Дина Бөкебай. Тәуелсіздік толғауы

0
3430
Тәуелсіздік толғауы
 
Теңселетін теңдігімді тоғыт ар,
Тамырыма байланғандай жер кіндік.
Талай-талай ғасырлардан жолы тар,
Еншімізге тиді бүгін еркіндік!
 
Ана тілін ұмытқандай мәңгіріп,
Сөйлей алмай, үлкен таяқ тиеді.
Айқайлайды өше алмай бір жаңғырық,
Біз білетін Еркіндік, ол не еді?!
 
Біз білетін Еркіндік ол — шер тосқан,
Сол бір алаң…сүйреп шыққан қыздарды!
Біз білетін Еркіндік ол — Желтоқсан,
Аққан жасы, тамған қаны –ызғарлы!
 
Біз білетін Еркіндік ол — тым құнды,
Ерегесте «елім-ай»лап көшсе жұрт.
Біз білетін Еркіндік ол   ұлтымды
Намысынан бір тепкендер өшсе қырт!
 
Біз білетін Еркіндік ол — тым ауыр,
Тым азапты, қуанышты, тым шерлі!
Қара аспаннан қақырайды құла нұр,
Тәуелсізсің! Тәубеңе кеп жүрші енді!
 
Өткен күндер өр рух боп жаңғыр де,
Тарихымды мойындайды жаһан-көк.
Тайсалмастан қарсы шыққан Жәңгірге
Батыр баба  Исатай мен Махамбет!
 
Таразылап айтайын мен тағы қай,
Ер-жігітті іс етпеген арды оза.
Үш жүзіңді біріктірген — Абылай,
Бар және де ұлы тұлға – Жанқожа!
 
Жапырып шық шайқастарда, жау төнді ер,
Сонда батыр, жайшылықта ол – ақын.
Момышұлы емес еді Баукеңдер,
«Елім» деген, елдің ұлы болатын!
 
Қай кезде де биік тұрар шоқтығы,
Ол – намысым, сөз болмайды қан шық , тер!
Отан үшін жан аяудың жоқтығы,
Оған дәлел – Әлиялар, Мәншүктер!
 
Ілияс, Сәкен, Мағжанның да сірә, осы
Міржақыптың сүрген күні толып кек.
Ахмет пен Әлихандар кінәсі
Елін шексіз сүйгендігі болып па ед?!
 
Қыз бен ұл деп бөлу мүлде жоқ арда,
Ұятымның өрті өзекті шарпып  тау.
Оны ұмыту арыңа – сын, одан да
Өмір сүрмей жүргендігің артықтау! 
 
Қан майданда қорықпаған қазақпын,
Қолын жайған : «Азат ел ет!» деп тілеп.
О, Тәңірім, сен қайда едің Ләззаттың
Бұрымынан сүйрегенде, тепкілеп ?!
 
Бес қабатты үйден құлад шыдамай,
Желтоқсанның ызғарына Сәбира!
Қайтем енді, Абай болып жыламай,
Өрлігіңді анау жастар тани ма?!
 
Кеуделерін өр рухпен нұр өпкен,
Тағар ма едің ұлтшылдықтан басқа айып?!
22-де жалын атқан жүрекпен,
Қайраттай ер кеткен еді қасқайып!
 
Сенің арқаң міне осылай жүргенім,
Әттең…арман, осыны өзің көрсең деп!
Құнсыздану ғасырында білмедім,
Тәуелсіздік, құның немен өлшенбек?!
 
Киіп алдық жаһандану кебісін,
Бірақ пенде бәрін көрмей өткен бе?!
Тәуелсіздік, ұлы сөзсің мен үшін,
Өлшенбейді биіктігің көкпен де!
 
Ойға қалам, айналамда жау көптей,
Мынау заман сұрықсыздау салды өңге.
Кешір мені, Еркіндігім, тәубе етпей,
Сені ойламай жұтып жатқан әр демге!
 
Тәңірім тәрк етпейсің сыйыңды онша,
Ұлы тарих, бұл тарих неге солай?!
Еркіндікке жету қандай қиын болса,
Тәуелсіз ел болу да емес оңай!
 
Елді сүю тудырар тыйым егес,
Сергелдеңге салдың ба тағы мені?!
Тәуелсіздік — тәңірдің сыйы да емес,
Жігері от жастардың жалыны еді!
 
Шындықтар шыңғыратын сазымдайсың,
Неміз ұшып кетіп ед, неміз қонып?!
Маңдайыма мәңгіге жазылғайсың,
Азаттық пен қазақтық егіз болып!!
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Қожабақы ауылы,
 № 25 орта мектептің 9 сынып оқушысы
 Бөкебай Дина
 
 
    
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ