«Жан сұлулығы — үлкен байлық» тақырыбында тәрбие сағаты

0
6579
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Тақырыбы: Жан сұлулығы — үлкен байлық

Мақсаты: Оқушылардын бойына адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін меірбан, ақылды, қайырымды, т.б. адамдық қасиеттерді игеру, әдепті болуға үйретуі жақсылыққа тәрбиелеу, саналы азамат болу үшін жақсылыққа жанастыру, дағдыландыру, ішкі сезімдерін арттыру

Міндеттері:

а) Білімділік:Оқушыларға «жан сұлулығы» ұғымын жете түсіндіре отырып,мысалдармен ашып көрсету және оқушының бойына жақсылық пен ізгілікке бастайтын қасиеттерді дарыту мақсатында құнды ақпараттармен таныстыру

б) Тәрбиелілік:Жақсы қасиеттер адамның ішкі дүниесін байытатын құндылық екендігін ұғындырып,тән сұлулығынан гөрі жан сұлулығына көп мән беріп,соны дамытуға үйрету

в) Дамытушылық: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту,тақырып төңірегінде мол ақпаратпен қамтамасыз ету

Ұйымдастыру формасы:әңгіме,сұрақ-жауап

Көрнекілігі:тақырыпқа сай суреттер,нақыл сөздер

Адамның нағыз байлығы затта емес, ақыл-парасатта, рухани байлықта.

В.Сухомлинский

Барысы:

«Көңіл толқыны» күй орындалады.

1- Жүргізуші: Бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де, адамдардың жүріс тұрыстары да жинақы, ретті, таза, әдепті, сұлу болуға тиістіү Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады: ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман.

2- Жүргізуші: Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады.Адамның ішкі сұлулығы — адамның жүрегі, жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды.

Мұғалім: Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Тақтаға қарасандар жарық күнкөлегейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан-шуағын төгетінн құдіретті ананың біріне теңесек, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. ( Қағаз қиындыларынан жасалған бұлттардың суреттері ілінеді)

-Кәне бірінші бұлт, сенің шешуін не, сен неге түнере қалдын?

(Адамның бір тамаша қасиеті жасырынып тұрады. «Әдептілік» деген сөз)

Әдептілік дегенің-

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің —

Әуре сарсаң Әлегің.

Тәртіпті бала — сүйеніш,

Төбен бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала- күйініш,

Төмендеп басы кетеді.

1 оқушы: Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбунәсыр Әл Фараби бабамыз тәрбие туралы «Жақсы тәрбие мен ақыл күші болып, екеуі біріккенде -бұлар адамшылық қасиеттері болып табылады» деген екен.

2 оқушы: Ұлы ойшыл Демокрит «Арлы мен арсыздың кім екені ісінен ғана емес, пікір-пиғылынан да көрінеді» депті.

Мұндағы негізгі ой адамның ішкі дүниесінің бейнесі іс-әрекетінде көрініс тауып жатады» дегені болса керек.

3 оқушы: «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім — үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады» деген Шәкәрім сөзі ар-ұжданның тек ұялу ғана емес, мейірімділік пен адалдықты, шыншылдықты, қанағатты қажет ететін танытса керек.

4 оқушы: Адамгершілік — адамның ішкі рухани байлығы.

«Жақсымен жолдас болсан — жетерсің мұратқа,

Жаманмен жолдас болсаң — қаларсың ұятқа».

  Үлкенді сыйлау — адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының өмірінде үлкен сыйлау ұлттық дәстүрге айналған.

2 — Жүргізуші: Сонымен әдептілік деген — ар — ұяттың белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі, адам мінез — құлқының негізі екенін түсінген боларсыздар

1 — Жүргізуші: Екінші бұлтты сейілтейік. Тәрбие көзі сәлемнен, сөйлеген сөздерден басталады. сәлем беру, сәлем алу, міндетті болу — ішкі байлық.
8 оқушы: Бейбарыс. «ӘДЕПТІЛІК ӘЛІППЕСІ»
Атам маған әманда
Әдепті бол деген.
Ата сөзі санамда —
Жасы үлкен жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

Мұғалім: Адамның дүниетанымын кеңейтетін, рухани дүниесін оятатын — кітап. Халқымыздың ертегілерін, аңыздарын, әңгімелерін оқып біз мәдениетке және өнерлі болуға тырысамыз. Егер аңыздарды алсақ «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу», «Қыз Жібек» т.б. жырларды оқығанда қыз балалар Баян сұлуға және Қыз Жібекке ұқсағысы келеді, ұлдар әрине Қозы мен Төлеген сияқты болуға ұмтылады.

Балалар, әйгілі адамдардан кімді сұлу деп санайсындар?

Ән: қыздар, қыздар.

Мұғалім:-Жан сұлулығы дегенді қалай түсінеміз?

-Сенің ойыңша кімнің бойында жан сұлулығы басым? (Сыныпта, мектепте, ауылда, әдебиетте, теледидарда т.б.)

Оқушылардың пікірлері  тыңдалады.

Қорытынды: Балалар,шынында да адамның жан сұлулығы- өмір бойы серік болар,қолда бар ең қымбат байлығы. «Байлық»деген сөздің өзін алып қарасақ,бұл молшылық,барлық,дәулет сөздерімен ұштасады.Ал адамның жан сұлулығы бойындағы адамгершілік қасиеттердің тұтастығынан тұрады.Олай болса,ең алдымен жанымыз сұлу болуына зер салайық,балалар!

 

Досполова Сайра Амангельдиновна

Алматы қаласы М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп


ПІКІР ҚАЛДЫРУ