Ана-біздің гүліміз

0
1569

Сабақтың тақырыбы: Ана-біздің гүліміз.

Сабақтың мақсаты:

Балаларға 8-наурыз туралы түсінік беру.Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап құрметтей білуге тәрбилеу. Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: тәрбие сағатының тақырыбы, мақалдар, өлеңдер жазылған плакаттар

Сабақ жүрісі:

-Балалар көктем мезгілі, наурыз айы да келді,наурыз айында тойланатын мерекелер бар,сонын бірі 8-Наурыз күні, яғни мамаларымыз, әжелеріміз, апаларымыздың қыздардың мерекесі. Біз қазір 8-наурыз мерекесіне байланысты өздеріңіздің дайындаған тақпақтарыңызды, өлендеріңізді, билеріңізді осы отырған мамаларыңызға апайларына, әжелерімізге арнаймыз.

Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.

Сондықтан құрметті асыл аналар, әжелер,апайлар,қыздар бүгінгі

« Ана –біздің гүліміз» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.Сіздерді келе жатқан көктем мерекесі

8 наурызбен құттықтаймыз!

Сіздерге зор денсаулық,отбасыңызға аманшылық тілейміз.

Иса: Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп

Ән маржанды шашайық.

Ғизат: Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтын негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Нұрдәулет: Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Нұрлыбек: Құтты болсын ардақты аналар

Асыл анам мерекең

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты берекең.

Ақерке: Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

Ән:«Анаға сәлем»

Нұрлыбек: Мамаларды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Аружан :Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Қайсар: Әлпештеген анамыз

Біз бақытты баламыз

Оқып білім аламыз

Жұлдыз болып жанамыз

Шарқат: Бал бөбегін баптаған

Мамам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп жасасын ақ мамам

Балалар,біз аналар туралы мақал білеміз бе?Мен сендерге бір жолын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.

Ананың сүті-бал,

Баланың тілі-бал.

Күннің шуағы жылы

Ананың құшағы жылы

Қыз өссе –елдің көркі,

Гүл өссе –жердің көркі.

Гүлнәз: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз.

Бекзат: Әлпештеген баласын

Ана бақыт, ана күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Бексұлтан:Мамам, мамам, ақ мамам.

Мен өзіңнің ақ балаң.

Меркеңмен құттықтап.

Ән арнаймын мен саған.

Қайрат:Гүлдерді мен жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын,

Айтқан сөзін тыңдаймын.

Анашымды сыйлаймын

Қасымжан:Апатайым Анашым,

Ақылы мол данасың.

Қамқоры сен сәбидің.

Гүлі де сен әр үйдің

Жансая:Мәпелейсің мен анам,

Қолыңдағы құсыңдай,

Құлпыра өсіп, дем алам.

Құшағыңда қысылмай

«Анамның дауысы» ойыны.

Құрметті аналар, қазір сіздер бір-бірлеп, өз балаңызды шақырасыз. Мысалы, ұлым немесе қызым деп, ал атын атамайсыздар. Қай бала анасының дауысын таниды екен?

«Кім жылдам?» ойыны. Шарты: 3 ойыншы өз аналарын 1 мин уақыт ішінде тез әрі дұрыс киіндіруі қажет.

«Кімдікі?» ойыны. Балалардың ана, әже, апаларының заттарын ауыстырып тастаймыз. Қалған ойыншылар өз аналарының заттарын орын-орынына қоюы керек.

Қорытынды:

Бүгінгі біздің аналар мерекесіне өз қолымыздан келген өнерімізді арнадық.Әрқашан аналарды сыйлап, қуантып жүрейік.Өйткені, ана біздің өміріміздің сәні мен мәні!

Анамызды аялайық!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ