«Ән-жырымның арқауы-Тәуелсіздік!» атты үздік патриоттық әндер номинациясының жүлдегерлері анықталды

2
2861

«Ән-жырымның арқауы-Тәуелсіздік!» атты үздік патриоттық әндер  номинациясының жүлдегерлері анықталды\r\n\r\nТәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты оқушылардың республикалық  байқауының «Ән-жырымның арқауы-Тәуелсіздік!» атты үздік патриоттық әндер  номинациясына еліміздің әр аймағынан үміткерлердің орындауындағы көптеген патриоттық  әндер келіп түсті. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын демекші, үміткерлер арасында ерекше орындаушылық шеберлігімен дараланып,  қазылар алқасын тәнті еткен оқушылар да, салғырт қарап әндерді өңдеусіз жіберіп, қазылардың көңілін қалдырғандар да кездесіп жатты. Әрине бұған оқушыларды кінәлауға болмайды. Жетекшілері бұл нәрселерге мұқият болу тиіс еді.  Бұл байқауға өте белсенді түрде оқушыларды қатыстырған  СҚО,  Петропавл қаласы, Тимирязев ауданы,  Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатына, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі  №80 мектеп-гимназиясына ерекше алғыс айтамыз.\r\n\r\nБайқау үміткерлерінің шығармаларын сараптау барысында негізінен мына дүниелерді ескердік: біріншіден әншінің даусы, орындау шеберлігі, одан кейін әншінің алтын діңгегі-демі болып есептелетіндіктен, әншінің әнді орындау барысында деммен жасаған жұмыстарын да ескердік. Кейбір қатысушыларымыз осы тұста көп қателіктер жіберген. Айта кететін жайт әнді студияда жазар алдында оның сөздеріне аса мән берген жөн. Басқа бір әншінің орындауынан ести сала , қате айтылған сөздермен келген әндер де болды. Сол себепті сөзге аса мұқият болған жөн. Өйткені ертеңгі күні бұл әндер тек байқау төңірегінде емес, ел-жұрттың алдында да шырқалатын болғандықтан тыңдарман қауымға сол қалпында кетіп қалады. Жоғарғы сыныптар арасында да бірнеше байқауларға қатысып, жеңімпаз атанып жүргендер бар екен. Сол үміткерлердің жетекшілеріне айтарымыз әнді орындау барысында жоғарғы және төменгі ноталарды алған кездегі дауыстың тазалығына мән беріңіздер, көбісі осы тұстан осал екендіктерін аңғартты. Сонымен қатар дауыс тонының (танализдің) әншінің даусына сәйкесітігін назарда ұстауды баса айтамыз.\r\n\r\nЕрекше  орындаушылық шеберлігімен  қазылар алқасының назарына іліккен үміткерлердің есімін атап өткенді жөн көріп отырмыз. Олар Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті №80 мектеп-гимназиясының оқушылары  Көлімбетова Замира, Бақытова Анель, Қызылорда облысы Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Әкім Шұғыла, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,  №173 мектеп – лицейдің 3 «в» сынып оқушысы Шәкен Айнара, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы №132 орта мектебінің  3 «Б»сынып оқушысы Тағатова Ақниет. Бұл үміткерлердің арасында Алаштың анасы болған Сыр өңірінің талантты қыздары жиі көзге түсті. Қанша дегенмен сахнаның саңлағы Роза апамыз бен Мәдинадай бұлбұлдың шыққан жері ғой. Олай болуы заңдылық.\r\n\r\nСонымен байқау талаптарын ескере келе, жүлделі орындарға лайық деп тапқан жеңімпаздарымыздың есімдерін назарларыңызға ұсынамыз: \r\n\r\n \r\n\r\nБас жүлдеКөлімбетова Замира    Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті,  №80 мектеп-гимназиясының оқушысы;\r\n\r\n1 орынӘкім Шұғыла  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы;\r\n\r\n2 орынБақытова Анель  Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Төретам кенті №80 мектеп-гимназиясының оқушысы;\r\n\r\n2 орын —  Тағатова Ақниет Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы  №132 орта мектебінің оқушысы;\r\n\r\n3 орын — Шәкен Айнара  Алматы қаласы, Әуезов ауданы  №173 мектеп – лицейдің оқушысы;\r\n\r\n3 орын — Арбагулова Гүлжан  СҚО,  Петропавл қаласы.Тимирязев ауданы. Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатының оқушысы;\r\n\r\nЫнталандыру- Төлегенова Арайлым Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы , Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын    дарынды балаларға арналған мамандандырылған   мектептің оқушысы;\r\n\r\nЫнталандыру- Әбілдә Сара   Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, \r\n №132 орта мектебінің оқушысы;\r\n\r\nЫнталандыру-   Орал Дәурен СҚО,  Петропавл қаласы.Тимирязев ауданы. Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатының оқушысы;\r\n\r\n \r\n\r\nЖүлдегерлерді құттықтай отырып, қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен марапатталатынын хабарлаймыз!\r\n\r\n \r\n\r\n  Қазылар алқасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ