Нан дастарханға қалай келеді? тақырыбындағы бастауыш сыныптарға арналған ашық сабақ

0
3235
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді?

Білім беру саласы:  Коммуникация

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты: Балаларға нан өнімдері туралы түсініктерін кеңейте отырып,наның дастарханға қалай келетіндігі туралы алған білімдерін тиянақтау.

 Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл — ой белсенділігін арттыру.Саусақ моторикасын дамыту,өлең, нақыл сөз, мақал — мәтел арқылы тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.

Интеграция : Таным, Шығармашылық

Әдіс-тәсілдері: ой-қозғау,әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу.

Көрнекілігі: АКТ, Воскобович ойын технологиясы,дидактикалық таратпа материялдар,ұн өнімдері.

Биллингвизм: Нан-хлеб, ұн-мука.

Сөздік жұмыс: диханшы,наубайшы,комбайын.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері:    Ауадан қуат алайық,

                                       Алақанға салайық.

                                        Жерден нәр алайық,

                                        Алақанға салайық.

                                        Күнен шуақ алайық,

                                        Күн шуағын апайларға сыйлайық.

                               

Балалар бізде бүгін ерекшк күн,қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

(Осы кезде топқа Маша келеді)

-Сәлеметсіздер ме.

-Сәлеметсіңбе Маша, сен қайдан жүрсің.

-Қараңдаршы менің не істегенімді.Әдемі емеспе?

-Ой Маша   Қараңдаршы піспеген алмаларды жинап алыпты да орныныа,ағаш басына нан өнімдерін іліп қойыпты. Қалай ойлайсыңдар балалар нан ағашта өсеме?

— Жоқ, нан ағашта өспейді.

— Онда тек жемістер, алма өседі.

— Жарайды балалар ендеше нан қайдан шығады деген сұрақтың жауабын бәріміз бірге іздеп көрейік.

-Кел Маша сенде бізбен бірге бол,өзіңнің жасаған ісіңнің дұрыснемесе дұрыс емес екенін түсінетін боласың. Бәріміз сиқырлы тақтаға қарайық.

Слайдпен жұмыс:
  • Далада,егістікте жер жыртылып жатқан трактордың суреті.

–Балалар не көріп тұрсыңдар.

-Жер жыртып жатқан трактор.

-Дұрыс яғни егін егуге ағалар дайындық жасауда.

  1. Соқасы бар трактордың суреті.

-Балалар мына көлікпен дән сеуіп жатыр.

  1. Диханшының суреті.

-Бұл кім балалар.

-Әрине диханшы аға бидайды күтіп баптап жүр.

4.Жайқалып өсіп тұрған бидай.

-Мына суретте не көріп тұрсыңдар.

-Өсіп тұрған бидай.

-Жарайсыңдар балалар, егіндер,астықтар қай мезгілде піседі.

-Күзде.
  1. Комбайынмен машинаның суреті.

— Мына көліктерді танисыңдарма?

-Комбайын астықты бидайды орып,машинаға тиеп жатыр.

-Бәрекелді балалар дұрыс айтасыңдар.

  1. Машина қасына келіп тұрған элеватордың суреті.

-Бидайды диірменге әкеліп жатыр.

-Диірменге бидайды не үшін апарады балалар білесіңдерме?

-Диірмен бидайды ұн қылып таратады.

7.Наубайхана суреті.

-Ал балалар ұнымыз қайда келд?

-Наубайханаға.

-Мұнда ұнды илеп нан шығарады.

-Әрине балалар наубайханашы апалар  нан, әр түрлі тәтті бөлкелер,тоқаштар пісіреді.

-Қараңдаршы балалар мен де сендерге нан өнімдерінің түрлерін алып келдім. (стүл үстінде  нандардың түрлері болады) Міне тоқаш,бөлке, пряниктер.

-Мынау бидайдың сабағы,өздерің көріп тұрғандай пісіп қауызына симай тұр,диірменге тартып ұн шығаратынын әңгімеледіңдер.

Балалар сендер өздерің көрсін деп мына аппаратты алып келдім. Бүтін бидайды мына аппаратқа салып және тоққа қосып тетікшені басқан кезде..

Балалар міне бидайымыз неге айналды?

-Ұнға айналды дұрыс айтасыңдар. Осы ұннан мен сендерге қамыр илеп әкелдім. Қәзір бәріміз бірге тәтті тоқаш жасап көреміз бе?

-Иә.

Ендеше стол  қасына  жақындайық, орындық басындағы  алжапқыштарыңды тағып, бас киіміңдеріңді киіп алсаңдар,стол үстіндегі ылғалды сүрткішпен қолымызды сүртіп алайық. Балалар сендердің әрқайсыларыңның тақтайшаларыңның  алдында иленген қамыр тұр. Осы қамырды тақтайшаларыңның үстіне екі алақанымызбен ысамыз, сонда ұзынша қамыр пайда болады,бір ұшын бса бармақ және сұқ саусақ арқылы ұстап тұрып екінші қолымызбен қамырдың екінші ұшынан бсатап айналдыра отырамыз.Міне  тоқашымыз дайын болды, енді пісіреміз,кәне өзіміз жасап көрейік.

Балалармен жұмыс.

Сұрақ-жауап.

— Дайын болған тоқаштарымызды  апайымызға берейік, қәзір оқу қызметі аяқталғанша пісіріп алып келер.

— Қолымызды ылғалды сүрткішке сүртіп ортаға жинала қойыңдар бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Көктемде жерді жыртамыз,

Тегістейміз тырмалап.

Дәндерді оған егеміз,

Жайқалып егін шыксын деп.

Күз болғанда орамыз.

 Нанға біздер тоямыз.

-Бойымыз сергіп қалдыма? Ендеше балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр .

Дидактикалық ойын: «Ойлан тап!»

Шарты: Балалар алдарымызда тақтайша бар,оның бетінде бидай,ұн және наның суреті бар, осы суреттерді біз резеңке арқылы рет ретімен қосамыз.Нанымыз дастарханға келу үшін ең бірінші нені қосамыз есімізге тісіріп ойланамыз.

-Балалардың жауабы.

-Жарайсыңдар балалар нанымыз дастарханға келу үшін ең бірінші бидай мен ұнды резеңке арқылы жалғаймыз, одан соң ұн мен нанды резеңке арқылы қосамыз.

Балалар біз нан туралы тақпақ, тиым сөздер, мақал-мәтел  білемізбе естеріңе түсіріңдерші.

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

-Ас атасы-нан.

Нан болса,әнде болады.

-Нанды жерде жатса көтеріп алып қоямыз. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

Жарайсыңдар балалар бүгін біз не туралы әңгімеледік оқу қызметінде?

-Нан

-Әрине балалар біз күнделікті дастарханымызға нанның үлкен еңбекпен келетінін білдік. Қәзір бүкіл жұмыстехниканың күшімен атқарылады. Нанның әр түйірінде сол адамның ыстық алақанының табы бар. Сондықтан ысырап етпей қадірін біліңдер.

-Кімдер еңбек жасады?

Көліктерді кім басқарады?

-Біз нанды қадірлей білуіміз керек,ол үшін қандай бала боламыз.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Нанның дастарханға келу жолын.

Түсінеді:  Нанның қадір қасиетін. 

Қолданады: Қамырдан нан жасауды.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ