Әлемдік және қазақстандық сары басылымдарға талдау жасау

0
4143

Ең бірінші, сапалы және сары басылым дегенге аз – кем тоқталып өтсек. Бұлай басылымды бөлу Англия баспасөзінде кездеседі. Англия баспасөзінде адамдардың деңгейлеріне қарай А, В, С деп үш түрге бөледі. Басылымдарды осылай жіктеу біздің журналистикаға да тән. Шетел журналистикасы басылымның екі түрін бөліп қарастырады.

Элиталык баспасөз дәстүрін жалғастырушылары «сапалық» деп аталатын басылымдарды шығара бастады. «Сапалы» басылымдардың үлгісі ретінде мемлекеттік және саяси элитаға, бизнес өкілдеріне, жоғары білімді интелигенцияға арналған Лондондық «Тһе Іітез» газегі қалды. Алайда, нарықтық қатынастардың дамуы, экономиканы басқару жүйесі мен шаруашылық механизмі қиыншылықтарының жоғарырлауына байланысты белгілі бір элиталық аудитория үшін, өз құрамына қаржылық орта өкілдері, өнеркәсіп қожаларын, банк саласы мен сақтаңдыру бизнесінің басқарушышарын енгізетін газеттерді шығару қажеттілігі туды. Дәл осындай оқырмандар категориясы үшін Лондонда «The times» газегі шығады. Келесі жылы Нью-Иоркте Ч. Доу және Э. Джонтың басшышығымен «Wall Street Journal» газетіне ұқсайтын газет басылып шығады. Ол американдық басқарушылар мен қаржыгерлер туралы ақпарат көзі болды.

Шетелдік журналистика тәжірибесінде «сары басылымдар» дегенді  «сенсациялық, сенімсіз, бульварлық хабарлама таратып, даурықпа, айқайлағыш тақырыптар мен суреттерге құмар баспасөз» — деп түсіндіреді. Зерттеушілердің пікірінше, «сары басылымдар» — даурықпа сенсацияға үйір, өсек-аяңға құмар, түрлі-түсті анайы суреттерді жариялайтын білімі, қызығушылығы мен талғамы төмен оқырмандарға арналған бульварлық баспасөз. Мұндай баспасөзде обьективті-шынайы ақпарат принципіне қарсы өз мүддесі мен қаржылық жағдайы үшін жалданатын журналистер жұмыс істейді деген пікір қалыптасқан.

Біздің елімізде де бұл екі басылымдар да бар. Көбінесе сары басылымдарға жиі ұшырасамыз. Оған себеп, халықтың сенцациялық өсек – аяңға құмар болуы; Газет немесе журнал шығарып пайда тапқысы келген адам, амал жоқ сары басылым шығаруға бел байлайды. Оған себеп, сапалық басылымдардың өзін өзі ақтамауы. Мәселен, алғашында халықтың ықыласына бөленген «Алаш Айнасы» қазір бағытын 180 градусқа өзгертті. Рейтинг, оқылым санын арттыру үшін өсек – аяң жазуға көшті. Сонысымен, бұл газеттің сайты 70-100 рейтингті ұстап тұр. Онда көбіне «Апамның күйеуіне ғашықпын», «Өзім СПИД болсам да, күйеуіме жұқтырмадым», «Бейіт басында досының аруағымен кездесіпті» деген секілді ойдан құрастырылған әңгімелер жазылып тұрады.

Қалай десек те бүгінге дейін «сары басылымдар» жайында тиянақты тұжырым немесе анықтама берілмеген. Осындай олқылықтар мен «сары» баспасөзге деген қызығушылықтың жоғары екендігі мені қызықтырады. «Сары басылымдардың» таралымы да, түрі де сапалы және бұқаралық баспасөзден көп екені шындық. Оған себеп не?! Себеп, аудитория деңгейінің төмендігі. Шетел журналистикасындағы ең төменгі буынға арналған басылымдар деуімізге болады.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ