Алғашқы қоңырау күніне сценарий

0
4314

Жоспары:

1. Сапқа тұрғызу
2. Қонақтармен таныстыру
3. ҚР мемлекеттік туды енгізу
4. ҚР әнұранын орындау
5. Құттықтау.

1-Жүргізуші:
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

2-жүргізуші:
День Знаний – мирный день, необходимый,
Как символ доброты и чистоты,
Давно и просто горячо любимый
И щедрый на улыбки и цветы.

1-Жүргізуші
Армысыздар , құрметті қонақтар , ата-аналар , ұстаздар , шәкірттер!
Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да , мәнді өткізіп , алтын ұя мектебіңізге қайта оралуларыңызбен құттықтаймыз!

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт , білім , берекем.

Шәкірттерің өрістесін , өрлесін,

Құтты болсын білім күні мерекең!
дей келе балаларын алғаш мектепке жетектеп келіп отырған ата — аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін , армандарыңызға нұр бітсін дейміз!

2- Жүргізуші
Сегодня важный день для всех школьников, но для первоклассников и 11-классников, он особенный.
3-жүргізуші
Для одних – это только начало школьного пути, для других – это финишная прямая.

1-Жүргізуші
1-қыркүйек -Білім күніне арналған «Менің Отаным -Қазақстан  » атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын!

Мектеп оқушылары! Қазақстан Республикасының Туына қарап тік түзеліңіздер (ҚР Әнұраны ойнап , Ту көтеріледі.)

1-    Жүргізуші
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.

2-Жүргізуші
Слово для поздравления и приветствия предоставляется:
Директору нашей школы Хасеновой Аиде Рашитовне
Алматы әнімен  «Арман» тобын  қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар.

3-Жүргізуші.
Мектеп басшысының жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрығын таныстыру үшін сөз оқу ісінің орынбасары…………………..беріледі.
(Қазақ Биі)

1-Жүргізуші
Кең байтақ Қазақстан біздің туған өлкеміз,оның асқар таулары
мен айдын-көлдері,жайқалған орманы мен жасыл жайлауы –біздің ақ
бесігіміз.

ҚР Конституциясы-мемлекет негізінің іргетасы.Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр.Ата заң аясында алтын дала-Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда.

2-Жүргізуші
Казахстан – страна больших возможностей, всего лишь полтора десятка лет назад ставшая независимой. Её развитие идёт большими темпами.

2- Жүргізуші
Сейчас мы только дети, но уже сейчас мы строим планы на будущее, мечтаем кем-нибудь стать в жизни, чтобы приносить пользу государству, приумножать богатства нашей Родины. Хорошо учиться, быть добрыми и щедрыми, уважать пожилых людей.
Мектебім әнімен Мерекеқызы Жанайды қарсы алыңыздар.

1-Жүргізуші
Қадамыңа гүл бітсін деп ел- халқың,

Қошеметпен қолын соғып тұр жалпың.

Білім ал , нұр жаусын тек талабыңа ,

Ең кішкентай оқушы — қылығы алтын.-

2-Жүргізуші
Сегодня среди нас есть ребята ,которые вступили в нашу большую школьную семью. И по традиции наши юные друзья хотят доказать, что их можно считать настоящими школьниками.

3-жүргізуші
Пожелаем им удачи и предоставляем им слово! (1 — сыныптықтар құттықтауы)

2-Жүргізуші
Пролетело лето звонкое.
Нынче снова за урок
Пусть торжественно и громко
Первый прозвенит звонок!

1-Жүргізуші
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын.
Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебіміздің биыл түлеп ұшатын түлегі  Ертаева Аида және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршініміз Өтебай Нұрым шақырылады.
(ӘН )

1-    Жүргізуші
Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймын. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!1-қыркүйек -Білім күніне арналған «Менің Отаным — Қазақстан» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын!

2-Жүргізуші
На этом наша торжественная линейка закончена.
По традиции сейчас первыми в свои уютные классы войдут ученики первых классов, а проведут их учителья.

3-Жүргізуші Мы приглашаем учащихся в классы на урок мира и желаем успехов в учебе.

 Басқа материалдар:

  1. Тіл тағдыры — ел тағдыры (әдеби ойын-сайысы)
  2. Тіл мерекесіне байланысты қызықты материалдар
  3. Тіл мерекесіне арналған іс-шара сценарийі
  4. «Тіл — достық көпірі» ертеңгілік сценарийі
  5. Тіл жаның, тіл — қаның, тіл-арың, тіл — әнің (Әдеби ойын – сайыс)
  6. Жасай бер, Ана тілім — Қазақ тілі! (Тақырыптық кеш)
  7. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  8. Тіл өнері мен сөз құдіреті туралы мақал-мәтелдер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ