Алғаш телефонды ойлап тапқан Беллдің тағдыры қалай болды?

0
6197

Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған телефонды қазыр бүкіл әлемнің бәрі біледі. Телефонды алғаш ойлап тапқан шотланд ғалымы Александр Грэхем Белл. Ол 1847ж 5 наурызда Шотландияның Эдинбург қаласында филологтар отбасында туылған. Әкесі дыбыстарды жазбаша нышандармен белгілейтін Көрнекі сөз жүйесін ойлап тапқан. Қолданған адамдар, өздеріне бейтаныс тілдегі сөздерді дұрыс айта алатын болған.
1870ж Белл қатты сырқаттанып дәрігерлер оған климат өзгерту керектігін айтады.
1871ж АҚЩтың Бостон қаласына қоныстанады.Саңырауларға арналған мектепте Көрнекі сөз жүйесін қолданып, дәріс сабақ береді. 1976ж 10 наурызда саңырауларға арналған мектептің мұғалімі Белл телефонды ойлап табады. Бұл жаңалық бірнеше телеграфтықхабарламаны желімен жеткізу жолы ізденіс барысында ашылды.
Өзі электрик болмағандықтан, бір ғалыммен Д.Генриден кеңесін алады. Зертханасынан телеграфтың алғашқы үлгісін көргенде Д.Генри; Бастаған ісіңізді тастамаңыз дейді. суретАдамның есту жүйесіне түрлі зерттеулер жасайды. Мембранаға бекітілген ине айналып тұрған барабанға түрлі сызықтарды түсіреді. Ізденісте болған Белл ойына өзге құрылғы жасау идея келеді. Егер электр тоғындағы тербелістер интенсивтілігін өзгертуге мүмкіндік болса, түрлі дыбыстарды жіберуге мүмкіндік болды жеп жазады. Әлі пайда болмаған зат, теория жүзінде құрылғыға телефон деп атайды. Саңыраулардың өмірін жеңілдетпек ойдан туған өнертапқыш идеясы бүкіл адамзаттың игілігіне қызмет ететін құралға айналады.1876ж өзінің ойлап тапқан құрылғысын Филаделфияда өткен көрмеге қояды. Келушілер оның құрылғысына онша мән бермей, немқұрайлы қарайды.суретКөрменің жабылуына аз уақыт қалғанды қонақтардың бірі Бразилия императоры Педр ІІ телефонның қасына келеді. Құрылғыға қызығып, құлаққапты наушник құлағына салып көреді. Адам дауысын естіген сайын, таң қалысады; Кішкентай ғана зат сөйлейді екен, тамаша ғой дейді. Ойлап тапқан құрылғысы көрмедегі жаңалыққа айналады
Ол кезде телефонмен 250метр қашықтықпен ғана сөйлесуге болатын. Содан кейін Беллдің телефон қоғамын құрған ғалым өнертабысын жетілдіруді қолға алады. 1 жылдан соң телефонның жаңа патентін алады. Сөйлесу ара қашықтығын ұзарту үшін Юздің көмір микрофонын қолданады. Тоқ беру үшін батареяны қолданып, сол күйінде телефон жүз жылдай қолданыста болады.
Белл өмірінің соңғы 40 жылында үйіне телефон орнатудан бас тартады. Бұл тек жұмыстыкы болғанмен, үйде болса тозаққа айналдырады дейді. Ол телефонды ойлап тапқанымен, өзінің әйелімен және анасымен телефонымен сөйлесіп көрген емес. Себебі олар саңырау болған. Белл 1922ж Канаданың Жана Шотландия провиниясында Баддек қаласында Бейнн-Брей мекенінде өмірден озған. Ол қайтыс болған кезде, АҚШтың барлық телефондары бір минутқа сөндіріліп, еске алған.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ