Абай Құнанбайұлы өмірінің деректері

0
4483

 

— Абай Құнанбайұлының шын есімі — Ибраһим. Әжесі Зере «Абай» деп еркелеткендіктен, Абай атанып кеткен.

— Абай Құнанбайұлы — қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

— Абай Құнанбайұлы көптеген өлеңдеріне өзі ән жазған. Олардың ішіндегі танымалы — «Көзімнің қарасы» әні.

— Абай Құнанбайұлы 13 жасынан ел ісіне араласа бастаған.

— Абай Құнанбайұлы алғашқы уақыттарда өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген.

— Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты — Тоғжан.

— Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Бұл кезде Абай 15 жаста болған.

— Абайдың екінші әйелі Әйгерімге 1875 жылы үйленген.

— Еркежан — Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін, Оспанның туыс аға-інілері Еркежанның көркіне, мал-мүлкіне көз салып, әмеңгерлікпен үйленуін талап еткен. Еркежан өз қалауымен Абайға тұрмысқа шығады.

— Абайдың 3 әйелі, 10 баласы болған.

— Абайдың Ділдәдан туған балалары: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан.

— Абайдың Әйгерімнен туған балалары: Тұрағұл, Мекайіл, Ізкәйіл, Кенже.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ