тіпті қиын мәселелердің шешімі болатынын да біледі. Шындықты өтіріктен ажыратып, дұрыс шешім қабылдай алады.

Ғалымдар  ақылды адамдардың өмірге риза келетінін, қоршаған ортаға деген негативі аз болатынын айтады. Тіптен ғалымдар  ақылдылықтың өмірді ұзартатынын да анықтаған. Адам қаншалықты ақылды болса өмірге соншалықты риза келеді. Оның үстіне адамның жасы ұлғайған сайын ақыл тоқтататыны бар.

«Ақылдылықтың құпиясы – теңдікті сақтай алуда»,- деген қарапайым ұғымды алға тартатындар да бар.

Осы тақырыпты зерттеген психологтар белгілі бір қағидаттарға сүйеніп, ақылды арттыруға, осы арқылы жетістікке жетуге болатынын айтады.

Соныме, ақылдырақ болудың амалы қандай?

1.Кейде өзіңізге үшінші жақтан қарап көру керек. Себебі біз үнемі өзгелердің өміріне ақылды көзбен қараймыз да, өз өмірімізге келгенде ой көкжиегі тарылып қалады.

2.Басқа адамдардың басқа мақсаттары бар екенін ескеру қажет. Ойы сіздікімен бірдей болмауы мүмкін. Осыны әрдайым есте ұстасаңыз ақылдырақ болатыныңыз анық.

3.Бірден ақылды болып кетпесеңіз де, талпыныстың өзі сізге көп нәрсені үйретеді. Бұл тіпті қиын болса да байқап көру керек.

4.Сабырдан кейінгі екінші маңызды дүние – үндемеу. Көп жерде тіліңізді тыйып үйреніңіз. Тіпті жылдам жауап беру керек болғанның өзінде бірден сарт етіп тіл қатпай, 1-2 минут аялдап, ойланып барып жауап беріңіз.

5.Өзіңізге қатысы жоқ іс пен сөзге ешқашан араласпаңыз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ