Бастауышта білім беруді ұйымдастырудың тарихи мәселелері

0
2263
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.

І тарау. Бастауышта білім беруді ұйымдастырудың тарихи мәселелері

1.1. Бастауыш мектепте дамыта оқыта теориясының тарихнамасы.

1.2. Бастауыштағы білім беру жүйесінде оқыту процесінің өзіндік ерекшіліктері

 

КІРІСПЕ

Егемендікке ие болғалы Қазақстанның қоғамдық — саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептерінде оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама.

Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол. Дей, тұрғанмен, жаңа үлгідегі мектептер тәжірибесінде өз мақсат – міндеттерін дұрыс түсінбеуден, оларға лайықты ғылыми – педагогикалық негіздің болмауынан бар екенін айта кету керек.

Соңғы он шақты жыл ішінде оқыту процесін ізгіліндіру оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық функциясын арттыру мақсатында біраз шаралар атқарылуда.

Дей тұрғанмен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетіндей баяндау, түсіндіру үлгіні, көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Оқытуды дамытудың міндеттерін іс жүзінде шешудегі қателіктер бастауыш мектеп оқушыларының абстрактілі ойланудағы мүмкіндіктерін жеткілікті бағаламаудан туады. Осының нәтежесінде мектептерде шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интелектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүр.

І тарау. Бастауышта білім беруді ұйымдастырудың тарихи мәселелері
1.1. Бастауыш мектепте дамыта оқыта теориясының тарихнамасы.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонмен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл – ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігін саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқытуды ұйымдастыруды балаға ақыл – ой әрекетін меңгертуге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту – сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым — қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс — әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бала интеллектісінің көзін ашып, шығармашалығын дамытады.

Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ ойшылдар білім мен ақыл – ой тәрбиесінің арақатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған.

Біз оқытудың формалары туралы айтқанымызда, оқушылардың белгілі бір оқу әрекетін ұйымдаструын еске аламыз. Оқыту формалары өзгермейтін дүние емес. Мектептің дамуына, оқытудың міндеттері мен мазмұнының өзгеруіне қарай оқытудың ұйымдастырудың формасы да өзгереді; ескілер өледі, жаңалар туады. Оқытудың кейбір формалары, мәселен, Мұның өзі оқытудың формасы ретінде сабақ ғасырлар бойында өзгермеді деген сөз емес. Алғашқыда балаларды оқыту, негізінен алғанда, жеке – дара жолмен жүзеге асырылды. Бірақ мұндай жолмен оқушылардың шағын ғана мөлшерін оқытуға болатын еді. Қоғамның дамуы барған сайын сауатты адамдарды көп мөлшерде керек етті, осы қажеттің көрінісі ретінде оқытудың сыныптық сабақтың жүйесі келіп туады.

Мұның сыныптық деп аталатыны мұғалім белгілі бір жастағы мықты қоғамы бар, сынып делінетін оқушылар тобымен сабақ жүргізеді. Сабақ делінетіні – оқу процесі қатаң белгілі бір уақыт шегінде – сабақта өткізіледі. Әрбір сабақтан кейін үзілістер жасалады.

Сыныптық — сабақтық жүйесі өмір сүргелі үш жүз жылдан асып барады. Оның теориялық тұжырымын тұңғыш рет Я. А. Коменский берді. Ол оқытуды жыл бойынша шектеуді, әр жылға өз программасын беруді, жастарына қарай оқушыларды сыныптарға бөлуді, бір күннің шебінде оқытуды сағатпен жүргізуді ұсынды.

Коменскийдің ойы бойынша әрбір сабақ — сағат сабақтардың ұйымдастырылуы мен мазмұны қақысында тұтас бір бүтін болып келуге тиісті еді. Ол сабақтың төмендегідей құрылымын белгіледі:

а) мұғалімнің жаңа материалды оқып қайталауы;

ә) мұны кітап бойынша оқушылардың кезекпе–кезек пысықтауы;

б) кітапсыз пысықтау.

Сабақтың соңында ол мұғалімге оқушылардың сұрақ беруіне мүмкіндік жасау қажет деп есептеді.

Коменский сабақтың сапасы мұғалімнің оны өткізу шеберлігіне байланысты деп дұрыс пайымдады.

Сабақ теориясын жасауда К. Д. Ушинский едәуір үлес қосты. Ол сабақты сан алуан етіп құруды, оларға мұғалімнің кіріспе әңгімесін, алғашқы және жаңаны пысықтай оқуды, бастысын табу, фактілерді салыстыру, ережелер мен қортындыларды тұжырымдау мақсатымен оқылғандар жайында әңгімені енгізіп отыруды ұсынып, мұғалім сабақты өткізгенде балалардың ойлауын, есінде сақтауын дамытуға үлкен көңіл бөліп, сабақты ұйымдастырудың көптеген мәселелеріне терең ғылыми негіздеме берді.

К. Д. Ушинский сабақтың басты ойын оқушыларға көрсете білуді, сабақта оқушының белсенді жұмыс істеуі жолымен оны мықты орнықтыруға жетуді, оқып үйрену тәсілдерін игеруді әрбір педагогтың қажетті қасиеті деп санады.

ХІХ ғасырдың аяғында америка мектебінде оқушылардың толық дербестігіне есептелген оқыту формасы қолданыла бастайды. Бұл формалар әуел баста бір мұғалім бірінеше сыныптармен жұмыс істеген шағын село мектептерінде туды. Бұдан кейін бұларды белгілі жүйеде Долтон қаласының қалалақ мектептерінің біріндегі мұғалима Елена Паркхерст қолданады. Жеке – дара тапсырмалар бойынша оның жұмыс жүйесін американ педагогі Джон Дью мақұлдады да, бұдан арғы жерде дальтон – жоспар деген атпен кеңінен таралды.

Оқушылардың оқу сабақтары оқу кабинеттерінде, лабораторияларда, кітапханаларда жеке – дара өткізілді. Мұғалімдер тапсырмаларды жете тексеріп, оқушыға қажетті көмек көрсетті. Тапсырмаларды орындау есебі жеке – дара карточкаларда жүргізілді, бұлар әрбір оқушыда және сыныптың жалпы карточкасында болды.

20 – шы жылдардың аяғында мектеп балаларының дербестік идеясын совет мектебінің оқу жұмысын ұйымдастыруда пайдалануға әрекет жасалды. Біздің мектептерімізде оқу тапсырмалары жеке оқушыларға емес, бригадаға немесе звеноға берілді. Тапсырма беруге дейін мұғалім оқушылармен кіріспе сабақ өткізді, содан соң тапсырманы орындауға байланысты жұмыс түрлерін өз ара  бөлісіп алып, бригада дербес жұмыс істеді. Жаттығуларды орындау барысында оқушылар мұғалімнің консультациясын ала алатын, тапсырмаларды орындағаны үшін бригадир немесе звено жетекшісі есеп беретін. Оқу жұмысының мұндай формасы бригадалық — лабораториялық әдіс деп аталды.

Шамамен осы кезде біздің мектептерімізде жұмыстың басқа формасы – жобалар әдісі де пайдаланады. Мұның мәні мынада еді: оқушылар өзінің жұмысы үшін әйтеуір бір жобаны (істі) белгілеуге тиіс болды және осы жобаның айналасында бұлардың таным – білімдік әрекеті құрылатын еді. Бірақ бұл істер (астықты жинау, кәсіпорының жоспарын орындауға қатынасу) жиі кездейсоқ сипатта болды, ал істі орындаумен байланысты оқу сабақтары оқушыларға сындарлы жүйелі білім бермеді.

Оқу жұмысының бұл формасы оқу процесінде оқушылар дербестігінің молдығымен педагогтардың назарын аударды. Алайда бұларды пайдалану барысында оқу жұмысын осылай ұйымдастырудың осал жақтары да табылды: оқу жұмысында ұйымдастырылу нақтылығы болмады. Мұғалім оқушылардың тәрбиешісі ретіндегі өзінің негізгі функциясынан айырылды, ол консультатқа, бақылаушыға айналып кетті. Барлық негізгі жұмысты оқушылар кәсіпорында, колхозда, кітаппен жұмыс істеу үстінде өткізді.

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада “мақсат” “әдіс” және “тәсіл” сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Сондықтан оларға біз тоқталмаймыз.

Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие. Тәрбие жайлы осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субьектісі бола алмайды, яғни өздігінен ойланып, белсенді іс — әрекет жасау ролін атқармайды.

Тәрбие баланы өздігімен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің ролі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.

Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан біржақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндірмекші. Бұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың айтуынша, тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді. Сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді.

Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбие құрамды бөліктері – білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп жеке мағына бере бастайды.

Білім беру – бұл ұғымды ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоции.

Білім беру деп – табиғат және қоғам жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.

Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеді. Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуірінде білім беру ғылыми техникалық прогрестің құдіретті факторы болып отыр.

Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс — әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден оқушы таным міндетін жеке түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады. Оқыту процесі өзінің белгілі құрылысы және компоненттерімен сипатталды. Олар:

  1. Білім, іскерлік, дағды. Білім – обьективті дүниені бейнелейтін адам баласының жинақталған тәжірибесі. Оқу процесінде табиғаттағы, қоғамдағы құбылыстарды, ұғымдарды және заңдылықтарды оқушылардың білуі, яғни жинақталған бай тәжірибені игеруі мұғалімнің басшылығымен іске асырылады. Іскерлік деп алған білімін пайдалана отырып, оқушының саналылықпен орындайтын практикалық ісін айтады. Мысалы іскерлікке есеп шығару, кітаппен жұмыс істеу т.б. жатады. Оқушының бірнеше рет практикалық істі орындау арқылы машықтануын дағды деп атайды. Мысалы, оқушылардың мәнерлеп жылдам оқу дағдысы немесе лабораторияда топырақ құрамындағы қоректі элементтердің тез анықтау дағдысы бірнеше рет қайталанылып орындалатын практикалық жұмыстардың нәтижелері.
  2. Мұғалімнің өмірге, ғылымға көзқарасы, қатысы және оқу-шылармен қарым — қатынасы.
  3. Оқушылар ұжымы.
  4. Оқыту әдісі.
  5. Оқытудың дидактикалық және техникалық құралдары.

Сонымен оқыту – оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын және таным қабілетін (зейін, ес, қиял, ойлау т.б.) дамыту, қалыптастыру процесі.

Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағынан да біліммен қаруландыру жағынан да оқытудың жаңа мазмұнын беруге тиіс деді.

Коменский мектеп білімнің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік грамматика мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салалы жан – жақты білім беруге шақырды.

Алған білімінің тиянақталығы жөніндегі мәселе – Коменскийдің педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі.

Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін, дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге беріктігін талап етеді деді Коменский.

Ол өзі ұсынған дидактикалық принциптерін ілгері дамыту және оларды нақтылау мақсатында бірнеше методикалық нұскаулар ұсынды. “Ұлы дидактиканың” ХХІ тарауы “Өнер – білім әдісіне арналған. Мұнда оқу, жазу, ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге қатысты бірқатар ережелер сөз болады. Сондай-ақ адам “практикалалық дағдыларға іс жүзінде үйренуге тиіс”, “қандай да болмасын қызмет, әрекет үшін белгілі бір форма, норма белгіленуі қажет”, “жаттығу жұмысын оқушылар өнер – білімді толық меңгергенше жүргізу керек”, — деген өте орынды пікір айтылды.

Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың “жақыннан алысқа”, “белгіліден белгісізге”, “нақтылыдан абстрактылыға”, “жеңілден ауырға қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды”.

Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына әріктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін, оқушыларға арналған демалысты, оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін, оқу күнінің мерзімін енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып сабақ жүйесі ұсынылды. Коменский сабақты ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді (жаңа материалды өту, оқушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, оқушылар білімін тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтағы тәртіп т.б.). Ал И. Г. Песталоццидің пікірі бойынша оқыту бақылауға, тәжірибеге негізделіп ұйымдастырылып, қортынды жасауға, жалпылауға қарай жүргізілу керек деді. Адамды жан – жақты дамыту идеясын ұсына отырып, Песталоцци білім беруді моральдық тәрбие берумен байланысты жүргізуді, яғни оқыту арқылы тәрбиелеуді талап етті. Бақылау арқылы балада көру, есту және т.б. түйсінулер пайда болады. Солардың негізінде ойлау және сөйлеу дамиды. Оқыту балаларға, біріншіден, білім беретін болса, екіншіден, олардың ойлау қабілетін дамытады. Оқытудың осындай екі жақты мәнін атап көрсету ол дәуірде өте құнды пікір еді. Бұл пікір өз мәнін әлі жойған жоқ. Бірақ Песталоцци өз тәжірибесінде оқытудың бұл маңызын екі айырып, баланың ойлауын формальды түрде дамытуды бірінші міндет етіп қойды.

Оқытуды жеңілдету мақсатымен Песталоцци дүние заттары туралы білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені таниды деп көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын жатқызды.

Оқыту прцесінде өлшеу арқылы бала заттың формасын, санау арқылы санын, тілін дамыту арқылы заттың атын таниды деп санады. Сөйтіп, элементарлық білім беру өлшеу, санау және сөзді меңгеруден тұрады деп есептеді.

Песталоцци оқудың негізін оны көрнекі болуы деп санады. Көрнекілікті кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.

Білім белгілі жүйемен, ретпен берілу керек деп есептеді. Балаға оның әлі келетін білімді ғана берген дұрыс. Баланың ойлауын дамытумен қатар, онда белгілі дағдыларды қалыптастыру қажет екенін атап көрсетті. Алған білімін пайдалана білмеу тәрбиенің үлкен кемшілігі болып табылады. Мектеп баланың қабілетін дамыту және білім берумен қатар, оларды іс-әрекетке, дағдыға үйретеді, ол үшін балаларды жаттықтыру қажет деді. Оқытудың зор міндеттерін көрсете отырып, Пестолоцци мұғалімдерге үлкен талаптар қойды. Мұғалім білімді адам ғана емес, сонымен тиісті дайындығы бар адам болуы қажет. Сондықтан мұғалімнің міндеті әрі ауыр, әрі жауапты, мұғалім балаға оның ата – анасындай қарауы керек, баланы оқыту және тәрбиелеуге қажетті істердің бәрі оның міндеті болып табылады. Мұғалім балалардың психикалық ерекшелігін жете білуі керек. Соның негізінде өзінің оқыту және тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруы қажет деп есептеді.

Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци бастауыш білім берудің методикасының негізін салды. Ана тілін оқытудың міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады. Песталоцци әріптерді қосып оқытудың орнына бірден дыбыстарды қосып оқытуды ұсынды. Балалардың сөздік қорын байыту жөнінде бірнеше бағалы кеңестер берді. Ана тілін оқытуды көрнекілік негізде жүргізіп, жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді ұсынды. Бірақ Песталоццидің өз сабақтары кейде ұзақ жаттығуларға айналды. Бірыңғай ондай ұзақ жаттығулар балаларды жалықтыратынына ол мән бермеді.

Жазу үйретуде Песталоцци алдын ала әріптердің элементтерін жазуға ұзақ жаттықтыруды ұсынды. Мұндай жаттығулар қазіргі мектептерде кең пайдалануда. Әсіресе алғашқы жылдарда орфографиялық дұрыс жазуға ол үлкен мән берді. Жазуға үйретуді ол сурет салумен байланыстырып, баланың тілін дамытуға үнемі көңіл бөлуді талап етті.

Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Песталоцци арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды. Бөлшек сандарды оқытуда квадратты бүтін сан деп алып, оны екіге, төртке бөлу арқылы түсіндіруді талап етті. Песталоцци санымен буржуазиялық — демократикалық педагогиканың үлкен ірі өкілі болып табылады. Ол кедейдің балаларына тәрбие беру мәселелеріне өз өмірін  арнады. Оның қоғамдық көзқарасы тар шеңберде болды, халықтың тұрмысының нашарлығының шын себебін түсінбеді, бала тәрбиесі арқылы оларға көмек көрсетуді көздеді.

Элементарлық білім берудің теориясын ұсынып, дене тәрбиесі, моральдық тәрбие және білім беруде көптеген құнды пікірлер айтты. Оқуды өнімді еңбекпен ұшырастыруға көп көңіл бөлді. Бастауыш мектепте берілген білімнің көлемін кеңейтпек болды, оны халыққа жақын етуге тырысты.

А. Дистервергтің педагогикалық ой – пікірі. Педагогиканың дамуының негізі ретінде педагогикалық тәжірибені атап көрсетті, оны жинақтау қажет деп түсінді. Тәрбиеге қойылатын негізгі міндеттердің бірі ретінде балалардың белсенділігін дамытуды ұсынды. Песталоцци сияқты Дистверг те оқытудың негізгі міндеті балалардың ақыл – ойын, қабілетін дамыту деп көрсетті. Оқыту арқылы адамды жан – жақты дамытумен қатар, балаға моральдық тәрбие беру қажет, мектепте оқытылатын әрбір пәннің білім берумен қоса тәрбиелік әсері болуға тиісті деп есептеді.

Дистерверг бастауыш мектепте берілетін білімнің кеңейтілуін, атап айтқанда жаратылыс, география, физика және геометрия пәндерінен қажетті білім берілуін қостады. Орта мектептерде өмірге қажетті білімдердің берілуін жақтады. Дистерверг әрі білім беретін, әрі тәрбие беретін оқытудың дидактикасын жасады. Оның дидактикасы оқыту мәселесі жөнінде 33 заңмен жинақталған ережелерден тұрады. Оқытуда алдымен балалардың қабылдау ерекшелігін ескеру қажет деп санады. Оқытуды жеке мысалдардан ережеге қарай, заттың өзінен оны білдіретін сөзге қарай жүргізілуін қолдады. Дистерверг сезім мүшелерін әсер ететін заттың тікелей өзімен балаларды таныстыруға зор мән берумен бірге, қабылдаған материалдың жете түсінікті болып, барынша ойландыратындай болу өте қажет деп түсінді.

Дистерверг оқыту ісінде балалардың оқу материалын саналы түрде игеруіне зор мән берді. Саналы түрде материалды игерудің көрсеткіші – негізгі мәселені толық түрде айтып бере алуында. Сондықтан ол “Балалар түсіне алмайтын материалды балаларға  оқытпа” немесе “Уақтынан ерте ешнәрсеге оқытпа” деген ережені ұсынды. Білім берік болуы үшін балаларға шамасы келмейтін мәліметтерді бермей, тек қана негізгі мәліметтерді ғана түсіндіру керек деп есептеді. Оның үстіне жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын материалды ерекше екшеп алу қажет екенін ескертті. Жас мұғалімнің негізгі кемшілігі — өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы деді.

Матералды пысықтауға Дистерверг үлкен мән берді. Ол жөнінде оқытудың мынадай: “Оқушылардың оқыған материалын ұмытпауына қамқорлық жасау керек” деген ережесін ұсынды. Сондықтан оқылған материалды жиі пысықтап отыру қажет деді.

Оқытудың жемісті болуы оның тәрбиелік мәнінің болуында деп санады. Оқыту баланың ақыл – ойын ғана дамытып қоймайды, оның еркін, сезімдерін, мінез — құлқын қалыптастырады. Сондықтан мектептегі оқушылардың тәртібін мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланыстыру керек. “Кім жақсы оқытса, сол тәртіптілікке дұрыс тәрбиелейді”, — деп тұжырымдады ол.

Дистерверг оқыту әдістерінің мәнін балалардың ақыл – ойын дамытуға тигізетін әсеріне қарай бағалады. Оқытуда әсіресе әңгіме әдісінің рөлін өте жоғары бағалады. Әңгіме балардың ақыл – ойын дамытады, іздеуге, талдауға, ойлауға үйретеді деп санады.

Иоганн Гербарттың бүкіл педагогикалық жүйесінің орталығы оқыту теориясы болды. Тәрбиенің мақсаты – ізгілік, жақсылық, ол оның маңызды құралы – оқу, ол оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясын ұсынды.

Өзінің оқыту теориясының негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығушылықтарын алды. Адамдағы қызығушылықтар  айналасын қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болды. Біріншісіне жататын қызығушылықтар: эмпирикалық; бұл – айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген акылой қызығушылығы; этикалық қызығушылық — оқушыларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетті. Қызығушылықтардың екінші тобына жататындар: симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады, әлеуметтік қызығу әр түрлі қоғамдық ұйымдардың ара — қатынасын анықтайды; дінге қызығу – діни ұғымды күшейтеді.

Осы алты түрлі қызығушылықтар оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды деді. Гербарт анықтаған қызығушылықтар жүйесі оның идеалистік көзқарастарынан туған логикалық тұжырымдар еді. Жоғарыдағы қызығушылықтар ақыл – ой түріндегі топшылаулар сипатында болды да, практикалық өмірмен байланыспады. Сөйткенменде оқушылардың әрсалалы қызығушылықтарын дамыту тұрғысынан және оқуды соларға негіздей жүргізу жөнінен Гербарт топшылауының құптарлық пікірі де болды.

Гербарт оқудың мазмұны жөніндегі проблеманы оқытудың сатысы жөніндегі теориямен тығыз байланыстыра зерттеді. Оның ойынша оқу процесі немесе сабақ төрт сатыдан тұрады, мұны әдетте оқытудың формальды сатылары деп  те  атайды.  Олар:  1)  анықтық — айқындық,   2) ассоцация,  3) жүйе, 4) әдіс.

Бірінші – анықтықайқындық сатысында оқытылатын материалды оқушылар басқалардан бөліп алып, тереңірек оқиды. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, бұл сатыда оқытушы жаңа материалдарды хабарлап, көрнекілікті қолданады.

Екінші саты — ассоцацияда жаңа материал оқутудың мұнан бұрынғы өткен сабағында алған мәліметтері өмірден алған елестетулерімен ұштасады. Дидактикалық жағынан бұл кезде оқытушының оқушылармен әңгіме жүргізуі тым сәтті болады.

Үшінші саты – жүйе. Мұнда оқушылар оқытушының басшылығымен өткен сабақта алған мәліметтерімен байланыстырып, жаңаның негізінде тұжырымдар мен қорытындыларды, анықтамаларды және заңдарды іздестіреді. Дидактика саласында бұл сатыда әртүрлі оқу жаттығулары жүргізіледі, оқытушылар оқушылардың бұрынғы меңгерген білімдерін талап етеді, олардың логикалық және творчестволық ойлауын бақылайды.

Тәжірибелі мұғалім оқушылардың сабаққа зейінін арттырып, оқу материалына ынтасын оята біледі, ал мұның өзі, Н. И. Пироговтың түсінуінше, оқытудың желісті болуы үшін аса қажет.

Негізгі дидактикалық принциптерді Н. И Пирогов саналылық, көрнекілік, оқушылардың белсенділігі мен дербестігі деп санады.

Н. И. Пирогов балалардың меңгеретін білімдерінің терең және тиянақты болуын талап етті. Ол методикалық өнердің негізгі көрнекілік пен сөзді орынды бірлікте қолдана білу деді. Оның пікірінше, мектептегі бүкіл оқу жұмысын бір ғана көрнекілікке, не болмаса баяндау түрінде құруға қарсы болды.

Кіші жастағы мектептен балаларын оқыту мен тәрбиелеуде Н. И. Пирогов ойын әдістерін пайдалануды ұсынды. Ойынды ол алғашқы білім берудің күшті құралы деп атады. Балалар ойынын жоққа шығару, пайдаланбауды тәрбиешілердің  әлсіздігі деп есептейді. К.Д. Ушинскийдің педагоггтық пікірінің ең негізі мәні -әрбір елде халықтық мақсат –мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтың идеясында еді. -Дүние жүзінің басты міндеттеріндегі  мектептердің білім жүйесін зер сала зерттей отыра, Ушинский өзінің білім беру жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық жақтарының болғанымен, әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын байқайды, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи өмірі мен тұрмысын,талаптары мен мұң-мұқтажына байланыстығын көрсетті. Ушинский орыс халқына тән тарихи қалыптасқан мынадай ерекшеліктерді көрсетті: ғасырлар бойынша сиынып өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік, оның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында әрдайым күреске әзір болу, жоғары азаматтылығы мен гуманизм, мол творчестволық сезімділік.

Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді; халықтың өмірін жөндеу оның санасын дамытуға көмектеседі деп есептейді Ушинский. Ол “Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін,ол халықтық болуы тиіс”, — деді. Ушинский тәрбие саласындағы орыс халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесін мойындамаушыларды, тәрбиедегі халық тілегін ескермеушілерді, орыс мектебінде орынсыз түрде шетелдің педагогикалық теориялары мен тәрбиесін енгізушілерді аяусыз сынады.

Тәрбиедегі халықтық идея жемісті түрде жүзеге асуы үшін, Ушинский мынадай негізгі жолдарды белгіледі:

  1. Ағарту ісі мен тәрбиенің кең демократизм негізінде құрылуын көздеді. Тәрбие ісіне халықтың өзі қожа болып, мектептер бүкіл халықтың жастарын қамтуы тиіс деді. Бірақ Ушинский өмір сүрген қоғамдық құрылыс жағдайында бұл талап орындалмайтын еді, ол үшін помещиктік – буржуазиялық құрылысты революциялық жолмен қирату қажет еді, мұны ол өзінің көзқарасында қайшылықтарға байланысты түсіне алмады.
  2. Халықтың идеяның басты бір сипаты-қоғамшылдық, соған байлансыты тәрбие мен білім беру салалары, олардың төңірегі қоғамдық атмосферада болуы тиіс, себебі халықтық идея мейлінше кең қоғамдық жолдар арқылы іске асады.

Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да көңіл бөлді. “Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол әрі өте пайдалы тынығу”, -деп есептеді.

Сөйтіп, дидактиканың негізгі проблемасы  формальдық және материалдық білім мәселесін дұрыс қойып, ғылыми түрде шешті.

Ушинкий білімнің осы екі бағытын қамтитын пәндерді де анықтайды. Оның ойынша, мектеп те табиғат және қоғам жөнінде білімдер оқытылуы тиіс, олар: ана тілі, тарих, география, математика, жаратылыс, шет тілдер, өзінің халықтық идеясына сәйкес бұл пәндердің негізгісі-ана тілі деді.

Ана тілі баланы тек жазуға және оқуға үйретіп қоймай, айналасын қоршаған дүниені білуге, оқиға мен құбылыстардың ішкі сырына түсінуге көмектеседі. Сондықтан да Ушинский: Ана тілі бүкіл ақыл – ой дамуының негізгі және тәрбие мен оқу процесін ана тіліне байланыстыра құрған жөн. Ана тілін оқытуда негізгі назар картиналар бойынша әңгіме жүргізуге бөліну тиіс.

Ушинский әр пәнді оқушының шамасы жететіндей, ол еркін игеріп кете алатындай ғана бағытта оқыту керек деді: “Бірде – бір мұғалім өзінің ең басты міндеті – тәрбиеленушілерді ой еңбегіне үйрету екендігін, бұл міндет сол пәннің өзін оқудан әлдеқайда аса маңызды екенін ұмытпауы керек” – деді. Бұл үшін Ушинский оқыушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігін баса көңіл бөліп, мұғалімдерден де осыны талап етеді. К. Д. Ушинский дүние жүзілік классикалық педагогиканың қорытқан мұрасын ескеріп, орыс мектебі мен педагогикасының тәжірибесіне сүйене отыра, дидактиканың негізгі принциптерін анықтады.

К. Д. Ушинский оқыту жұмыстарының негізгі жолы сыныптағы сабақ  жүйесі деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский шығармаларында ретті, дұрыс ұйымдастырылатын жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталды. Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді ендіріп отыру, білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан сабақты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т.б.

К. Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты – методикалық шеберлікте, ал методикалық шеберлік әртүрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеген. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін жоғары бағалаған: түсіндіріп оқыту, оқытушының әңгімесі, бақылай әңгімелесу, әртүрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша).

Әрбір сабақтың сапалы болуы – мұғалімнің  бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде деді Ушинский. Бұл жөнінде ол: “Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұғалім ісінің көрсеткіші” – деді.

К. Д. Ушинскийдің айтуынша әрбір сабақтың басы өткенде меңгерілген білімді анықтау, оны жүйеге келтіру болуға тиіс. Әрбір берілетін білім мен дағдыларды оқушылар сыныпта өтіліп жатқан сабақ үстінде меңгеріп алатындай болсын. Үйге берілетін тапсырмаларды ретсіз үйіп – төгіп, ауырлата беруге болмайды.

К. Д. Ушинский сабақ жүргізудің кейбір мәселелері жөнінен: сабақты жоспарлау, оның құралдарын әзірлеу, дидактикалық мәселелерді іріктеудегі талаптарды сабақта қолдану, сыныптағы тәртіп пен гигиеналық режимді сақтау жөнінде нақты нұсқаулар береді.

Л. И. Толстой мектеп пен мұғалімнің оқу жұмысының ұйымдастырудағы міндеті – барлық балалардың сабаққа үлгеруін қамтамасыз ету деп есептеді. Ол үшін оқу матиралы қызғылықты және балалардың жеке көңіл күйі материалды жақсы қабылдайтындай дәрежеде болу керек деп санады. Сыныпта балаларды алаңдататын, үйреншіксіз, басы артық нәрселердің болмауын талап етті, мұғалім мен оқушылардың арасында еркін қарым — қатынас болуын, балалардың мұғалімнен түсінбегенін ұялмай сұрап отыруын, мұғалімнің әрқашан көмекке  даяр болуын қажет деп есептеді.

Л. Н. Толстой  оқытуда мынадай ережелерді орындауды талап етті: балаларға қиын, түсіне алмайтын және оларға белгілі мәселені айтпау, артық нәрселерді айтып баларды шаршатпау, сабақ материалының балалар тым қиын немесе жеңіл болып келмеуі, балаларды сабаққа қызықтыру үшін сабақ сайын белгілі бір жаңалықтың болуы. Балалар толық түсінген материалды ғана есте сақтау қажет деп санады. Ол балаларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретуге, көп көңіл бөлді. Л. Н. Толстой оқытуда әр түрлі әдісті қолдануды, әсіресе көркем әңгіменің болуын талап етті. Оқытудың өмірге жақын болуын жақтап, Л. Н. Толстой балаларды байқағыш-тыққа үйрету қажет деп есептеді. Ясная Поляна мектебінде ол экскурсия және тәжірибе жасауды көп қолданды. Таблица мен картиналарды пайдалануды да қуаттады.

Л. Н. Толстой өзінің дидактикалық пікірінде бастауыш мектептің оқулығының қандай болуы туралы көп кеңестер ұсынды. Алдымен оқулықтағы материалдың қызғылықты, түсінікті, балалардың сезіміне әсер ететіндей есте қалатын болуын, оқулықтың тілі қысқа, анық болуын талап етті. Оқулық балаларға білім ғана беріп қоймайды, сонымен бірге олардың тілін дамытады деп есептеп, балаларға арналған кітап тілінің жақсы жазылуына ерекше мән берді.

Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі, ол жөнінде жазылған пікірлерді мұғалімдік шеберлікті жетілдіруге Л. Н. Толстойдың зор мән бергендігін айқын көрсетеді. Оқытудың барлық тәсілдерін меңгеріп, оны оқушының және мектептің ерекшелігіне қарай пайдаланып, балаларды қызықтыра алса, оқушылардың белсенділігін арттырса, сонда ғана мұғалім жемісті, жұмыс істей алады. Мұғалім балаларды оқытып қана қоймай, оқу процесінде белгілі педагогикалық мәселелерді шешуге араласуы тиіс. Мектеп оқу орны ғана емес, ол әрі педагогикалық лаборатория деп саналады.

Ы. Алтынсарин балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде мұғалімдер ролінің айырықша зор екендігін ескертті. Ол өзінің бір хатында: “Халық ағарту жұмысы бұл арада тек қана жаңа басталып келеді. Сондықтан жаңа салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісіміздің де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін…”.

“Халық мүдделері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұхият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды”, — деп мұғалімдердің беделін жоғары көтерді. Оның ауылдық мұғалімдерге арнаған нұсқау хаттары, сірә, жайдан – жай жазылмаса керек. Озық ойлы ұстаз өзі ашқан мектептерде алғашқы сабақты өзі өткізіп, жас мұғалімдерге үлгі көрсетіп, оларға тәлім – тәрбие беріп отыруы да, мектептердің көп шілігінде жылдық қорытынды емтиханды өзі алуы да, өзімен бірге өзгеге қатаң талап қоя білуі де оның асыл қасиеті екенін көреміз. Ы. Алтынсарин оқыту процесінде балалардың білім дәрежесін ескеріп отыруды мұғалімдерден талап етіп отырды. Оның өзі де оқулықты орыс — қазақ мектептері жағдайына лайықтап жасады. Мектептегі оқыту жұмысы сол заманның техника жаңалығы  дәрежесінде болуы керек, бұл өте маңызды жағдай деп көрсетті. Міне, осыдан келіп ол түрлі құрал – жабдықтар сатып алу, модельдер, коллекциялар жасау мәселесіне көп қаржы бөлді.

1.2. Бастауыштағы білім беру жүйесінде оқыту процесінің өзіндік ерекшіліктері

Қазіргі күні ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне яғни танымдық тәжірбені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл – оқу білім алу деген сөз.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.

“Даму” ұғымы философиялық сөздікте “… мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,” – деп түсіндіреді. Диалектика заңы бойынша кез – келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді. Терістеу – дамудың қозғаушы күш. Терістеу – белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.

“Даму” ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағананы береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар:

  1. Биологиялық фактор.

Бұл ата – анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым — қатынасының нәтежесі.

  1. Әлеуметтік фактор.

Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым — қатынас жасайтын адамдардың сипаттары мінез — құлқы және ақыл – ой бейнелері олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.

  1. Баланың өз белсенділігі.

Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмысын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі.

Оқыту мен дамыту арасындағы тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский.

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төменгідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

  1. Бала дамуының жақын аймағы баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері
  2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл процесте ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан –жақты үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан – жақты, табысты болады. Оны жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады. Демек, шын мәнінде ертеңгі күнге меңзеу орын алады. Ғылым психологтар Л. В. Занков, А. А. Любинская, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертулерге арналған зерттеулер жасалады. С. Л. Рубинштейн, Е. Н. Кабанова – Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. И. Я. Лернер “даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы” деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс — әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл – ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының дамуының белгілерін атап көрсетеді. Мысалы: П. П. Блонский бұған индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алу қабілетін жатқызса  және Д. Н. Богоявленский, Н. А. Менчинская – оқи алуды, яғни қысқа мерзімде  жоғары үлгерімге жетуді. Н. Д. Левитов оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға бере білу дағдысын жатқызады.

Л. В. Занков ақыл – ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуда іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс әрекеттер атқара білу.

В. В. Давыдов ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қортындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады. Бізге белгілі алғашқы дидактиктердің бірі Квинтилиан мектеп алдына, баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез — құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз ету міндетін қойған.

ХVІІ ғасырдағы Я. А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл – ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.

И. В. Песталоцци баланың ақыл – ойын, барлық қабілет қасиеттерін оқыту әдістемесін әрекет етеді.  Дамыту идеясымен арқауланған бастауышта көлемімен, сапасымен өлшенсе, соңында білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен анықталады.

Көп білгенмен ешқандай да шығармашылық қабілеттің байқалмауы мүмкін, яғни тіпті өзі өте жақсы білетін ғылым саласында да жаңа жағдайдың, құбылыстың шешімін өз бетінше таба алмай қиналатын сәттер адамдар басынан жиі өтеді. Бұл қалыптан тыс ойлай алмаудың салдары. Осы екінші деңгейге дамыта оқыту арқылы жетуге болатындығы жайлы өз пікіріміз бар.

“Дамыта оқыту” деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский, А. Н. Лентьев, С. Л. Рубинштейн) және психиканы басқа да функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Любинская, Н. А. Менчинская) және т.б. іс — әрекет теориясының психологиясын жан – жақты талданды. Нәтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарды.

Зерттеулердің мақсаты – Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық білім беру ісіне үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы, 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізгі назар баланың жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтік есептер шығаруында болып қалды. Оқыту әдістері, сабақ ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.

Одан кейін 20 жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды.

Жүйенің авторлары “дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды” атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу. Әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Мақсаты балаларға дайын пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығын берумен шектелетін, нәтижесінде догмалақ ойлауы басым, дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектепте орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі мұндай адамдарды даярдауда негіз бола алмайтындығын өмір көрсетуде.

Сондықтан да шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесінің ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.

Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Ол оқыту барысында баланың ақыл – ойын, қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субьектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.

“Дамыта оқыту” идеясын алғашқылардың бірі болып 1959 – 60 жылдары қолға алған академик Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанмен, белгілі себептерге байланысты өрістетіп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолдана бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланып келеді.

Л. С. Выготскийдің теориясы Д. В. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғасатырылады. Баланың өзін — өзі өзгертуші субьект ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді.

Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарады. Ослайша дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс – тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды.

Дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин – В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс – тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады.

  1. Үлгілі көрсету.
  2. Түсіндіру.
  3. Бақылау, бағалау.

Яғни мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Сонан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгерілгенін анықтау мақсатын-дағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта – ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құамдас бөліктерден тұратын болады.

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
  3. Шешімінің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин – В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компонеттері.

Дәстүрлі оқытуда оқу процесіне қатысушылардың “басқарушылар мен орындаушылар” түріндегі рольдері белгіленген. Басқарушы лардың қарым — қатынасы қарапайым басқару түрінен қатал әкімшілікке дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады.

Дамыта оқытудың Л. В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешеліктерімен айқындалады.

  • оқыту мазмұндағы өзгешеліктер;
  • мақсаттағы айырмашылықтар;
  • дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
  • әдіс – тәсілдегі ерекшеліктер;
  • оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
  • мұғалім мен оқушы арасындағы қарым — қатынастар.

Л. В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы дамыту.

Дәстүрлі педагогикада “қарапайымнан күрделіге қарай, нақтыдан абстрактіге қарай” деген принцип бар. Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы: “А” әріпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі формасы қалай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатыннын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі – сынып оқушыларын “жақсы”, “жаман” оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылған.

Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған дамыта оқыту жүйесінде баланың білімін бағалауға үлкен мән беріледі.

Дамыта оқыту жүйесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым — қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтас-тың, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Баланың өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуалда болуы басты назарда ұсталынады.

Л. В. Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтежелігінің басты көрсеткіштері болып, ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей болып табылады. Егер балалар осы аталған ой операцияларын орындай алса, мұғалімнің нәтижелі еңбектенгені болып саналады.

Бастауыш мектепте барлық оқу – тәрбиелік процесінің балалардың потенциалдық мүмкіндіктері мен талаптарына жауап беру үшін оның қалай ұйымдастырылуы тиіс екендігінде. Басқаша айтқанда, кішкентай оқушылардың көпқырлы, сезімге бай, функциональдық күштері мен бойына біткен талаптарының жедел дамуын ынталандыратындай мектептік өмірі болар ма екен.

Дамудың ертеңгі күніне бағыт ұстану, даму қалай жүреді? Мұнда қандай психологиялық заңдылықтар бар? Мен осы сұрақтардың мәнін Л. С. Выготский мен Д. Н. Узнадзенің баланы жас кезінде оқыту мен дамытудың арақатынасы жөніндегі психологиялық концепциялары негізінде ашуға тырысып көрейін.

Л. С. Выготский дамудың өзара байланысқан екі өрісі – актуальды және іргелес өрісі жөніндегі идеяны ұсынды.

Актуальды даму өрісі бала игеріп, үлгерген және соның негізінде танымдық және басқа да мәселелерді өзі дербес шеше алатын іскерлік пен дағдылар жүйесіне әсер етеді. Актуальды дамудың деңгейі іргелес өрісті, яғни оқу процесінде баланың өзі (спонтанды) немесе үлкендердің көмегімен игере алатын іскерлік өрісін белгілейді. Іргелес даму өрісі дегеніміз баланың ертеңгі күні. Қолайлы жағдайлар туған кезде ол ерте ме, кеш пе әйтеуір  ертеңгі күніне өздігінен әкетеді. Арнайы ұйымдастырылған, мақсатты педагогикалық процесс жағдайларында мұның өзі әлдеқайда ертерек әрі тиімдірек өтеді. Егер сыртқы жағдайлар ішкі күштердің кез келгенінің дамуына қолайлы жағдай жасамаса, онда соңғыларының мүлдем ашылмай қалуы да мүмкін немесе қызмет етудің бұрмаланған формаларын қабылдауы ықтимал.

Тақаудағы даму өрісі актуальды даму өрісімен өзара қызметтесе отырып, бала оны біртіндеп игеріп әкетеді. Сөйтіп бала актуальды дамудың жаңа сатысына көтеріледі, демек тақаудағы дамуға жаңа өріс ашылды. Соңғысын жақындаған сайын алшақтай беретін көкжиекпен салыстыруға болады. Алайда мұнда көкжиектің шексіз алыстай беруіне себеп болатын айырмашылық бар, ал актуальды даму өрісіне жақындай түседі, яғни потенциалдық мүмкіндіктер өздерінің қалыптасуын тоқтатады.

Бұдан әрі не болады? Психиканың бүкіл саласының қалыптасуы адамның белсенді қызметі өрістетуіне мүмкіндік береді. Бұл процесте ол, бір жағынан, өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып, жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан, материалдық және рухани байлықтар жасап, сол арқылы жалпы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Адам өмірінің осы кезеңінде даму туралы іс — әрекеттің танымдық, еңбек және басқа да қызмет түрлерінің әдістерін байыту ретінде айтуға болады. Баланың потенциалдық күштері неғұрлым жан – жақты үйлесімді және толығырақ келешекте, ол есейген кезінде оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан – жақты, табысты болады, оны жүзеге асырудың тәсілдерін ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады.

Оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі мәселелердің шешілуі дамудың екі өрісіне байланысты. Бала меңгерген нәрсе оның кешегі күні, өткен кезеңі болып табылады. Дамудың аяқталған кезеңіне негізделген оқыту табыс әкелмейді, немесе ол баланың кежемесін кері кетіреді, және әлбетте, баланың дамуға деген функционалдық қажеттерін қанағаттандыра алмайды. Оқушыға өте жеңіл тиетін білім өзін ынталандырмайды, таным мен табыс қызықтырмайды.

Егер оқыту актуальды деңгейден озып, тақаудағы даму өрісіндегі күштерді қозғалысқа келтірген жағдайда ғана жеделдете даму болады. “Педагогика бала дамуының кешегі күніне емес, оның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс. Тек сонда ғана ол оқыту процесінде іргелес даму өрісінде жатқан даму процестерін өмірге келтіре алады”. “Балалық шақтағы дамудың озып, оны өзгертіп отыратын оқыту ғана жақсы”.  Л. С. Выготскийдің ойынша, бала өзінің пісіп жетілген мүмкіндіктерінің деңгейінде емес, дамуға бейілденген тенденциялардың деңгейінде болады. Оның ертеңгі күнін дәл осы тенденциялар белгілейді. Бұл идеяны Л. С. Выготский одан әрі былай сабақтайды: “Оқыту мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір – бірімен өте күрделі қарым — қатынаста ғана екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамудың алдында жүрсе ғана жақсы. Сонда ол тақаудағы даму өрісіндегі пісіп жетіле бастаған бірқатар функцияларды оятып, өмірге келтіреді… Оқыту тақау даму өрісі анықтайтын кезеңде жүзеге асырылғанда ғана неғұрлым жемісті болмақ”.

Мұның қалай түсіндіруге болады? Дамуды талап ететін және даму барысында 7 – 8 жасында, ал 9 жасында тіпті бала сауаттылық пен қарапайым математикалық операцияларды меңгере алатын функциялардың одан әрі әсерін тоқтататындығымен немесе дәлірек  айтқанда, қолданудың неғұрлым күрделі саласын қарастыратынды-ғымен түсіндіреміз.

Іргелес даму дәрежесіне сай келетін танымдық мәселе танымдық күштерді, іске жаңаша қарауды талап етеді, пісіп жетілген және іске дайын функцияларды актуальды етеді. Бала мәселені шешуге ынталанып, оның әдістерін меңгеруге талпынады, нақты, бірақ өзінің әлі жететін қиындықтарды қайткенмен де жеңуге құмарлана түседі. Сондықтан жалпы оқу процесінің өзін ықтиярсыз мәжбүр ету емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге жетелейтін жеңіс жолы ретінде басынан  кешіреді.

Сөйтіп, шын мәнісіндегі педагогиканың міндеті баланы өзінің ертеңгі күніне мегзейді: Әйтсе де бар ауыртпалық актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауда болып тұр. Жекелеген оқу міндеттерін шешу кезіндегі дербестік дәрежесі оларға қолданылатын өлшем қызметін атқарады.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ