Аманхан Әлімұлы : «Бар өнерін көрсету ол жамандық емес»

0
743

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, «Ақиқат» журналының бас редакторы,  белгілі ақын Аманхан Әлімұлының ақыл-кеңестері.

Аманхан аға, көзі тірісінде  қиындығы мен қызығы қатар жүретін журналистика саласына қалай келгендігін,  өзінің мансаптық жолындағы жеткен жетістіктерін баяндап,  ағалық кеңестері мен тәжірибесімен бөліскен болатын.

«Адам баласы өлелгенше армандай білу керек.  Әйтпесе жан баласы тірі өлікпен  пара-пар адамның кейпінде ғана өмір сүреді».

Бұған  Аманхан ағаның арманның жетегінде жүріп, алдына биік мақсаттар қойып, асқар шыңға жету жолда еңбектенгені дәлел. Арада 6 жыл өтсе де қалаған мамандығына оқуға түскендігі бізді тәнті етпей қоймайды.  Сол себепті журналистің фантазер болу керектігін бізге, яғни жас журналистердің санасына жеткізгісі келген шығар. Журналистикаға адалдығы, махаббатының тазалығы, еңбекке деген құмарлығы, оз мамандығына деген нағыз шынайы сүйіспеншілігін көрсетеді.

«Журналистер  проблеманы көтереді, бірақ оны шеше алмайды. Себебі журналисте билік жоқ».

Шынымен де біз қаламмен қағаз бетіне түсіріп, көк жәшіктен ақпарат таратып, радио арқылы халыққа шындықты, мәліметтерді жеткізушіміз. Бірақ  проблематиканы шешетін арнайы қызметкерлердің бар екенін ұмытпаған жөн.  Қоғамдағы болып жатқан ақпараттарды жеткізу үшінде журналист ең алдымен білімді болуы шарт. Қай сала, қай орта  болсын кем дегенде  50 пайыз білімі болу керек. Бұл  жас журналистерге қойылатын басты талаптардың бірі.

Аманхан аға: «Қазіргі қоғам жастардікі! Әр адам жеке тұлға болуға ұмтылу керек. Индивид ретінде қалыптасып, көзі ашық, көкірегі ояу, білім қуалаған азамат болуы абзал.  Біз Совет үкіметінде өмір сүріп жатқан жоқпыз. Кезіндегі ата-аналармыз секілді «сені үкімет асырайды» деп айта алмаймыз. Советтік үкімет кезінде жұмыс істемей жүрсең, сені қамауға аламыз деп қорқытатын. Ең әуелі жұмыс тауып беретін. Ал қазір ше? Қазіргі қоғамның кейпі бір бөлек, мүлдем басқа! Біз капитализм  жүйесімен өмір сүреміз. Жұмыс табу қиын. Қазіргі қоғам еңбекті талап етеді. Туысың өз жұмысын жақсы атқармаса: «маған бұндай руластың керегі шамалы, маған нағыз жұмыс істейтін адам керек» — дейтін заманға келдік. Журналистерді 2 аяғы асырайды».

Аманхан ағадан үлгі, ал  сөздерінен өсиет алуға болады. Мысалы:

  • «Құдайдан үмітім бар, Мен ең бірінші Алладан, екінші жақсы адамдардан жақсылық көрдім. Өзін танымаған адам, Алланы да танымайды»;
  • «Қандай жанға ашылып барсаң, ол да саған жылы лебізін білдіріп ашылады»;
  • «Жамандық аяқтың астында. Жаман адам болудан дүниеде ең оңай нәрсе жоқ. Жақсы адам болу қиынның қиыны»;
  • «Адам жақсыны немесе жақсы адамдарды көре алмайды. Жақсы адамдар дәл бір каскадер секілді. Бір жамандық істесе жамандығын көріп, жақсылығын бір мезетте қасықтап жинаған абыройын, бір мезетте жоқ қылады». 
  • «Ешқашан мына адам менен неге озып кетті деме! Ең алдымен сенің қызғаныштығыңды білдіреді. Екіншіден, сенде дәл сол жандай қол- аяғың бар, көзің, т.б. бар.  «Неге мен одан қалуым керек?» — деп алдағы уақытта еңбектенуің керек»;
  • «Әр отбасының өзіндік бақыты болады. Ол сыйластыққа құрылады. 2 жастың ортасына есі кеткен түседі. Адамның ішкі жан дүниесіне  бөтен, бөгде адамның араласуына жол жоқ! Адам болашақ жарын, мамандығын таңдағанда жаңылмауы керек. Бірақ екеуінде жүректің үніне құлақ салып, ақылмен саралағаны дұрыс»;
  • «Адам баласы бұл өмірде кешірім сұраудан және кешіруден ұялмағаны жөн»;
  • «Сынды адам баласы қабылдай білі керек. Сын — фактілермен дәлелденіп, сарапталса, оның кемшілікті тұстары нақты дәйектелуі тиіс. Ал құр сөзбен жамандап, байыбына бармау сын айтқанмен тең емес»;
  • «Мақтаныш пен мақтанудың айырмашылығы жер мен көктей. Біз бұны шатастырмасақ өзімізге жақсы. Өткенді мақтаныш етіп, бүгініңмен мақтану керек. Егер өткеніңмен мақтанатын болсаң, сол атаққа лайықты бол».

«Адам баласы Алланың туа біте берген  өнерін елге көрсетуден қысылмауы  керек. Бар өнерін көрсету ол жамандық емес».

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ