Ғаламдық экология мәселелері

0
7096
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Сабақтың тақырыбы
Ғаламдық экология мәселелері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7 Т2.Назарларын шоғырландырып тыңдау.

7.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікрін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру.

7.О5.Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: қазақ тілінде экологиялық сауаттылық жайлы айтады, сұрақтарға жауап береді, оқылым мәтініндегі негі гі ойды табады. Сауатты жазу.

Көптеген оқушылар: тыңдалым негізінде өз пікірін айтады, дәлелдер келтіреді, ақпараттарды салыстыра алады, кесте арқылы ақпаратты саралай алады; негізгі ойды анықтап, өз бетінше қорытынды жасай алады.

Кейбір оқушылар: тақырып аясында сыныптастарымен

сұхбаттасады, шағын мәтін құрай алады, қосымша ақпар көздерінен алынған

мәліметтерді кесте, сызба түрінде бере алады.

Бағалау критерийлері

Тыңдалым бойынша:

мәтіндегі тірек сөздерді анықтай алады;

алғашқы бөлігін тыңдау арқылы, тақырыпты анықтай алады;

көтерілген мәселеге болжау жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша, болашақта, өнеркәсіптік қалдықтар, ластану, озон қабатының жұқаруы, апатты аймақ, айыппұл мөлшері.

Құндылықтарға баулу Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;
Пәнаралық байланыс География.
АКТ-ны қолдану дағдылары Тақырыпқа байланысты видео, интернет. Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Ресурстар
Сабақтың бастапқы кезеңі

Ұйымдастыру жұмысы.

Қызығушылықты ояту.

Ынталандыру.

«Көңілді шеңбер».«Балалар, шеңберде қалай тұру керек?» деген сұраққа өздері білетін тәртіп ережелерін айтады.

Топқа бөлу.Оқушылар ауа райы мен климаттық өзгерістерге байланысты суреттер арқылы 2 топқа бөлінеді. Олар сурет арқылы өтілетін тақырыпқа болжау жасайды. Мысалы:

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

Ой толғаныс кезеңі.

Дәптермен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

ПОПС формуласы бойынша жұмыс

Дұрыс — Бұрыс әдісі

Оқушылар берілген бейнефильмді көреді.

«Миға шабуыл» әдісі.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?

Экология, Ғаламдық экология мәселелері т.б.

Жақсы, дұрыс. Біз бүгін сабақта экология туралы тақырыпты жалғастырамыз.

Сабақтың мақсатын анықтайық: экологиялық туралы мәлімет аламыз,жаңа сөздермен танысамыз.

(бағалау парақтарды үлестіру)

Жаңа сөздер:

Қазақша Орысша Ағылшынша
Мәселе проблема  problem
Қауіп опасность danger
Ластану загрязнение pollution
Апат бедствие disaster
Айыппұл штраф fine

«Ассоциация» әдісі.

Экология сөзіне ассоциативтік сызба жасайды.

(оқушылар тақтада жазады)

 

Экология

Эр топ сөйлем құрайды

(сөйлемдерді дәптерге жазу)

 

Мәтінмен жұмыс: Мәтін бойынша дескриптор

1 топ 1-5 баға
Дескриптор Балл
1 Мәтіннің негізгі ойы
2 Мәтін бойынша сұраққа жауап беру
2 топ 1-5 баға
Дескриптор Балл
1 Мәтін бойынша проблемаланы анықтайды
2 Мәтін бойынша сұрақ құрастыру

1. Бүгінгі таңда ғаламдық экология мәселелері неге бөлінеді?

(Бүгінгі таңда ғаламдық экология мәселелері ғаламдық, аймақтық және ұлттық мәселелер болып бөлінеді)

2. Экологиялық қауіпті мәселелеріне не жатады?

(Экологиялық қауіпті мәселелер: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әр алуандылықтың азаюы, қоршаған орта мен судың ластануы)

3.Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге не жатады?

(Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жердің тозуы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы жатады)

4. Арал теңізінің суына не болған?

(Арал теңізінің суы тартылып, экологиялық апатты аймаққа айналды)

   ПОПС формуласы бойынша жұмыстанады.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, …»
·         Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын …»
·         Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім …»
Дұрыс — Бұрыс әдісі

Ақпарат Дұрыс Бұрыс
Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жердің тозуы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы жатады.
Экологиялық мәселе біздің елімізде орын алмаған.
Экологияның әлемдік мәселеге айналуы ауаның ластануымен тікелей байланыспаған.
Құрғап қалған теңіздің түбіндегі зиянды тұзды шаң желмен тарайды.
Кері байланыс
Кері байланыс

Алдын ала берілген тапсырма

Шығармашылық жұмыс

Постер қорғау

Рефлексия Оқушылар тақырыпты игеруіне байланысты таратылған стикерлерді тақтада ілулі тұрған табиғат құбылыстар тұсына іледі.
Бағалау
Үй жұмысы Климат сөзіне Синквейн

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ