Алтын күз (сценарий)

0
28840

 

                                (Балалар музыкамен залға кіреді)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар!  Мінеки өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын күзімізге арналған мерекемізді  бастаймыз.

 

Өнер десе жайнаймыз,

Сандуғаштай сайраймыз.

Алтын күзге арнаған

Әнімізді шырқаймыз.

 

Ән «Алтын күз»

Жүргізуші:Балалар, күзде болатын өзгерістерді  тақпақпен айтып беріңдерші.

                        Балалар тақпақтар айтады.

Жүргізуші:Мінеки, күз келіп, күн суытып, аспан бұлттана бастады.

Би  «Бұлттар мен күн» (би біткенде бұлттар күнді қоршап тұрады)

Бұлттар:      Біз бұлттармыз,  бұлттармыз

Қолымыздан ұстаймыз.

Көк аспанды торлаймыз,

Күнді жасырып қоршаймыз.

Жүргізуші:          Көрінші бізге қымбатты күнім

Қуантшы бізді нұр шашып бүгін

Күн:          Қуантар ем бұлттар мені қоршап алды,

Көк аспанды қара бұлттар торлап алды

Шуағымды шаша алмаймын мен жерге

Желді  шақыршы көмектессін сендерге.

Жүргізуші: Күзгі жел, тез келші мұнда қалыспа

Бұлттарды ұшырып, қушы өте алысқа

(Музыкамен жел келеді)

Жел:            Мен күзгі желмін, өте жылдам желемін,

                    Бұлттарды алысқа қуу үшін келемін.

Бұлттар:    Біз бұлттармыз, үлкее береміз,  (шеңберді үлкен жасайды)

Ашуымызға тисеңдер,

Жаңбыр болып нөсерлетіп төгеміз.

Жүргізуші:      Сұрғылт бұлттар! Біз сендерден қорықпаймыз,

Күнді сөндіре алмайсыңдар.

Күштіміз деп, мықтымыз деп

Мақтануды неге қоймайсыңдар?

Жел:  Балалар, бұлттар қанша мықты болса да олар желден қорқады. Сондықтан маған көмек керек, кәне бұлттарды үрлейікші, әйтпесе жалғыз шамам жетпейді.  (Бәрі үрлейді)

Бұлттар:  Ай, ай, ой, ой бізді қуып жатыр, қашайық.

                       (Жел бұлттарды қуып кетеді, күн қалады)

Жүргізуші:Мінеки балалар,  күзгі жел бұлттарды қуып әкетті. Ал шуақты күніміз ортамызда жарқырап тұр. Енді біздің мерекеміздің шырқын ешкім де бұза алмайды. Олай болса күнімізбен қосылып ойын ойнайық.

Ойын «Күнге жету»

Жүргізуші: Жарқын күн!  Мерекеміз одан сайын жандана түссін, бізге шуақты сәулелеріңді шашып, нұрыңды төкші.

Күн:  Жарайды, онда мен бар әлемге шуағымды шашайын.

                                     Би «Күн сәулесі» (сары ленталармен) (күн шығып кетеді)

Жүргізуші:Қараңдаршы,  балалар, бізге күз ханшасы өзінің  үш айымен келе жатыр, кане қарсы алайык.

 

 (Музыкамен күз, қыркүйек, қазан, қараша кіреді)

Күз: Сәлеметсіңдер ме балғын балалар! Мені сағына күтіп отырған                     боларсыңдар. Мен астықты жинап, Табиғат –Ананы қыс мезгіліне  әзірлеп қойдым. Бүгін  мен өзіммен бірге үш айымды ертіп келдім.

Қыркүйек:    Мен кыркүйек айымын

Жылы күн райымын

Аспанды құс шарлай бастады

Алғашкы қоңырау қуантты жастарды

Қазан:          Қазанда халкымыз

Тойшыл ол салтымыз

Береке байлығын

Беріп тұр алтын куз

Қыркүйекке еремін

Молшылық беремін

 

Қараша:        Күз мезгілі тамаша

Менің атым қараша

Қараша айында

Қыс қамын дайында!

Жүрг:  Алтын күз! Келіңіздер, төрге шығып қонақ болып, балалардың өнерін тамашалаңыздар.  Алтын Күз! Саған байлығың мен астығың,  алуан түрлі жеміс-жидектерің мен алтын түске боялған жайлауың үшін мол алғысымызды айтамыз. Жасаған еңбегіңнің алғысы ретінде балалардың өлең шумақтарын қабыл ал.

 

Балалар тақпақ айтады.

Күз: Мен сендерге құр қол келгем жоқ, өзімнің қызық ойынымды ала келдім. Қаласаңдар, бәріміз сол ойынды ойнайық.

Ойын

(Музыка  ойналып, қалың киінген сырқат бала кіреді)

Сыр: Ой, мына күз мезгілі қандай суық еді, жаурап барамын. Осы мезгілді ұнатпаймын.Туууу,басым ауырып тұр. Көніл-күйім де болмай тұр. Жаңа маған асыр салып ойнаған балалардың даусы естіліп еді,  солар сендер емессіңдер ме?

Жүргізуші:Иә, ол біздің балалар. Біз алтын күз мерекесін тойлап отырмыз.

Сыр: Сендерге қарап кызығып тұрмын. Бәрің көңілдісіңдер. Сендердің шаттана қуанған дауыстарың алысқа естіліп жатыр. Ал менің  ауырғаным басылар емес, тұмау болып калған секілдімін.

Жүргізуші:Біздің  не үшін көңілді екенімізді білгің келсе, айтайын. Біз денемізді шынықтырамыз, дұрыс тамақтанамыз, жемістер мен көкөністерді көп жейміз, дәруменге толы шырындар ішеміз. Осының бәрін жайдарлы жаз бен жомарт күз тарту етті, сондықтан біз көңілдіміз.

 

Күз: Балақай! Мен саған  да өз жемістерімнен сый тарту етейін. Олардың құрамында дәрумендер көп.  Мә мына жемістерді ала ғой. Үйіңе барғанда жерсің.  (жеміс салынған себет береді) Есіңде болсын, дені сау балаға ешқандай да ауру жоламайды.

Жүргізуші:Алтын күз дұрыс айтады, балақай! Жемістер денсаулыққа өте пайдалы. Ал біздің балалар саған осы жемістер жайлы ән шырқап берсін.

 

Сыр: Мен түсіндім. Рахмет. (себетті алады)

 

                       Ән «Жемістер мен көкөністер»

 

Күз: Әндерің тамаша екен, өркендерің өссін. Ал енді маған рұқсат беріңдер, мен кетейін. Барып бау-бақшамды тексерейін. Сау болыңдар. (Күз кетеді)

 

Жүргізуші:Басыңның ауырғаны қойды ма?

Сыр:  Жоқ , әлі де мазам болмай тұр.

Жүргізуші:Олай болса, келе ғой, бізбен бірге денеңді шынықтыр, спортпен шұғылдан. Сонда жазыласың. Балалармен қосылып спорт биін биле.

 

                                    Би  «Спорттық»

 

Сыр: Спортпен шұғылданған денсаулыққа өте пайдалы екеніне көзім енді жетті. Мына биден соң бойым жеңілдеп жақсарып қалған сияқтымын. Көңіл-күйім де көтеріле бастады. Мен енді әрдайым спортпен шұғылданатын болам. Сендерге көп рахмет балалар. Маған көп нәрсе үйреттіңдер, сондықтан сендерге алғыс айтып, алтын күздің берген жемістерінен дәм татырайын. (жеміс таратады)

Ал, балалар, мен кетейін, әйтпесе мені анам іздеп қалар. Сау болыңдар. (кетеді)

 

Жүрг: Осымен шағын  мерекеміз аякталды, сау болыңыздар.

Бүгін бұл орманға күз ханшасы келеді. Мен орманға мына ескі киіміммен қалай барамын

Мұнда жақын жерде шебер үкі тұрады, саған әдемі көйлек тігіп береді, оның қолынан келмейтінін жоқ

  • Саған қандай көмек керек?
  • Маған жаңа көйлек керек еді, бүгін күзбен кездесемін.
  • Мен де бір әдемі көйлек бар, саған тура келер, жүре ғой сол көйлекті саған берейін. (киіп келеді)
  • Міне сұлу боп шыға келдің, ал енді бара ғой.

(Музыкамен күз келеді

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ