Әлемдегі ең оғаш әрі қызықты мамандықтар

0
8742

Жалпы, бұл өмірде мамандықтардың түрі бар. Ал сіз естігенде таң қалатын мамандықтар өте көп — ақ. Олардың оғаштығы, қызықтылығы мен бір түрлілігі соншалық естіген адам я күлерін, я жыларын білмейді))) Ал, солардың бірнешеуін қарастырайық:

1. Ең алғашқы қызықты мамандық — гольф алаңыда доптарды жинап, ойынға қайта қосушы. Әрине, доп — адам өте алмайтын аймақтарға түскен кезде жаңасына ауыструға әбден болады. Бірақ кейбір ақсүйектердің қырсықтығы соншалық, ландшафты күрделі аймаққа түскен доптың нақ өзін қайта ұрғысы келеді. Ал осы мамандық иесі мейлі балшық, мейлі көлшік, мейлі тоғай болса да әлгі допты табуға тиіс.
Блог - abekenov: Әлемдегі ең оғаш әрі қызықты мамандықтар

2. Ал келесісі — жиһаз сынаушы шебер. Әрине мамандық атауы құлаққа таныс естіледі. Бірақ біздің елестететініміз дәл осы ма? Бұл мамандықтың басты ісі — жасалған жиһаздың мықтылығын, ыңғайлылығын және жұмсақтығын бағалайды.
Блог - abekenov: Әлемдегі ең оғаш әрі қызықты мамандықтар

3. Пингвин бұрушы мамандығы. Бұл құлаққа оғаш естілетіні анық. Бірақ, бұл мамандық иелері расында да пингвиндерді бұрумен айналысады. Өйткені, Солтүстік Полюстің пингвиндер мекен ететін аймағынан тікұшақтар ұшқан кезде олар кері бұрылып алады. Ал қайтадан орнына қайтып келуге олардың қорқынышы мүмкіндік бермейді.
Блог - abekenov: Әлемдегі ең оғаш әрі қызықты мамандықтар

4. Енді, келесі мамандық — ми алушы. Аты өте қорқынышты екен. Бірақ, бұл мамандық иелері көбінесе фермаларда жұмыс жасайды. Олардың басты мақсаты — соғымға кеткен жануарлардың миын зақымдамай бөліп алу. Ал хайуанаттардың миы — ресторандарда таптырмас деликатес.
Блог - abekenov: Әлемдегі ең оғаш әрі қызықты мамандықтар

5. Ал осы жинақтағы ең таңқаларлық мамандық — қолтық иіскеуші. Аты құлаққа жағымсыз естіледі. Бірақ, осындай да мамандық бар. Олар көбінесе дезодорант және дене спрейлерін жасайтын жерлерде жұмыс жасайды. Олардың басты мақсаты — дезодоранттың қанша уақытқа созылатынын бақылау. Яғни, белгілі бір адамдарға қажетті мөлшерде сұйықтықты сеуіп, соны күні бойы иіскейді.
Блог - abekenov: Әлемдегі ең оғаш әрі қызықты мамандықтар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ