Ана – өмір гүлі! (эссе)

0
6789
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Ана – өмір гүлі!

Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «АНА». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – АНА. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың.

Көктемнің шуақ шаша бастағандағы ең алғашқы мерекелерінің бірі; 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні.  Осы мерекеге орай Арасан ауылы Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебінде 2 сынып оқушылар арасында «Ана – өмір гүлі!» атты мерекелік іс – шара өтті.  Мерекелік іс – шараның мақсаты: көктемнің алғашқы мерекесі – аналар мерекесі жөнінде түсінік беру. Балаларды аналарына деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу . Оқушылардың бойындағы өнерлерін ұштау, сахна мәдениетіне дағдыландыру.

Аталған мерекелік іс – шарада оқушылар Аналарына арнап жырдан маржан, әннен шашу, мың бұралған билерін тарту  етті.  Мерекелік іс – шара жоғарғы деңгейде өткізілді. Аналарын құттықтаған жас өрендер, Ана жүрегіндегі қуанышты еселендіре түсті. Мерекелік іс – шараның соңында Аналарымызға бас иіп, сыйлықтарын тарту етті. Ана жүрегінің мейірімі ұшан теңіз. Өздеріне арналған мерекелік іс – шараға өз ризашылықтарын білдіріп, сынып жетекшіге мол алғыстарын жаудырып, тамаша көңіл күйде тарқасты. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаған, ортамыздағы асыл әжелеріміз де, аналарымыз да, ару — қыздарымыз аман болсын!

Ақсубаева Раушан Жұмағалиқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ