«Ана — мейірімнің мекені» атты мерекелік сценарий

0
1447

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында өткізілетін «Ана — мейірімнің мекені» атты мерекелік іс-шараның сценариін назарларыңызға ұсынамыз.

Апай: Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер алтын күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралады емес пе?! Олай болса сіздерді көрікті көктем мезгілімен бірге келген дәстүрлі мерекеміз 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға жылулық, жүздеріңізге нұр, құшақтарыңызға гүл тілеймін!

Әміржан:  Армысың, әжелерім, аналарым!

Мейірбан аппақ көңіл даналарым!

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың!

Айдос: Поздравляем вас с праздником весны днем 8марта! Желаем вам крепкого здоровья, большого счастья и нежный любви!

Әміржан: «Қарлығаш» ересектер тобында ұйымдастырылып отырған «Ана-мейірімнің мекені»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Айдос: Ендеше, тобымыздың ару қыздарын қошеметпен ортаға шақырамыз!

(ұлдар қыздарды алып келіп, қатарға тұрады)

Әміржан: Хор: «Бүгін бізде мереке»

(Аналарға алғыс айту)

Айдос: Құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Зағипа Әлімжанқызына береміз.

— Рахмет апай!

Әміржан: Келесі орындалар әсем ән барша сұлуларымызға арналады!

Ән: «Ай-хай, қыздар-ай!»

Әміржан: Бүгінгі мерекелік кешіміз сайыс түрінде өтеді.

Айдос: Әміржан, қыздардың мерекесіне орай өнерімізді көрсетсек қайтеді?

Әміржан: Бұл ойың дұрыс екен.

Айдос: О, керемет! Ендеше сайысымызды нестейміз?

Барлығы бірге: Бастаймыз!!!

Айдос: Алдымен сарапшыларымызды таныстырып өтейік.

  1. Балабақша меңгерушісі Зағипа апай
  2. Кәсіподақ төрайымы Күлпаш апай
  3. Балабақша әдіскері Нұргүл апай

Әміржан: Сайысымыз 5кезеңнен тұрады:

І кезең- таныстыру

Айдос: ІІ кезең- Өз өнерін көрсету

Әміржан: ІІІ кезең – Ойын ойнаймыз

Айдос: IV кезең- сұрақ-жауап

Әміржан: V кезең – Дәм думан

Айдос: Үш топқа бөлініп алайық.

Ал, топтар өздерін таныстыруды бастайық!

І топ «Ақылдылар» (Мағжан, Махмуд, Нұрдәулет, Нұрсұлтан, Айсұлтан)

Біз ақылды балалариыз,

Қолға қалам аламыз

Әдемі сурет саламыз

Көркем етіп жазамыз

Баршаңызды қуантып

Үлкен адам боламыз

ІІ топ «Өнерлілер» (Диас, Нұрберген, Ербол, Нұрым Ринат)

Біз ақылды балалармыз

Ән салып, билей аламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз

III топ «Зеректер» (Нұрислам, Нұржігіт, Ерасыл, Қ.Ерасыл)

Біз балалар зерекпіз

Аналарға керекпіз

Құтты болсын аналар

Мерекеңіз демекпіз!

Айдос: ІІ кезең — өз өнерлерін көрсету

Әміржан: Рахмет, жігіттер. ІІІ кезең- ойын ойнаймыз!

Айдос: Көңіліміз көтеріліп қалды-ау. IVкезең –сұрақ – жауап кезеңі

Апай:   1.Бір жылда неше ай бар?

  1. Бағдаршамның неше көзі бар?
  2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  3. Ана туралы тақпақ білеміз бе, айтайықшы.

Нұрдәулет: Жылы жүзбен жанға жайлы

Жарығым деп аймалайды,

Өлең айтсам мәз болады,

Көңіліне жаз қонады.

Ринат: Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнаймын саған бәрін де

А.Ерасыл: Менің анам ардақты,

Алтыннан да салмақты,

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым!

  1. Жаңбырдан соң аспанда не пайда болады?
  2. Табиғат нешеге бөлінеді?
  3. 5 санында неше бірлік бар?
  4. Әнұранның авторларын атаңыз?
  5. үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, бұлар нелер?
  6. Орыс тілінде тақпақ айт

Махмут: Кто на свете всех милее,

И теплом своим согреет,

Любит больше чем себя

Это мамочка моя

Нұрым: Бабушка любимая

Самая красивая

Руки золотые,

Глазки молодые

Қ.Ерасыл: Дорогие наши мамы

Мы всегда гордимся вами

Умными, спокойными

Будем вас достойными

  1. Бір жылда қанша жыл мезгілі бар?
  2. Жаңылтпаш айт

13.Қыстың көркі…..

  1. Тудың авторы
  2. Елтаңбаның авторы

Әміржан: Келесі кезең- дәм-думан. Бұл жерде ер балалар аналарымен немесе әжелерімен бірге дайындап әкелген тағамның жасалу жолын түсіндіріп өтеді.

Айдос: Сарапшылардың шешімі дайын болам дегенше біздің жігіттердің тартуын қабыл алыңыздар

Әміржан: Олай болса «Жеті лақ» ертегісі. Сахнада жігіттер

Айдос: Вальс биін тамашалаймыз

Әміржан: Сарапшыларымыздың шешімін тыңдасақ

Айдос: Бала үшін отқа, суға түсетін,

Бала күлсе ол да бірге күлетін,

Сөз кезегін әжелерге берейік,

Немерелер амандығын тілейтін!

Әміржан: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты боп ұзақ өмір сүріңіз,

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

Айдос: Аруларымызды ортаға шақырамыз.

Хор: Балабақша

Айсұлтан: Асыға күтіп жүргенім,

Болар деп қашан мейрамың,

Суретін салдым гүлдердің,

Келеді соны сыйлағым!

(Сыйлықтарын табыстау)

Апай: Мереке тағы да құтты болсын! Біз сіздермен қоштаспаймыз! Жақсы күндерде жолыққанша!

 

Шараны өткізген: Абашова Клара Хайруллаевна

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,  Жалаңтөс батыр ауылы

№14 «Сәуле» бөбекжай-балабақшасы

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ