Аң мен құсқа қатысты ырым-тыйымдар

0
15452


        Қарға қысты күні үйге қарап қарқылдаса қар жауады, соғым сойылады десе, жазда жәңбір жауады не той болады деп те ырымдайды.

   аң аулауға алғаш шыққан адам тұңғыш алған аңын біреуге байламайды, қанжыға қуарып қалады, қанжыға қанды болмайды деп ырымдайды. ал одан кейінгі алған аңдарын дос-жаран, ағайын-туыстарына байлай береді. мұнысы әр қандай істің бастамасы өзімінен болсын, жақсылығы да жамандығы да басқаға көшпесін дегені, мұның түп төркіні дүние құмарлық емес, жақын кісілері сол олжадан бақытсыздыққа ұшырамаса екен деген тілектің нышаны болса керек.

   сауысқан үйдің төбесіне қонып немесе үйге қарап шықылықтаса, үйге қонақ келеді, алстан жолаушы келеді немесе кеткен жолаушылар аман- есен ауылға оралады деп ырымдайды, «әлей-әлей,-ақ сөйле», «ақ сөйлей гор» деп тілек айтсады.

   аққуды, сары ала қазды, бұлбұлды және сыңар жүрген құстарды ұстамайды, ауламайды, киелі құс деп бағалайды, бұларды ауласа бүкіл табиғат шамырқанады, заман ақыр, жер тақыр болады, олар табиғаттың ерке де көрікті құстары деп ырымдайды.

   үкіні қасиетты құс деп біледі, үкінің үлпілдек жүнінен, басынан, сирағынан және қауырсынынан төсек, бесікке, бас киімге қадап жүреді.

   ит жұнынан түлесе қыс жылы болады, қыс жақсы болады, бауырынан түлесе қыс суық болады, қыс аяғы ұзаққа созылады деп ырымдайды.

   тұзаққа түсіп немесе қамалып қалған құсты ұстап алған соң басынан үш мәрте айналдырып босатып жібереді.

   жараланған жыртқыш аңдарға соқтықпайды. жолбарыс, аю, қасқыр, қабылан, т,б. жараланған кезде бүкіл дүниені құртардай ызалы күйде жатады, байқаусызда шамына тисең тас-талқаныңды шығарады, жаныңды жалмайды, бағыңды қармайды, басқадан қалған кек. ыза басыңа пәле боп жабысады деп ырымдайды.

   жолаушыға айдалада кезіккен аңды да киелі санайды. «әбірөйлі жігіттің алдынан әжәлсіз аң кезігеді» деп ырымдап жақсылыққа балайды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ