Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сай алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырудағы жаңа көзқарас

0
1687

Айдын Айкалиевич Байназаров\r\n ШҚО ,Тарбағатай ауданы,\r\n Тана мырза орта мектебінің\r\n алғашқы\r\n әскери дайындық пәнінің\r\n оқытушы-ұйымдастырушысы\r\n\r\nҚазақстан Республиасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес атқарылатын\r\n Тәрбие жұмысы және жастар саясаты\r\n Мақсаты:\r\n Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.\r\n Міндеті:\r\n Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.\r\n Жастар саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.;\r\n республикалық деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде ерікті, әскери-патриоттық ұйымдардың, әскери-спорттық, әскери-іздеуші және спорттық-техникалық клубтардың желісі 20 дан 30-ға дейін көбейеді;\r\n білім беру ұйымдарында спорт секцияларының желісі дамытылады;\r\n қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік рәміздерді таныту, тарих, салт-дәстүр және ана тілін білу жөнінде іс-шаралар жалғастырылатын болады;\r\n түрлі жобаларды іске асыру арқылы жастар арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру жөнінде мақсатты шаралар қабылданатын болады және\r\n жастардың жалпы санынан 55 %-ы жастар саясаты мен\r\n патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске\r\n асыруға белсенді түрде қатысатын болады деп ашып айтылған.Сондықтан аталған бағдарлама талаптарына сай мектептегі алғашқы әскери дайындық пәнін оқытуда да жаңаша көзқарас қалыптасуы керек.Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді, басынан кешіріп үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген. Болашақ ел сарбаздарын жастайынан жауынгерлікке баулу, олардың бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру қазақстандықтардың ортақ парызы, тікелей міндеті болып табылады. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған салт дәстүрінен нәр алған қазақ елінің мыңдаған ұл-қыздары екінші дүние жүзілік соғыстың қанды майдандарында да қаһармандық талай қайталанбас үлгісін көрсетті.\r\n Ұлан-байтақ даласын «найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғаған ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аман сақтап келді. Құрып кету қауіпі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұру нағыз отансүйгіштік қасиет болып табылады.\r\n Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» — деп жазды. Көпұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух-қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Бастапқы әскери дайындық пәнін оқу барысында оқушылар азаматтардың Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі Конституциялық құқықтарын ұғынуға, ҚР Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін анықтап түсінуге тиіс, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеру үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруы тиіс.\r\n Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі — жеткіншектерді Қазақстандық елжандылық пен Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл мәселенің көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғысынанда артып отыр.\r\n Жастардың адамзаттық, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауларында аса үлкен мән берілген. Елбасы өзінің жолдауларының бірінде «Өз тарихымыз бен ерекше. жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар» (1997) десе екіншісінде «біз бірлесе отырып, ерікті ұлт жасақтау жолында, алға жылжуымызға «қажетті берік негіз қаладық» (2005) — деп өзіміздің тарихымызды, дінімізді, ұлттық қасиеттерімізді алдыңғы қатарға қойылған.\r\n Президенттің патриоттық сезімге толы осы ой-пікірі Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» ең маңызды міндеттер ретінде өз Отаны Қазақстанды сүюге, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекет рәміздері мен халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеу» ата заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және Отандық жетістіктерін игеру, Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тарихын жете білу деп көрсеткен.\r\n Демек, салт-дәстүрлердің, соның ішінде халық педагогикасында көрініс алған патриоттық сана-сезімнің қалыптасуына тікелей ықпал ететін озық дәстүрлердің тағылымдық мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігіне аса мән береді.\r\n Жеткіншектердің адамзаттық, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауларында аса үлкен мән берілген. «Жастарға айтатыным: бақытты өмірді басқа жақтан іздемеңдер. Ата бабаларымыздың айтып кеткен асыл сөздері есте болуы керек». «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген өсиет қалдырған. Өз Отанының бұл дүниедегі жәннәтің мен шуағың. Сондықтан да білімдерің мен қайрат-жігерлерінді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсандар. Туған елің дәулетті, туған жерің сәулетті болса, сендер де әулетті де дәулетті боласыңдар… Еліңді сүйе білсең, жан аямай қызмет ете білсең, елің де сені алақанға салып аялай алады. Осыны ұмытпандар!. Мұның өзі Елбасының келешек ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңдіріп, осынау баға жетпес құндылыққа баулуға жіті көңіл қоятындығын тағы да дәйектеді. Шын мәнінде отансүйгіштік, елжандылық қасиеттер адами қасиеттердің ең биігі, ең асылы екендігі дау тудырмаса керек.\r\n «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауып әкеледі», — деп ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, өскелең ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парызымыз деп есептейміз.\r\n Жақсы жігіт он бесінде баспын дейді, жаман жігіт отыз бесінде жаспын дейді, — деп халық жеке тұлғаның мәдениеттілігі мен елжандылығының жастайынан — ақ белгілі болатындығын дәлелдеген.\r\n «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңда Отанды қорғау және Республика Қарулы Күштерінде қызмет ету Қазақстан Республикасы азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы Конституциялық міндеті мен парызы болып табылады деп көрсетілген.\r\n Қазіргі уақытта армия мен флоттың жаңа қару мен және техникамен жарақтануына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделенді, қысқа мерзім ішінде қазіргі қаруды меңгеру, өзінің тәуелсіз демократиялық Отанының лайықты қорғаушысы болу — жауапты іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны – Тәуелсіз Қазақстан халқы алдыңдағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуға тиіс. Орта оқу орындарында бастауыш әскери дайындық курсын меңгеру — жастарға ҚР ҚК қатарында қызмет етуге дайындалуына көмектеседі. Оның бағдарламасы шақырылған жастарды ҚР ҚК-де қазіргі заманғы қару мен әскери техниканы қысқа мерзімде меңгере алуы үшін жас сарбазды дайындау көлемінде әскери істі оқып-үйренуін көздейді.\r\n Алғашқы әскери дайындық жастарды патриотизм мен интернационализм, демокра¬тиялық қоғам және оған шексіз берілгендік, Отанға және Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған. Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын ұлдар мен қыздар білім алуда екендігін айта кету керек. Олар Қазақстан тарихын терендетіп оқиды, алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып, болашақта тәуелсіз еліміздің мақтан тұтар аяулы ұлдары — Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубәкіров сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды.\r\n Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болуы үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл өсиет, пікірлер бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны патриотизм рухында тәрбиелеудің темірқазығы.\r\n Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен «Ұлтжандылық», «Отансүйгіштік», «Патриотизм» ұғымдары сол заманның ақиқатынан, наным-сенімінен туындайды. Отанға деген сүйіспеншілік бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап қалыптаса бастады. «Отан» деген сөз әуелде көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыздың от жағып, тіршілік еткен ұясы деген ұғымнан шықса керек.\r\n Өз Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу мектептегі әскери-патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы керек. Өйткені кез келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің және бүкіл халықтың ісі деп санайды.\r\n «Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау» деген Президент өз жолдауында.\r\n Қарулы Күшіміздің алдыңғы сапында қазақ жастарының тұруы, олардың бір кісідей ынтымақпен топтасуы, Ата заңымызда көрсетілген қасиетті борышын, перзенттік парызын орындауы — Отанға, Атамекенге деген сүйіспеншіліктің, негізгі мазмұны, имандылық пен адамгершіліктің негізгі белгісі мен басты өлшемі.\r\n Ал, мектепте жастарға әскери патриоттық тәрбиені жеткізу үшін және әскери қызметті түсіндіру мақсатында алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы тағайындалған. Қарулы Күштердің қатарында әскери қызметшілердің құрамын білімді және спортпен шыңдалған, жүрегінде от жалындаған азаматтармен толтыру үшін мектеп жастарына әскери жетекшінің әскери патриоттық тәрбиені түсіндіруінің (әскери тақырыпта әңгімелер қозғау, әскери кездесулер өткізу және т.б.) және әскери патриоттық тәрбиеге қатысты іс-шаралар ұйымдастыруының (әскери спорт жарыстары, әскери ойындар және т.б.) пайдасы көп.\r\n Егеменді ел тірегі — Қарулы Күштер болса, сол Қарулы Күштерде әскери қызметті атқаратын — жастар. Ал жастарды мектеп табалдырығынан бастап жеке куәлігін алғанша даярлайтын және шыңдайтын алғашқы әскери дайындық пәні болып табылады. Жастардың жақсы азамат болуына осы пәннің көптеген пайдасы бар екендігін айта кету керек.\r\n Алғашқы әскери дайындық мектептерде 1996 жылдан бастап ҚР Үкіметінің, арнайы қаулысымен енгізілді. Осы қаулыға сәйкес бастапқы әскери білім беру еліміздің барлық орта білім беретін оқу орындарында жүргізіледі. Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысы қабылданып, әскери дайындықтың деңгейі жоғарылай түсті. Бастапқы әскери дайындық пәні көптеген пәндермен жанама байланыста, ал дене тәрбиесі сабағына тікелей байланысты.\r\n Алғашқы әскери дайындық — Қазақстан Республикасының азаматтарын жастарын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерімен әскери құрамаларында әскери қызмет етуге даярлау жүйесінің құрамдас бөлігі, иелігі мен меншік нысандарына қарамастан жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептерде, арнаулы орта оқу орындарында міндетті мемлекеттік пән болып табылады.\r\n Алғашқы әскери дайындық пәнін оқу барысында оқушылар азаматтардың, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі Конституциялық құқықтарын ұғынуға, ҚР Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін анықтап түсінуге тиіс, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеру үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруы тиіс.\r\n Әскери патриоттық тәрбие — жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады. Әрбір жасөспірім жасынан «Қазақстан — менің Отаным», «Ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын», — деген қарапайым ойды меңгеруі керек.\r\n Әскери патриоттық-тәрбиелік іс шаралар алдын ала жоспарлануы тиіс. Жоспарда тек қана оқытушы-ұйымдастырушының ой-пікірі емес, сол оқу мекемесінің әрбір мұғалімінің ой үлесі болуы тиісті қандай да болмасын әскери патриоттық іс шараны өткізу салтанатында Мемлекеттік Туды алып келу және алып кету. Мемлекеттік Әнұранмен ашу және жабу мәселелерін жоғары ұстау керек. Мемлекеттік Туды салтанатты түрде алып жүру үшін ең жақсы оқитын оқушылардан тағайындау керек.\r\n Жастарға әскери патриоттық тәрбиені тереңдету үшін әр аудандағы, әр қаладағы әскери бөлімдер мектеппен байланысты үзбеуі керек. Мектептерде оқушылардың әскери киім киюі әскери патриоттық тәрбиелеудің негізгі кілті. Мүмкіншілік болып жатса, оқушыларға әскери киім тіктіріп, оны дұрыс киюін қадағалау қажет.\r\n Алғашқы әскери дайындық пәні — Қазақстан Республикасыныың азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттік жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Алғашқы әскери дайындық пәнімен әскери-патриоттық тәрбие тығыз ұштастырыла отырып, жастардың әскери істі жақсы меңгеруіне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсілдері мен құралдарын дұрыс пайдалана білуіне ьқпал етеді.\r\n Алғашқы әскери дайындық бөлімінің кіріспе бөлімінен бастап, әрбір тақырыптары жастардың бойында терең патриоттық сезім қалыптастырады деп айтсақ болады. Оқытушы кіріспе сабақты өткізуде оқушыларды әскери қызметке және Қазақстан Республикасын қорғауға дайындаудың маңызына, алғашқы әскери дайындық курсының оқу міндеттерін орындауға байланысты моральдық-психологиялық және дене күшті шоғырландырудың қажеттілігіне ерекше көңіл бөледі. «Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының егемендігі күзетінде» тарауындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің жауынгерлік туы» тақырыбында мемлекеттік нышандарды зерделеуге ерекше мән беріледі. Республика нышандарының саяси және рухани мәнін пайымдау арқылы жастардың азаматтық міндеттері туралы дүниетанымы кеңейеді және тереңдей түседі. Нышандарды оқи отыра жастар ел тарихының маңызын, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік сияқты жалпы адамгершілік нормаларды бойларында қалыптастырады. Әлемде азаматтардың бойында ұлттық нышандар: туға, елтаңбаға, әнұранға, ұлттық мерекелерге патриоттық сезімді, оларға құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастырып отырған елдер аз емес. Көптеген елдер мемлекеттік нышандарды мемлекеттің оң бейнесін жасаудың негізгі, патриоттық сезім мен ерік-жігерді танытудың нысанасы ретінде пайдаланады. «Сабақтан тыс әскери-патриоттық тәрбие ретінде нышандар» такырыбында деректі фильмдер, конференциялар, ашық сабақтар өткізіп кеңінен насихаттауға болады.\r\n Әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін оқыту арқылы жастарға Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындау, әскери антқа адал болу, өз халқына жанқиярлықпен қызмет ету, өз елін қасық қаны қалғанша қорғау, өз Отанының патриоты болу, адал, тәртіпті болу, кәсіп білікті ұдайы меңгеру, өз жолдасын бағалау, киімді ұқыпты кию деген секілді көптеген жақсы қасиеттер түсіндіріліп, оларды бойларында қалыптас¬тырады.\r\n Әскери қызметтің қиындықтарын табанды өткеруге алғашқы әскери дайындық сабақтарының тақырыптарынан басқа әскери патриоттық тәрбиенің алар орны ерекше деген болсақ қателеспеген болар едім. Әскери істі жіті меңгеруге дайын болу үшін сабақтан тыс Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер, әскери-спорттық ойындар мен эстафеталық жарыстар, әскер тақырыбындағы ерлік сабақтар, қалалық, облыстық слеттерге қатысу, мұражайларға, ескерткіштерге, мәңгілік алау аллеясына бару, әскери әндер сайыстарын өткізу секілді іс-шаралар өте маңызды рөл атқарады.\r\n Патриоттық сезімді жастарға мәнді және мағыналы сусындату үшін алғашқы әскери дайындық пәні жетекшісінің білім, тәжірибесі мол және жоғары болуы тиіс. Ізденіс үстіндегі әскери жетекші қай кезде де болсын жастарға үйретуден жалықпайды. Жеткіншек Отан алдындағы борышын өтеуге барғанда осы мектеп қабырғасында, дәлірек айтсақ алғашкы әскери дайындық сабағында алған теория және практикасы толық және мәнді болса әскери істің қиындығына төзуге, тез үйреніп кетуге көп көмегін тигізеді.\r\n Жастарды әскери патриоттыққа тәрбиелеу — орта білім беру оқу орындарынан, яғни мектептерден басталады. Мектеп – мұғалімнің басшылығымен жас ұрпаққа білім беру, тәжірибе мәселелері жүзеге асырылатын оқу-тәрбие мекемесі, халық ағарту жүйесінің негізгі буыны. Мектептерде жастарды жасына және сыныбына сәйкес үшке бөледі: бастауыш сынып оқушылары, орта сынып оқушылары және жоғарғы сынып оқушылары.\r\n Бастауыш сыныпта білім ордасын енді аттаған жас оқушыларға алғашқы ұстаздары өзіміздің егеменді тәуелсіз еліміз — Қазақстан Республикасының рәміздері (нышандарын) түсіндіруден бастайды. Осы бастауыш сыныпта біздің халқымыздың ұлттық тілі қазақ тілі жүргізіле бастайды. Қазақ әдебиетін оқи отырып, ағартушы ағаларымызбен танысады, ақын-жазушыларымызды біле бастайды. Одан әрі орта сыныпта оқушылар қазақ халқының тарихымен және Қазақстан Республикасының географиясымен, кең байтақ жерімен және Президентіміз белгілеген шекараларымен танысады. Біздің республика қандай елдермен шекаралас екенін біледі. Тарих пәні арқылы жастар егер де жақсы тыңдап, дұрыс түсіне білсе көптеген мағлұмат алады. Өз тарихын, ата-бабасын білген азамат қана болашақ өз елінің қорғаушысы, қазақ дәстүрін жалғастырушы және осыған дейінгі қазақтың батыр болған азаматтарының рухын жоғары алып жүреді.\r\n Армия жасөспірімдердің азаматтық қалыптасуын аяқтайды десе де болады, жас, әрі орнықпаған мінезін шыңдайды, ұйымшылдыққа, тәртіпке үйретеді.\r\n Әскери патриоттық тәрбие — жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады.\r\n Жастардың әскери-патриоттық тәрбие теориясын және практикасын меңгерулері, Отанды қорғау және Республика Қарулы күштерінде адал борыштарын өтеу, оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынулары — оқу орындарының педагогикалық ұжымының аса маңызды бір міндеті болып табылады.\r\n Кеңестер Одағы тараған соң, орта оқу орындарынан алғашқы әскери дайындық пәнін алып тастау — жастарға әскери патриоттық тәрбие беру, оларды армия қатарында қызмет етуге дайындау ісіне едәуір зиянын тигізді, оның әсері жалпы білім беру деңгейінде де, Қарулы күштерінің жеке құрамының моральдық адамгершілік сипатында да көрініс тапты.\r\n Қазақстан Республикасы Үкіметі жасөспірімдердің отансүйгіштік, елінің патриоты мен азаматы болып қалыптасуына көңіл бөліп отыр. Патриоттық тәрбие беру — оқушының саналы көзқарасын қалыптастыру. Алғашқы әскери дайындық енгізілуі, оған байланысты әскери патриоттық тәрбиенің тереңдеуі, Отанымыздың саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға, талантты әскери кадрлар даярлауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жастарды Отанды қорғауға даярлау, жас азаматтардың патриоттық тәрбиесіне танымдарымен мінездерін қалыптастыру ауыр және сан қырлы үрдіс. «Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі оқу орындарында қаланады.\r\n Әскери-патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Бала әрдайым өмірге қызыға қарайды, бәрін үйренгісі келеді, еліне керекті азамат болып өскісі келеді.\r\n Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Сабақ барысында ұжымдық қорғаныс жұмыстарына, сабақтан тыс уақытта жаттығу жұмыстарын өткізуге аса көңіл бөлінеді. Ұжымдық қорғаныс жұмыстары алғашқы әскери дайындықты оқытудың негізгі бір бөлімі. Оқушылар теориялық сабақта алған білімдерін ұжымдық қорғаныс жұмыстары кезінде іске асырып, өздерінің білімдерін, біліктілік дағдыларын арттырады.\r\n Патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да, шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдеріне үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткілісіз, сонымен қатар білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт.\r\n Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерінің Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіпеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды.\r\n Соның бір маңыздысы, тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын белгілі бір қоғамдық, құрылыстан туындаған «Жауынгерлік дәстүрлер» болып табылады.\r\n Әсіресе, бұл дәстүрлер жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған XV ғасырдың ортасынан бастап қазақтың ұлттық мемлекетін құру кезеңі, онда қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін қорғауда есімі аса құрметпен айтылатын: Қасым хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Тәуекел хан, Есім хан, Абылай хандар ерліктері болса, Отан қорғауда өздерінің қабілеттілігімен, жеке басының ерлігімен халық жадында ұмытылмас тұлға болып қалған: Қабанбай, Қарасай, Бөгенбай, Жәнібек, Наурызбай, т.б. батырлар баға жетпес әскери дара басшылық тәжірибесін және қазақ әскери өнерінің дамуына аса зор үлес қосқандығы.\r\n Әскери — патриоттық тәрбиенің ерекшелігі болып оның шешімін табуға арнайы даярланған адамдардың педагогтардың ғана емес, қоғамның толық қамтылуы саналады. Осыған орай әскери-патриоттық тәрбие бойынша жұмыстарды міндетті білім мекемелері қызметкерлерінен басқа, отбасы, мемлекеттік және қоғамдық органдар мен ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, телеарналар, радио мен баспасөздер үлкен рөлге ие болады. Ал бұл жастарды оқудан тыс уақытта ықпал ететін отбасының, әр түрлі мекемелер мен ұйымдардың, телеарналар, радио мен баспасөздердің тәрбиелік мүмкіндіктерін оқытушының пайдаланылуы тиіс дегенді білдіреді.\r\n Қазіргі егемендік жағдайында мемлекетімізде еркін саяси жүйені дамыту, еліміз өмірінің барлық саласын демократияландыру, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімділік шаралары мен өзара диалогты нығайту, біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен ынтымақтастықты орнату әрбір қазақ азаматынан ұлттық патриоттық сезімін дамытуды талап етеді. Саяси-әлеуметтік өмірдегі көңілге қонбайтын жағымсыз жағдайлардың өзі де жастарды адамгершілікке, жоғары идеялық сенімге, экстремизмге қарсы күресуге, қоғамның рухани және адами кұндылықтарын бағдарлай білу іскерлігін қалыптастыруға шақырады.\r\n Патриоттық тәрбие тәрбиенің барлық бағыттарымен бірге жүзеге асырылады. Патриоттық тәрбиенің соңғы нәтижесі ретінде патриоттық сана өз Отанын өркендету жолындағы күресте, оны нығайту мен қорғау жолындағы іс-әрекетте көрініп, бағаланады, сөйтіп сол арқылы тиісті ерлік жауынгерлік және ұлттық дәстүрлерді түзе отырып, кейіннен тәрбиелеуші факторға айналады.\r\n Сөз соңында, Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру мақсатында мынандай ұсыныстар айта кету абзал\r\n Сонымен қатар, қайтадан еліміздегі әскери-патриоттық бағыттағы клубтардың жұмыстарын жаңғырту. Яғни, қандай да әскери сала болмасын Құрлық әскері, Әуе қорғанысы, Ішкі әскері, Шекара қызметі тағы да басқа әскери ұйымдармен өз көлемінде тығыз бірлесе әрекеттесу мәселесін алға қою.\r\n . Әскери дайындықты одан әрі дамытып ,қолдау көрсетіп, жастардың еліміздің лайықты азаматы болып өсуіне ат салысуымыз керек.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ