АЛҒАШҚЫ БОЛЫП БИОЛОГИЯДАН ҚОРЫТЫНДЫ АТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІН ҰСЫНАМЫЗ

1
5095

Ұлттық тестілеу орталығы;

     Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

 1. Жасушаны ашқан ғалым

A) Р.Броун

B) Ф.Мишер

C) Роберт Гук

D) И.И. Мечников

E) Л. Пастер

 2. Ағаш діңіне, тасқа жабысып өсетін қына

A) бұта тәрізді қына

B) жерқына

C) қабық тәрізді қына

D) жапырақ қына

E) төсемік қына

 3. Түйнегінен крахмал алынатын өсімдік:

A) Күріш

B) Картоп

C) Асбұршақ

D) Құлмақ

E) Тары

 4. Құста болмайды

A) Қуық

B) Несепағар

C) Өкпе

D) Бүйрек

E) Клоака

 5. Саусаққанатты балық

A) Латимерия

B) Камбала

C) Қылқа

D) Табан

E) Бахтах

 6. Көзі де, дабыл жарғағы да болмайтын қосмекенді

A) сақиналы құртпошым

B) саламандра

C) қызылаяқ бақа

D) сібірлік бақа

E) көл бақа

 7. Бүйрекүсті  безінің гормоны

A) адреналин

B) инсулин

C) тимозин

D) экстроген

E) тироксин

 8. Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі

A) шөлдеу

B) түшкіру

C) жөтелу

D) ойлау

E) ашығу

 9. Ежелгі адамдар

A) Питекантроп

B) Кроманьон

C) Палеонтроп

D) Саналы адам

E) Неандертальдық

10. Продуценттер

A) Вирустар

B) Паразиттер

C) Өсімдіктер

D) Жыртқыштар

E) Балықтар

11. Ең алғаш туыс ұғымын қалыптастырған ғалым

A) А.Плиний

B) Л.Гини

C) Ж.П.Турнефор

D) К.Линней

E) Ж.Б.Ламарк

12. Шұбалшаңның асқорыту жүйесінің бөліктері

A) ауыз, жұтқыншақ, ішек

B) ауыз, жұтқыншақ , өңеш, жемсау, қарын,ішек

C) ауыз, ішек, вакуоль

D) ауыз, жұтқыншақ, қарын, ішек

E) ауыз, қарын, ішек

13. Өрмекшілердің зәр шығару жүйесі

A) Жасыл без

B) Жиырылғыш вакуоль

C) Клоака

D) Мальпигий түтікшелері

E) Жұлдызша тәрізді түтік

14. Қауіпті асқазан-ішек ауруы

A) мешел

B) тұмау

C) баспа

D) тырысқақ

E) көкжөтел

15. Энергетикалық  алмасу кезінде

A) Органикалық қосылыстар түзіледі

B) Жасушаның өсуі жүзеге асады

C) Жаңа жасушалар пайда болады

D) Жасушааралық заттар түзіледі

E) Күрделі заттар ыдырайды

16. Арғы тегін қайталау

A) қалдық мүше

B) рудимент

C) тұқымқуалаушылық

D) атавизм

E) өзгергіштік

17. Мезозой заманында бауырымен жорғалаушылар эволюциясы бөлінді

A) 5 тармаққа

B) 4 тармаққа

C) 2 тармаққа

D) 6 тармаққа

E) 3 тармаққа

18. Өкпедегі тыныс алу қозғалыстарының жүретін себебі:

A) Қабырғааралық бұлшық еттің босаңсуы

B) Ұлпаларының газ алмасуы

C) Қабырғааралық бұлшық ет пен көкеттің жиырылуы

D) Диафрагманың қозғалысы

E) Жалғыз көкеттің жиырылуы

19. Жарық пен дыбыс тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді:

A) Аралық ми.

B) Сопақша ми.

C) Ми көпірі.

D) Ортаңғы ми.

E) Мишық.

20. Өсімдік жасушасындағы цитоплазманың құрамындағы су мөлшері

A) 70-100 %

B) 40-50  %

C) 50-70  %

D) 40-80  %

E) 60-90 %

      Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

21. Паразит саңырауқұлақтар

A) Шыбынжұт

B) Қастауыш

C) Қозықұйрық

D) Ашытқы

E) Пеницилл

F) Діңқұлақ

G) Аспергилл

H) Мукор

22. Бактериялар ашылу тарихына үлес қосқан ғалымдар

A) Т.Шванн

B) Э.Геккель

C) В.Вернадский

D) Т.Морган

E) Р.Броун

F) Г.Мендель

G) Л.Пастер

H) А.Левенгук

23. Өсімдіктің өсімді мүшелері:

A) жеміс

B) ұлпа

C) бұтақ

D) тұқым

E) тамыр

F) жапырақ

G) гүл

H) сабақ

24. Шала түрленіп дамитын бунақденелілер

A) Қоңыз

B) Шегіртке

C) Бүрге

D) Маса

E) Көбелек

F) Шыбын

G) Балара

H) Қандала

25. Сүтқоректілерге тән белгілер

A) Терісі қауырсынмен қапталған

B) Ұрпағын тірі туады, сүтімен асырайды

C) Ашық қанайналым жүйесі

D) Демтүтік арқылы тыныс алады

E) Алғаш рет кеуде қуысы пайда болған

F) Сырттай ұрықтанады

G) Сыртқы құлақ пайда болды

H) Көкет пайда болған

26. Ұлулар типінің қосжақтаулы класына жатады

A) Түйіртек

B) Айқұлақ

C) Кемеқұрт

D) Қошқармүйіз

E) Каракатица

F) Сегізаяқ

G) Жұмырлақ

H) Кальмар

27. Ең үлкен асқорыту безі

A) Гипофиз

B) Ұйқы безі

C) Сүт

D) Сілекей

E) Бауыр

F) Қалқаншамаңы

G) Айырша

H) Қалқанша

28. Жыныстық көбеюге қатысады:

A) зәр шығаратын түтік

B) аналық

C) қынап

D) аталық

E) жеке ағза

F) қатпарлы қабық

G) ұзын құйрықша

H) қуық асты

29. Абиотикалық факторларға жатады

A) Ылғал

B) Тыңайтқыш

C) Шырша

D) Еңбек

E) Жарық

F) Жасанды шам

G) Тиін

H) Температура

30. Полисахаридтер

A) Рибоза

B) Крахмал

C) Гликоген

D) Пентоза

E) Триоза

F) Дезоксирибоза

G) Галактоза

H) Жасунық

31. Шығу тегіне қарай тамыр түрлері:

A) жанама

B) сабақ

C) кіндік

D) қосалқы

E) бөлінбейді

F) тіреу тамыр

G) шашақ

H) негізгі

32. Қосмекенділерде ең алғаш пайда болды

A) Бауыр

B) Кіші қанайналым шеңбері

C) Ортаңғы құлақ

D) Кеуде қуысы

E) Қарын

F) Сілекей бездері

G) Қуық

H) Көкет

33. Қандауыршаның тері қабаттары:

A) сыртқы қабық

B) қалың қабық

C) эктодерма

D) сірқабық

E) нағыз тері

F) эпидермис

G) мезодерма

H) энтодерма

34. Адам өмірінің негізгі кезеңдері:

A) ерте балалық шақ

B) мектеп жасындағы

C) психикалық жетілу

D) әлеуметтік жетілу

E) қыз балалық

F) емшектегі бала жасы

G) жігіттік

H) ер балалық

35. Сүйек қабығы қамтамасыз етеді:

A) жіңішкеруін

B) сүйектің қоректенуін

C) жуандап өсуін

D) қалпына келтіреді

E) иірімін

F) сүйек массасын азайтады

G) буынмен байланысын

H) сүйекті қатайтады

36. Кайнозой  заманының кезеңі

A) Ордовик

B) Силур

C) Триас

D) Бор

E) Антропоген

F) Юра

G) Кембрий

H) Карбон

37. Паразитизмге мысалдар

A) Тазқарында өмір сүретін ұсақ ағзалар

B) Адамның ішегіндегі аскарида

C) Бауырға жабысқан эхинококк

D) Бұғыларға шапқан қасқырлар

E) Қан соратын кене

F) Балдыр мен саңырауқұлақтың бірге өмір сүруі

G) Шаян мен актиния арасындағы тіршілік

H) Шаншардың өрмекшіні қармауы

38. Шартсыз рефлекс

A) Тұқым қуаламайды

B) Өмір бойы өзгермейді

C) Жүре пайда болады

D) Жойылып отырады

E) Әрбір дараның өзіне тән

F) Тұрақсыз

G) Туа пайда болады

H) Тұқым қуалайды

39. Жасөспірімдік кезең

A) Жаңадан рефлекстер қалыптасады

B) Жыныстық жетілуімен тікелей байланысты

C) Сүт тістері толық шығып үлгіреді

D) Ойлау қабілеті дамиды

E) Дене бітімінде айырмашылықтар айқын байқалады

F) Ана сүтімен қоректенеді

G) Өсуі мен дамуында өзгерістер пайда болды

H) Қызығушылығы артады

40. Аустралия  аймақта кезесетін жануарлар

A) Гиббон

B) Эму

C) Мүйізтұмсық

D) Үйректұмсық

E) Ехидна

F) Қарақұйрық

G) Піл

H) Ақбөкен

 

 БИОЛОГИЯ

 ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ