Жанғазы Мұқасан. «Желтоқсан әкелген Тәуелсіздік!»

0
3587
Қызылорда  облысы,  Қазалы  ауданы,  Жанқожа  батыр  ауылы,№94 орта  мектеп.\r\n\r\nЖанғазы  Мұқасан, 9 — сынып  оқушысы\r\n\r\nЖетекшісі :   Амандос  Мадина                \r\n\r\n
 
   Желтоқсан  әкелген  Тәуелсіздік!
 
«Ұлтың үшін, тілің үшін өр бол,
Өр болмасаң өр болғанға төр бол
Егер,егер… ұлтты сақтай алмасаң,
Сақтар күшті тіпті жақтай алмасаң,
Бүйтіп тірі жүргеніңше бор бол,
Рухын сатқан ұлтсыздарға қор бол. »
Деп тұрғандай Ләззат пенен Ербол
                     Мұхтар Шаханов
 
     Құс  ұясыз болмайды, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел.  Бұл  ел  туралы:
-Қазақстан!
Пай,пай,пай!
Ардағым-ай!
Сен менің шолпанымсың жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махабатым,арманым-ай!-деп,ақиық ақынымыз М.Мұқатаев шабыттана,шалқыта жырлаған.
    Менің рухани байлығым- халқым,қазақ халқы.Тарих төрінде көне түркі ұрпағы болып,саңлақ «сақтар» деген асқақ атпен де танылып,бүгінде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ халқының жүріп өткен жолы-шежірелі,қазыналы ғұмыр. Әлемдегі талай ел өз тәуелсіздігіне қанды соғыспен,қыруар шығынмен жеткен.Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді.  Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі, бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халық пейілінің қайтарымы.
   Қазақ халқы сан ғасыр армандаған, армандап қана қоймай жан алысып, жан берісіп күрескен тәуелсіздігіне осыдан 21 жыл бұрын қол жеткізді.Иә,дәл сол 1991 жылдың желтоқсанында ақ түйенің қарны жарылып,елім еркіндік алды.Бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.Кенесары мен Наурызбай,Махамбет пен Исатай,Сырым мен Жанқожа батырлар елінің тәуелсіздігі жолында апат болды.Қазақ халқы өткен ғасырда да еркіндік үшін күресін тоқтатпады.
    Ал тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады.  1916 жылғы көтеріліс 1928-1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан   соғысы,  1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз, айтпаймыз.Ақындардың  көзімен  қарасақ:
Қазақстан-кеше…
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі —  деп  жырлағандай
   дүниені  дүр  сілкіндірген  1986 жылғы  желтоқсан!  Осы  бір  жан  түршігерлік  оқиға  қазақ  халқының  мәңгі  есінде  қалады.  Желтоқсан  көтерілісі  — елімнің  болашағы,  бостандығы,  егемендігі  үшін  болған  соңғы  күрес  деп  білемін.
-Қасқалдақ  ұшып  көлінен,
Шүрегей  келіп  қонған  күн.
Қыранды  қуып  көгінен,
Қарғалар  билік  алған  күн.
Нашақор  деп,  ұлтшыл  деп,
Қазаққа  күйе  жаққан  күн.
Базары  кетіп  бір  күнде
Қайғыға  халық  батқан  күн –
   Иә,  1986  жылы  16  желтоқсанда  Алматыда  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  пленумы  өтті.  Сол  пленумда  Қазақстанға  20  жылдай  басшылық  еткен  Дінмұхаммед  Ахметұлы  Қонаевты  қызметінен  босатып,  орнына  саяси  бюроның  шешімімен  Григорий  Колбинді  сайлады. 
Ал  17 желтоқсан  күні  Брежнов  атындағы  алаңға  қазақ,  орыс  тілдерінде  жазылған  «Әр  ұлтқа  —  өзінің  көсемі»,   «Қазақстан  жасасын!»  деген  айшықты  ұрандарды  көтерген  жастар  жинала  бастайды.  Алаңға  жиналғандар  Қонаевтың  ел  алдында  сөз  сөйлеуін  талап  етеді.  Бірақ  Клобин  Мәскеумен  сөйлесіп  Қонаевты  шерушілер  алдына  шығарудан  бас  тартады,  әрі  төтенше  соғыс  әзірлігін  жариялауға  келісім  береді.  Жағдай  ушыға  түседі.  Алаңды  күшпен  тазарту  операциясының  жоспары  қабылданады.  Арнайы  алдырылған  бес  қаруы  сай  әскер  қарусыз  жастарға  қарай  лап  қояды.  Дайындықтан  өткен  әскерлер  күрекпен,  дойырмен  жастарды  басқа – көзге  қарамай  төпелеп,  құлағандарын  аяғынан  дырылдатып  сүйреп  автобусқа  апарып  тиеп  әлдеқайда  алып  кетіп  жатады.   Осылайша  қазақтың  қаракөз  ұлы  мен  қызы  жазықсыз  ақ  қар,  көк  мұзда  жайрап  қалды.  Тарихта  «Құйын»  операциясы  деген  атпен   қалған жойқын  шабуыл  жеңіске  жетті,  бірақ  біздің  халықтың  жанына  еш  уақытта   жазылмайтын  жарасын  салып тілгілеп  кетті.  Сол  күндердің  деректері  жазылған  парақтарды  ақтарып  отырып,  мынадай   жолдарды  оқыдым .   «Ереуілшілерді  қаладан  40 -50  шақырымға  дейін  алып  шығып,   жігіттерді  қанжоса  өлімші  етіп  сабап,  қыздарды  шетінен  зорлап,  сосын  20 градус  аязда  тыржалаңаш  шешіндіріп(перзент  көру  бақытынан  айырылсын  деп),  ақ  қар,  көк  мұздың  бетіне  отырғызып  қойған»  Не  деген  мейірімсіздік,  шектен  шыққан  қаталдық  емес  пе?  Көтеріліс  басылғаннан  кейін  жаппай  қуғын –сүргін  басталған. Деректерге  жүгінсек, көтеріліс  барысында  алған  жарақаттан  қайтыс болған  жігіттердің  алғашқысы  Ербол  болса,  қыздардың  ішінен  тұңғыш  құрбан  болған – Ләззат  Асанова  еді. Ләззатты  әуелде  құрбыларын  алаңға  бастап  барған  адам  ретінде  тергесе,  кейін  мүлде  қатысы  жоқ  жоғалған  әлдебір  ақшаға  айыптайды.  Бұл қаршадай  қыздың  сағын  сындыру,  масқаралау  үшін  еді  және  сол  мақсатына  жетеді  де.
-Елі үшін ерлігімен елене
 Абырой мен атағына бөлене
 Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге!- деп  жылдар  өткен  сайын  шоқ  жұлдыздай  жарқырап    кейінгі  сіңілілеріне  ерліктің  үлгісі  болып  келеді.
    Желтоқсан  оқиғасы  тағдырын  түбегейлі  өзгерткен  жастың  бірі – Қайрат  Рысқұлбеков  болатын.  Ол  «көтеріліске қатысып, Савицкийді  өлтірді »  деген  айыппен  ату  жазасына  кесілген.   «Адам  баласын  өлтіргенім  жоқ.  Ал  әйел  затына  айуандықпен  қол  көтеріп,  шашынын  тартып,  көкпарша  сүйрелегені  үшін  бір  милицияны  ұрып – соққаным  рас.  Ол  адам  зыр  жүгіріп  жүр»  деп  ағынан  жарылған  Қайрат  соңғы  үкім  оқылған  сот  залынан  шығып  бара  жатып  та:   «Мен  жаламен  кетіп  бара  жатырмын,  мама!»   деп  жан  ұшыра  айқайлапты. Ату  жазасы  20  жылға  бас  бостандығынан  айыру  үкімімен  алмастырылып,  Свердловскіге  айдалып  бара  жатқан  жерінен  жолай  түсірілген  қайсар  ұл  Семей  түрмесінде  мерт  болады.  Әрине  адам  қолымен  жасалған  қиянаттан.
Барлық ұлтпен тең болып,\r\n Ешкімнен көңілің қалмасын.\r\n Ендігі жерде басыңнан\r\n Бірлік пен бақ таймасын.\r\n Осы айтылған ақтық сөз\r\n Туың болсын әрдайым  —  бұл  Қайраттың  жан  сыры.  Жігерін  құм  етпек  болған  жойқындар  Қайраттың  жанын  жабырқата  алмапты,  керісінше  қазақ  халқына     тағы   бір  ақын    ұлды   сыйлады.  Біздің  халықтың  ұлы  да  ,  қызы  да  туған  елі  үшін  қандай  да  болса  жан  қиярлық  іске  бара  алатындығын  осы  желтоқсан  оқиғасы  ап –анық  етіп  дәлелдеп  кетті.  Яғни бүгінде:
Қазақстан-бүгін…
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..
    Алайда   Тәуелсіздік жолында қаншалықты қан төгіліп,қаншама боздағымыз қыршыннан қиылып,халқымыз қандай қиындықты бастан өткізбеді?!Сонау «Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұламаны» бастан өткеріп,жоңғарлармен сан жылдар айқасқан қанды жорықтарды халқымыз қасіреттен көкірегі қарс айырылып,зарлы өлең-жырға қоспап па еді.  Жұмыр жердің тыныс-тіршілігін жіті бағып,оның бар асылы мен жасығын тарих таразысында зерделеген ұлы көш алға басып барады. Уақыт көші, өмір көші – бұл.Осы дәуір көшінің әрбір дауылды,жауынды,алдамшы сағымды кезеңдерін бастан кешіре жүріп, халық күлімдеген күнді, еркіндік,т әуелсіздік күнін аңсаумен болды. Бабаларымыздың жүріп өткен жолы-бұған куә.  Ендеше:
Қазақстан-ертең…
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.-   дей  отырып менің бүгінім , ертеңім,келешегім де Отаныммен байланысты  дегім  келеді.
    Отан!«Отан оттан да ыстық» деген тегінде рас-ау. Осынау төрт әріпті бір ауыз сөз біз қандай ыстық,қандай қымбат! «Отан отбасынан басталады» демей ме,біздің халық.бала кезден құлаққа құйылып,бойға сіңген осы бір асыл сөздің астарында қаншама мән-мағына жатыр десеңші?! Ендеше  Аға ұрпақтың  Отан   үшін  сынға  түскен осынау ерлік жолы,өзінің ұлтын,салт-дәстүрін сақтауға әр заманда көрген қиыншылықтарын мен азаптары – бүгінгі ұрпаққа үлкен сабақ  дер  едім.  Сондықтан  да  Өршіл  намыс  пен  мұқалмас  жігердің  Қайрат,  Ербол,  Ләззат  Сәбира    сынды  бейнесі  болып  қалған  желтоқсан  алауы  біздің  Отанға  деген  махаббатымызды  сақтайтын  болады дегім  келеді.  Біз  де  сіздер  секілді  өз  Отанымызды  сүйеміз,  сақтаймыз!
-Желтоқсан  желі-
Дәуірдің  демі,
Арайын  шашқан  таңғы  үміт.
Халықтың  мұңы,
Тарихтың  үні-
Желтоқсан  желі  жаңғырық !-  деп  Әбдірахман  ағамыз  жырлағандай Желтоқсан  әкелген  Тәуелсіздік біздің  санамызды  оятып  тұратын  ұлы  күшке  айналғаны  даусыз.
Ендеше , тәуелсіздік – аманат.
Тәуелсіздік –ел дәулеті,халқымыздың ертеңі. Ертеңімізді  сақтайық,  қазақ  елі!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ