«Алаңқайдағы балапан» атты тәрбие сағаты

0
1796
Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Алаңқайдағы  балапан».

Білім беру саласы:  Шығармашылық. Таным.

Оқу қызметі: Аппликация.

Мақсаты: Балаларды үй құстарымен таныстыруды жалғастыру, бейнені жеке бөліктерден құрау арқылы компазиция жасауға үйрету,тілдерін дамыту,  саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, балаларға үй құстарына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жеке баламен жұмыс, сергіту сәті, ойын, қортындылау.

Көрнекілік: үлестірмелі материялдар,үй құстары бейнеленген суреттер, магнитті тақта, дайын пішіндер.

Сөздік жұмыс: үй құстары, балапан.

Алдын ала жұмыс: үй құстарымен таныстыру.

     

 

 

Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиеші: Шаттық  шеңбері:

Тобымызға біз келген,

Көп апайды көреміз.

Бәріңізге ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

Сәлеметсіздерме балалар!

Бәрекелді, балалар енді есімізге түсірейікші қадай үй құстарын білесіңдер?

Балалар :Әтеш,тауық,қаз, үйрек.

-Неге үй құстары деп атаймыз?

Балалар:Үйде өмір сүреді.

-Үй құстарының пайдасы қандай?

Балалар :Жұмыртқа,етін жейміз.

-Ұй құстары немен қоректенеді?

Балалар :дән, жем жейді, су ішеді.

Енді балалар жұмбақ жасырайын.

Тәрбиеші:Балапанның түсі қандай?

Балалар : Сары

Тәрбиеші:Жүні қандай?

Балалар: Үлпілдек

Тәрбиеші:Балапан қалай дыбыстайды?

Балалар :Шиқ-шиқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы ізденуші

Балалар енді мында қараңдаршы

Мына жұмыртқаны көріп тұрсыңдар ма? Қане сыйқырлы таяғымен түртіп көрейікші

Мүмкін ішінде балапан бар шығар

(Музыка әуенімен балапан шығады.)

 
 

Балапан: Сәлеметсіздер  ме балалар?

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе балапан?

Ой қандай әдемі балапан!

Балапан: Шиқ-шиқ-шиқ. Мен жаңа ғана жұмыртқадан шықтым ғой.

Балалар менің анамды, бауырларымды көрдіңдер ме?

 

 

 

 

 

Жоқ  көрген жоқпыз.

 

Ендеше менің бейнемді жасап бересіңдер ме?

Сендер жұмыстарыңды аяқтағанша менің де анам келіп қалар.

— Балалар балапанның бейнесін желімсіз жабыстырып көреміз бе?

 

 

 

 
Ендеше орнымызға жайғасайық
 
  Балалар алдарыңа жасыл түсті алаңқайлар берілген, сендер мына дайын пішіндерді пйланапы, балапан бейнесін жасаймыз.  
 

Балапан қандай?

Сары

 
 

Басы денесі қандай

Дөңгелек

 
  Ендеше дөңгелек пішіндерді жалғастыру арқылы балапанның басы мен денесін жасаймыз.һ, енді дененің үстіне қанатын, содан кейін құйрығын орналастырамыз.  
 

Ал мынау қызыл түсті үшбұрыш

Бұл пішін балапанның тұмсығы.

 
  Міне әдемі балапанның бейнесі шықты.  
  Енді жұмысқа кірісіңдер.  
 

Тәрбиеші бала жұмысына бақылау

 

Балалар балапан бейнесін желімсіз жабыстырып үйренеді.

Қ иындық көрген балаларға көмектеседі.

 
 
Сергіту сәті.

Шөп-шөп, шөжелерім,

Сары алтындай балапаным.

Тездетіңдер жем беремін,

Дәнге толы алақаным.

 

 

  (Қолдарымен шақырады. Бастарын шайқайды. Жем шоқыған қимыл жасайды. Қолдарында дән болғандай алақандарын тосады.)  
 

Балапан:  Ой, қандай әдемі балапандар. Тура өзім сияқты екен.

Тәрбиеші: Балапан біздің балалар бәрі ақылды, алғыр балалар. Бәрі де балапанды әдемі жасапты. Мен де риза болып тұрмын. Енді бір қызық «Кім қалай дыбыстайды?»  деген дидактикалық ойын ойнайық.

 
  Әтеш шақырады  
  Тауық қыт-қыттайды  
  Қаз қаңқылдайды  
 
Балапан шиқылдайды
 
  Қыт-қыт деп шақырылған тауық дыбысы естіледі.  
  Балапан: Балалар сендерге көп рахмет. Мінеки мені анам шақырып жатқан сияқты.  
  Сау болыңдар.  
  Балапан балалармен қоштасады.  
Рефлексивті түзетушілік Балалармен сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін тиянақтап, оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.  

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй құстары туралы біледі

Жасайды: Балапанның дене мүшелерін ретімен орналастыруды

Қолданады: Іс әрекет барысында алған білімдерін, дағдыларын қалыптастырады.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ