«Алтын күз» атты ертеңгіліктің сценариі

0
3331

Тақырыбы:     « Алтын күз келді бақшаға»

   Мақсаты:    Оқушылардың білімін, тапқырлығын, күз мерекесінің

қыр-сырын меңгеру. Күзгі еңбектін және табиғатты сүйе білу, қорғау. Эстетикалық, экалогиялық білім беру.

   Мерекелік безендіру:   Шарлар, күзге байланысты суреттер. Сынып

бөлмесі күзге байланысты безендірілген.

Қатысушылар:  Ұстаздар, оқушылар, ата-аналар.

 Жүргізуші:  Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, және балалар! Табиғаттың әсем мезгілі «Алтын күз»мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше«Алтын күз келді бақшаға» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

 

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: — Күз.

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Күз дегеніміз  байлық,молшылық,қап-қап астық, көкеністер, жемістер осының бәрі күзде піседі. Әне, қараңдаршы !Дала да , егін де , тоғай да  сап-сары. Сондықтан халық «Алтын күз» дейді. Ендеше ортамызға   «Алтын күзді» шақырайық.

Залға билеп «Алтын күз» кіреді.

   Алтын Күз:  Сәлеметсіңдер ме, балалар?  (балалар амандасады).

Сәлеметсіздер ме ата-аналар құрметті қонақтар.

 

Жүргізуші:  Сәлеметсің бе, Алтын күз. Төрлет.

  Алтын Күз:  Рахмет.

  Жүргізуші: Балалар Алтын күз мерекесін күтіп, сізге арнап көп әндер мен тақпақтарын дайындады.

       Ән     «Күз жомарт».

 Жүргізуші:  —  Қане кім күз туралы тақпақтарын      айтады?

Балалар тақпақтарын айтады.

  1. Көк майсалы көрікті, 

                           Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

  1. Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып.

  1. Алма, өрік қамбаларға,

Толтырды әкеп алтын күз.

Шәкірт болып парталарға ,

Отырды кеп алтын күз.

  1. Бұлт болып та Алатауға,

Байланыпты алтын күз.

Дастарқанды таба нанға,

Толтырыпты алтын күз.

Жүргізуші:  — Балалар, күзде күн суытып, тоғайдын жапырақтары қандай түске боялады?

Балалар:  Сары түске боялады.

Жүргізуші: Жақсы балалар, күздін болғанын жапырақтардын түскеніненде білуге болады екен. Қане кім жапырақтар туралы тақпақ біледі?

  1. Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

  1. Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді жапырақ.

Ағаштарда жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

  1. Әй, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші-алаша,

Аунар ма еді жатып ап.

  1.   Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.

  1.    Аспанда бұлт үйіріліп,

Жаңбыр жауа бастады.

Ағаштар да жапырағын,

Жерге үзіп тастады.

   Жүргізуші:   Мың бұралып билеген,

                          Бишіні кім сүймеген.

дей келе Би « Күзгі жапырақтар»  биін тамашаланыздар.

 

Жүргізуші:     — Көктемде жерге егіп, жаздай күтіп-баптап,  суарып  піскен жемістерді қай кезде жинаймыз?

  Балалар:   — Күзде жинаймыз.

 

  Алтын Күз:  — Ендеше балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын , сонын шешуін тауып көрейік.

                               

             Жұмбақтар.

  1. Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым.

( Сәбіз).

  1. Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатр.

( Қызылша).

  1. Әрі қызыл, әрә тәтті,

Татқан жанды танырқатты.

( Алма).

  1. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, суы тәтті.

( Арбуз).

Жүргізуші:  Алтын күз көрдін бе біздін балалар жұмбақтын шешуін жақсы тапты. Ризасызба?

  Алтын Күз:  Ой қандай жақсы балалар. Қане кім жеміс-жидектер туралы тақпақ айтар екен.

  1. Қызанақпын, қызанақпын,

Қып-қызылмын ұнамақпын.

Күзде мені тұздап ал,

Қыста сонда шыдамақпын.

  1.                 Бейне тентек баладай,

Ойран асыр салады.

Алма бағын жағалай,

Алмаларын қағады

  1. Неге мені қазақша атамайсын,

Қырық қабат орам жапрақ –деп.

Көкеністін көкесі мен емеспе,

Қарама, маған жай жапырық, деп.

  1. Апорт деген алма бар,

Алматы онын отаны.

Ондай алма қайда бар,

Жерді жарған атағы.

  1. Мен анармын, анармын,

Қабығым қалын болатын.

Мөлт-мөлт еткен түрлерім,

Моншақты еске салатын.

  1. Мен шиемін, шиемін,

Кіп-кішкене болсамда.

Ағаштын бвсын иемін.

  1. Дөп- дөнгелек сары,

Ішінде бар дәні.

Қызғасын көріп,

Онын аты өрік.

Жүргізуші:  Жақсы балалар, ал енді осы көкеністер мен жемістердін адамдарға қандай пайдасы бар екен? Жемістерде дәрумендер көп, жемістерді жейміз. Сонда бойымыз өсіп, денсаулыққа пайдасы бар екен. Ендеше қандай жемісте қандай дәрумендер бар екенін кім айтады?

Балалар:      Лимонда             С дәрумені.

Апельсинда          С дәрумені.

Алмұртта              В дәрумені.

Алмада                  В дәрумені.

Сәбізде                  А дәрумені.

Қызанақта             А.В  дәрумені.

Бұрышта               С  дәрумені.

Сарымсақта         А.В.С дәрумені.

Жүргізуші:   -Көрдінізбе Алтын күз біздін балалар бәрін біледі. Риза болдынызба.

 Алтын Күз:    -Иә балаларға өте қатты риза болып тұрмын. Қане балалар енді біз көңіл көтеріп,

  Ойын :     « Кім жылдам»

 1 .  «Көкеніс , жеміс жинаймыз»

  1. 2.  Сурет бояу.

 

Би: «Күзгі жаңбыр»

 

Ән: «Осень»

 

Алтын Күз: 

Ау, достарым, тоқтандар,

Шаттықта да тоқтам бар.

Қысқа, қызық тойландар!

Қыстың қамын ойландар!

 

Байлығымды жинадым,

Барымды мен сыйладым.

Алға бастар жолым бар,

Аман-есен болыңдар.

 

Алтын Күз:  Сендерге рахмет, балалар. Мереке құтты болсын! Себет толы алмалар сендерге алып келген базарлығым. Сау болыңыздар! –деп кетеді.

 

Жүрізуші:  Рахмет саған  Алтын күз! Балалар, ертеңгіліктін сонында біз бұл алмалардың  дәмін татамыз.

Жүргізуші:     Күз ұсынып егісі мен жемісін,

                         Әкеліпті халыққа бір молшылық.

Сары жапырақ алтындай болып төгіліп,

Елімізде болсын әркез көпшілік – дей  келе бүгінгі

«Алтын күз келді бақшаға»  мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

 

Ертеңгілікті өткізген: Даярлық тобы тәрбиешісі Тастанбекова Назым Тоқтарқызы

                                                                    

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ