«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны

0
1383
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Оқушылардың таным деңгейін тексеруге арналған «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін толықтыру, қазақтың салт-дәстүрлерін, ел тарихын қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, алтын сандықша.

Ойынның барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Тренинг «Шаңырақ».

Сәлеметсіздер ме, мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді біз шаттық, жылулық шеңбері дейміз. Себебі шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз.

Шаңырақ құру.

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі:

— Бүгінгі «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойынына қатысушы оқушылар! Біз бүгін «Қазақстан – жасампаздық, бейбітшілік, достық мекені» апталығы аясында  сайыс өткізбекпіз.

ІІ. Ойынның шарты:

— Енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін. Балалар, біздің мақсатымыз ел тарихын қаншалықты білетіндігімізді тексеру. Ал бұл ойынның мақсаты – Отанымыздың жүрегі, бас қаласы – Астанадай алыс жердегі «Алтын қақпаға» жету. Ондағы алтын сандықта «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ойын үш кезеңнен тұрады. І кезең «Тас қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең — шешуші кезең- «Алтын қақпа» деп аталады. Сұрақтар салмағы әр кезеңінің атауына байланысты болады. Мысалы, «Темір қақпада» сұрақтар сәл жеңілдеу болса, «Күміс қақпада» сұрақтар алдыңғы кезеңге қарағанда күрделене, қиындай түседі. «Алтын қақпаның» сұрақтары болса, алдыңғы екі қақпаның да сұрақтарынан салмақты, алтындай бағалы болады. Берілген тапсырма, сұрақтарға дұрыс жауап берілген жағдайда қақпа ашылады. Үш қақпа  ашылған соң «алтын сандықты» ашу үшін барлық кезеңде жақсы жауап берген  топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді.

— Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті болса, ойынымызды бастайық.

І кезең — «Тас» қақпа.

«Тас» қақпаны ашуға арналған тапсырма:

Таныстыру (Әр топ топтарына ат қойып, ұранын, сол бойынша суретін салып, қорғайды).

«Тас» қақпа ашылды.

ІІ кезең – «Күміс» қақпа.

«Күміс» қақпаны ашуға арналған тапсырма: 

Сұрақ – жауап (Ұяшықтың артында жасырынған сұрақтардан әр топ 3 сұрақтан таңдайды.

Ойынның шарты бойынша мына қобдишадан қай топ қызыл асықты таңдап алса,  сол топ бірінші болып  ұяшықтан сұрақтарды таңдайды.

1-сұрақ:  Керей мен Жәнібек қай жылы көшті?  (1456 жылы)

2-сұрақ: Қазақтардың алғашқы қонысы «Қозыбасы» жері қазіргі қай облыс? (Жамбыл облысы)

3-сұрақ: Қазақ хандығы қай жылы құрылды және алғашқы ханы кім?                           (1465 жылы, Керей хан)

4-сұрақ: Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қашан құрылды?                                                 (01 наурыз 1995ж)

5-сұрақ: «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қай жылы қол қойылды?  (2008 жылғы 20 қазанда)

6-сұрақ: Жеңіс туын қай жылы, қай күні сағат нешеде және кім тікті? (1945 жылдың 30 сәуірінде 6 сағат 30 минутта Рақымжан Қошқарбаев)

7-сұрақ:  Профессор кешкі сағат 8-де ұйықтап, сағатының қоңырауын азанғы тоғызға туралайды. Сонда профессор қанша сағат ұйықтайды?   (1 сағат)

8-сұрақ: Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар? (12 айда)

9-сұрақ: Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қай бұтаның астында отырады?                                                (су бұта)

«Күміс» қақпа ашылды.

ІІІ кезең – «Алтын» қақпа.

«Алтын» қақпаны ашуға арналған тапсырма: 

«Кім тапқыр?»  Берілген сөзден сөздер құрастыру. Сол сөздердің орысшасын, ағылшыншасын қапталына жазу. Толық жазылған сөз ғана дұрыс болып есептелінеді.

І топ – Қазақстан,

ІІ топ – Бейбітшілік,

ІІІ топ – Жасампаздық.

«Алтын» қақпа ашылды.

-Біз барлық қақпаларды аштық.

Өте тамаша. Балалар, сыйлықтың бәрі сандықта жатыр. Оны ашу керек. Ашу үшін тапсырма бар. Барлық кезеңде жақсы жауап беріп, алда келе жатқан топ  сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берілсе ғана «Алтын сандық» ашылады.

«Алтын» сандықтың тапсырмасы:

Қолданбалы сән ескерткіштерінің бірегейі. Ол біздің күнімізге дейін жеткен көшпенділер сәулетінің үлгісі. Жинақы, жеңіл, лезде жиналып қойылатын бұл не?    (Киіз үй)

Рефлекция кезеңі.

-Балалар, сендерге бүгінгі ойын ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Қандай қиындықтар болды? (Лента арқылы)

Қорытынды:  «Алтын» сандықты ашқан топ жеңімпаз болып саналады.

 

Садықова Сәнімкул Серікбайқызы

Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ