«Алаш мұрасы: тұлғалар қызметі мен тәуелсіздік мұраты» қашықтық олимпиадасы басталғандығын хабарлаймыз

0
926

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында Алаш қозғалысының тарихы мен Алаш арыстарының шығармашылық және ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында мұғалімдер арасында І Республикалық «Алаш мұрасы: тұлғалар қызметі мен тәуелсіздік мұраты» қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

 Олимпиадаға колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері және 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары Алаш қозғалысының тарихы, Алаш арыстарының шығармашылық, ғылыми және мәдени мұрасы бойынша беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада 2021 жылдың 2 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткізіледі. Қорытындысы 5 мамыр күні жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 10 қатысушыға  Аманқос Мектеп-тегінің Алаш қайраткерлері туралы жазылған «Жеті көсем» атты көлемді зерттеу еңбегі сыйға беріледі және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 25 қатысушы «Қазақстан үміті» төсбелгісімен және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Озат оқушы» дипломымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты 8(727) 229-63-69; 8(700) 978 59 22 телефондары арқылы білуіңізге болады.

І Республикалық «Алаш мұрасы: тұлғалар қызметі мен тәуелсіздік мұраты» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 1.      Жалпы ереже

 1.1.           Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2.           Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz және martebe.kz сайттарында жарияланады; 

1.3.           Олимпиада qaztest.kz сайтында 2021 жылдың 2 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткізіледі; 

1.4.           Олимпиадаға колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатыса алады; 

1.5.           Олимпиада тапсырмалары Алаш қозғалысының тарихы, Алаш арыстарының шығармашылық, ғылыми және мәдени мұрасы бойынша беріледі.  

1.6.           Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.  

1.7.           Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз болып танылады. Qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады.  

 2.      Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1.           Алаш қозғалысының тарихы мен Алаш арыстарының шығармашылық және ғылыми мұрасын насихаттау;

2.2.           Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және оларды қолдау, ынталандыру;

2.3.           Республикамыздағы үздік алаштанушы педагогтарды анықтау және оларды марапаттау.

2.3.1.  Күрделі деңгейлі тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы оқушылардың коммуникативті-ақпараттық дағдыларын дамыту;

2.3.2.           Оқушыларды патриотизмге баулу және еліміздің тарихы мен ұлттық мәдениетіне деген құрметті дәріптеу;

2.3.3.           Республикамыздағы озат оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету және марапаттау.

 3.      Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1.           Олимпиада бір кезеңнен және 25 сұрақтан тұрады.

3.2.           Әр тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3.           Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.4.           Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады;

3.5.           Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.6.           Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.7.           Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

4.      Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1.           Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2.           Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3.           Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4.           Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5.           Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6.           Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7.           Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8.           Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9.           Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10.       Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Олимпиада қорытындысы бойынша республика бойынша ең жоғары ұпай алған 10 қатысушыға  Аманқос Мектеп-тегінің Алаш қайраткерлері туралы жазылған «Жеті көсем» атты көлемді зерттеу еңбегі сыйға беріледі және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 25 қатысушы «Қазақстан үміті» төсбелгісімен және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Озат оқушы» дипломымен марапатталады.

Қорытынды нәтиже, яғни сыйлық иегерлері сайтта 2021 жылдың 5 мамыр күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адрес арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

Бір ұйымнан 30 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға  «Үздік ұжым» плакеткасы беріледі. Сонымен қатар, бір ұйымнан 20 қатысушы қатыстырған координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» плакеткасына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

 «ҮЗДІК ҰЖЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.

Ескерту! «Үздік ұжым» дипломы мен координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ҰЖЫМ БОЛЫП ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН

 Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасай алады. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17; Код 19; КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді кез келген банк бөлімшесінен және казпочтадан жасай аласыздар.  Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деген белгімен және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек.

Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті.  

 ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

 

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Kaspi.kz, терминалдар арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22


ПІКІР ҚАЛДЫРУ