«Ана өмір шырағы» атты балабақша ертеңгілігі

0
4625
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Ана өмір шырағы»

Балалар әсем безендірілген залға музыка ырғағымен кіреді.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, сүйкімді қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезіммен нұр құйып, 8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Ана – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше барша аналарға, әжелерге ілтипатымызды білдіре отырып, «Балапан» тобының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Сөз кезегі «Балбөбек» балабқшасының меңгерушісі Гульмира Идатовнаға беріледі.
Жүргізуші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық.
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық.
Ұйытқысы – жанұяның берекеміз,
Аналар құтты болсын мерекеміз.
Әрқашан аналарымыз аман болсын,
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз.

Бүлдіршіндердің аналарға арналған өлең – шумақтарын қабыл алыңыздар.

Нұрсезім: Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде.
Біз қуанып қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.

Нұрдана: Апатайым, Анашым
Ақылы мол данасың.
Қамқоры сен сәбидің
Гүлі ден сен әр үйдің

Айғаным: Гүл — гүл жайна әріміз

Кіреді біздің сәніміз

Аналардың тойымен

Құттықтаймыз бәріміз.

Батырхан Д: Келбетінде сұлулық

Данадай кең пейілді

Ана деген жылылық
Ана деген мейірім.

Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемң де , гүлі аналар.

«Ана» деп бас иеді күллі халық, — балалардың әніне кезек берейін.

«Айналайын анашым» Хор

Жүргізуші: Музыка ойналып, «Көктем» бейнесінде киінген тәрбиеші келеді.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, ару көктем?

Сені асыға күттік көктем.

Жер – анамыз бір бусанды.
Күн де нұрын төгіп көктен.

Ару көктем:Сәлем, сәлем балақайлар,
Әзиз әже назды апайлар.
Мен шуақты ала келдім,
Қуаныңдар алқайлап,
Жерге кілем жаба келдім,
Құстар әнін ала келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.

Балалар өте әдемі киініп келіпсіңдер.
Қандай мерекеге келдіңдер?
— Балалар: Аналар мерекесіне.
Балалар көктем мезгілінде қандай ерекшеліктерді білесіңдер?
— Күн жылыды.
-Қар ериді.
— Құстар ұшып келеді.
— Ағаштар бүршік жарады.
Ару көктем: Балалар мен сендерге өзіммен бірге жұмбақ алып келдім. Шешуін табыңдаршы.

Ақ қар еріп, су көбейі
Сай салада ағады
Ағаш басы бүршік жарып
Гүл бәйшешек толады…
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктемде
— Дұрыс айтасыңдар өздерің тапқыр балалар екенсіңдер, қане тағы жасырайын.

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Күн)

Жүргізуші: Өлең арнап жыр самғай
Үйлесті әсем әніміз.
Күй шертіліп айтылды ән,
Кел, билейік бәріміз.

Мың бұралған биші қыздарымыздың «Қол шатыр» биін қабыл алыңыздар. Дария, Нұрдана, Ажар, Жанерке, Інжу.

Жүргізуші: Келесі кезекті бүлдіршіндердің өлең – шумақтарына берейік.

Бақдәулет: Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен.

Аян: Ақ сүтінен нәр алған,
Ақ сүтінен жаралған
Анаға бас иеміз

Мейірлан: Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күншуақ,
Бізге қымбат анамыз.

Дария: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!

Балалардың орындауыңда «Шалқан» ертегісінен сахналық қойылым.

Атай – Бақдәулет
Әже – Нұрсезім
Қызы – Әлия
Күшік – Мейірлан
Мысық – Батырхан
Тышқан – Саят

Жүргізуші: Көктем – көктем, көктемде,
Құстар ұшып келгенде.
Біз қуанып қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.

«Мерекеңмен мамашым» әнін қабыл алыңыздар.
Бүлдіршіндердің өлең – шумағына тағы да кезек берейік.

Дария Т: Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Саят: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір — бірден,
Анаға сыйлаймыз.

Ернұр: Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрынан тарайды.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.

Ерасыл: Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап,
Анa – дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана – деген бәйтерегі өмірдің
Ана – деген алтын қызық, алтын бақ.

Мерей: Аялаған анамыз,
Саялаған панамыз.
Шынары боп өсеміз.
Шырағы боп жанамыз.

Асқар: Әжетайым, әжетай,
Сізді жақсы көреміз.
Сізге өлең тақпақты,
Жатқа айтып береміз.

Әлия: Вот какой нарядный
Детский сад.
Это мамин праздник
У ребят.

Артем: Встану утром рано
Поцелую маму.
Подарю цветов букет
Лучше мамы в мире нет.

Жүргізуші: Өлең өрлеп, жыр самғай
Үйлесті әсем әніміз.
Күй шертіліп, айтылды ән.
Кел, билейік бәріміз – деп балалардың орындауында «Жұп» биі.

Айғаным – Артем
Әлия – Бақдәулет
Мерей – Ерасыл

Ата – аналарға арналған ойын.

2 – ші шарт орындалады.

1) Ата – аналардың сипат сезу мүшелеріне сүйеніп, өз баласын тауып алсын.

2) 5 – ата – ананы ортаға шығарып, 5 – шарды жарып ішіндегі сұраққа жауап береді.

Жүргізуші: Аналар, арулар мен сұлу қыздар!
Мәңгі әсем гүл болып қолыңыздар.
Шын жүректен құттықтаймыз сіздерді
Ең бақытты, ең көңілді болыңыздар!

Сіздер өмір сыйлаған сәбилеріңіз,
Сіздерге тек шаттық пен қуаныш.
Сыйласын! – деп мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге зейін қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет.

«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы
әдіскері: Жумагулова Г.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ