Әлемдегі ең бай ұстаздар қай елде?

0
2689

Әлемдегі ең бай ұстаздар Швейцарияда. Бұл елдегі мұғалімдердің ең төменгі жалақысы жылына 33 мың долларды құрайды. Дегенмен, мұғалім маман алатын ең жоғары жалақы АҚШ-та тіркелген. Бұл елде гипнозбен емдеудің бір курсы үшін Роланд Дант 3 миллион доллар алған.   Ең қымбат білім беру ағылшындардың жас леди және джентльмендер мектебінде тіркелген. Онда білім алу үшін айына 80 мың фунт-стерлинг төлейсіз.

Әдетте кез-келген мемлекетте жоғары білім орта білімнен жоғары тұрады. Мысалы АҚШ-та орта білім беретін мамандар айтарлықтай жоғары жалақы ала алмайды. Ал, жоғары білім беретін азаматтарға орта білім берушілерге қарағанда 2-2,5 есеге көп жалақы төленеді. Дегенмен, АҚШ-та алған орта білім осы елдің немесе өзге де мемлекеттердің жоғары білім беру орындарына түсуге зор мүмкіндік береді.  

Әдетте жоғары білімді азаматтардың дендері сау болады, оларда артық салмақ жоқ және олар артериалды қан қысымынан зардап шекпейді және жүрек ауруынан ада. Бұны статистика көрсетіп отыр. Бірақ, жоғары білімді азаматтар әдетте шылым шегу, алкогольді көп пайдалану сияқты зиянды әдеттерге әуес келеді.  

Әлемдегі ең көне институт – Карауин Мароккода орналасқан. Бұл мұсылмандық оқу орны 859-шы жылы салынған екен.

Еуропаның жоғары оқу орындарында көптеген қызықты дәстүрлер қалыптасқан және оларды студенттер бұлжытпай орындап келеді. Мысалы Гарвард университетінің студенттері емтиханның соңғы күнінде түннің жарымында Гарвард-Ярдты жалаңаш айналып құрмет шеңберін жасаулары керек. Ең қызығы бұл әрекет оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді.

Оқушылардың көптігі жағынан рекорд 2003-2004 жылдары Үндістанда тіркелген. Бұл елдегі Монтессери мектебінде 28 мың оқушы білім алған.

Статистика бойынша жоғары білімді ерлерге қарағанда әйел азаматтар көп алады. Бұл тізімде Германия жоқ. Дегенмен, өмір сүру деңгейі нашар елдерде жоғары білімді ер азаматтар әйелдерден басым. Мысалы Үндістанда жоғары білімді қыздар саны халықтың тек 25 пайызын құрайды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ