«Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік

0
5864
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Мақсаты:  Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін  қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын  ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен  ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға жаттықтыру.

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады,балалар  бір- бірінің соңынан залға кіреді. Қолдарында пампондар. Би қимылдарын орындайды.

Балалар орындықтарына жайғасады.

Жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр әні.

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер балалар!

Осы кезде ағаштың  астына аю шығады.

Аю: Кім мені қысқы ұйқыдан оятты? Кім менің тыныштығымды бұзды? Мұнда не жиын? Қандай той?

Жүргізуші:Аюжан,біз балалармен сиқырлы орманға Жаңа жыл мерекесіне келдік. Бізді кешірші!Ренжіме!

Аю: Ооо! Жаңа жыл мерекесі ме?Алақай,қалай тамаша! Қайта сендерге рахмет айтамын, айтпесе Жаңа жылды қайтып  өткізіп жіберер едім. Бір жылы Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен уйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты. Биыл Маша қайда жүр екен?

Жүргізуші: Олай болса, аюжан бізбен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлатуға шақырамыз. Қазір балалар  сенің көңілің көтеру үшін, ән айтып береді.

«Жасыл шырша жаныңда» әні

Аю: Әндерің тамаша! Бірақ та, Жаңа жылда Аяз ата, Ақшақар келеді ғой, ал сендерде  олар жоқ қой. Онда қызықсыз болады.

Жүргізуші: Жоқ, жоқ! Бізде де Аяз ата мен Ақшақар болады. Қазір біз бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырамыз.

 Енді қарап тұрмайық

Бәріміз бірге дауыстап

Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

 Қане балалар-1,2,3 Аяз ата, Ақшақар аууу! Аяз ата,Ақшақар аууу!

Музыка әуенімен Маша кіреді.

Маша: Бұл не жиын?  Бұл не той? Менсіз бәрі өтіп жатыр ма? Ооо, менің аюым да осында жүр ғой. Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады)

Жүргізуші: Маша, біз саған өте қуаныштымыз, өйткені біздің балалар «Маша мен аю»  мультфилимін жақсы көреді. Одан да бізбен бірге Жаңа жылды қарсы алуға қалыңдар.

Маша: (Маша қуанып, секіреді) Алақай, алақай! Мен осында қаламын! Мишка, Мишка менімен ойнашы, менімен ойнашы!Ал, балалар, мен ойнағанын жақсы көремін. Қазір сендермен де бір ойын ойнаймыз.

Ойын «Кәмпит»

Жүргізуші: Маша,  саған көп рахмет! Балалардың көңілдерін көтердің. Маша, сеннен сұрайын дегем, келе жатқанда Аяз ата мен Ақшақарды көрген жоқсын ба?

Маша: Түлкіні көрдім, қасқырларды көрдім, ал Аяз атаны мен Ақшақарды көрмедім.

Жүргізуші:Қайда жүр екен олар? Ал, енді тағы бәріміз бірге Аяз атан мен Ақшақарды шақырайық: Аяз ата,Ақшақар аууу. Аяз ата, Ақшақар аууу.  Бізді Аяз ата мен Ақшақар естемей жүр гой, мүмкін тақпақ айтсақ олар естіп қалады.Олай болса  қазір біздің балалар  өз тақпақтарын айтып береді.

Тақпақтар:

Айару И.: Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.

Айым: Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.

Айзере:Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Аю: Жарайсындар! Қандай ақылды балалар. Бірақ та, Аяз ата мен Ақшақар әлі де келмеді.

Маша:Мишка, Мишка ал мынау кімнің ізі?ал бұл ненің ізі? Ал бұл не?Мүмкін бұл Аяз атаның ізі?

Аю: (аю қимылмен көрсетеді) бұл Қасқырдың  ізі.

Маша: Жоқ, жоқ. Бұл қоянның ізі.

Аю: Маша, көрсетіп жатырмын ғой мен саған, бұл қасқырдың ізі.

Маша: Мишка, Мишка бұл Қоян.

Аю қолын сілтейді.

Музыка әуенімен Қоян кіреді.

Маша: Мишка, Мишка мен саған айттым ғой, бұл Қоянның ізі.

Аю аузын ашып, басын шайқайды.

Қоян: Салеметсіз бе аю паң, қалайсын   Маша? Оооо, мына жерге қонақтар келіп қалыпты, ал мен болсам қасқырдан қашам деп жүріп қонақтарды қарсылап алуды ұмытып кетіппін-ау.
 Маша: Ал біз болса, балалармен бірге Жаңа жыл мерекесін қарсы алып жатырмыз.

Қоян: Ия,Жаңа жыл –бұл тамаша!Мен Жаңа жылды жақсы көремін. Жаңа жылда ән айтады, би билейді, Аяз атаға тақпақ айтады, сыйлық алады.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Қоян жан! Қоянжан , сен келе жатқанда Аяз ата мен Ақшақарды көрмедің бе?

Қоян: (Басын қасып)Аяз ата мен Ақшақарды? Жоқ көрмедім. Осында болмаса қайда жүр екен?

Музыка әуенімен Түлкі кіреді.

Түлкі:  Мен түлкімін,түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Бұлғаң, бұлғаң құйрығым

Текке өтпейді бір күнім

Аяз ата мұнда келмейді,

Сендерге сыйлық бермейді.

Жүргізуші: Қалайша? Неге келмейді?

 

Түлкі: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен оларды құлыпқа жауып тастадым. Олар шыға алмайды енді. ха — ха — ха (деп секіреді)

Жүргізуші: Неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай Жаңа жыл ?
Түлкі: Ал сендердің балаларын тақпақ, ән айтуды біледі ме? Жұмбақ жасырсам, жауаптарын табады ма? Егер жауаптарын де дұрыс тапса,  мен Аяз ата мен Ақшақарды жіберемін.
Жүргізуші: Әрине. Біздің балалар өте ақылды.  Балалар, Аяз ата мен Ақшақарға көмектесеміз бе? Түлкінің жұмбақтарын шешеміз бе?Кане, жұмбақтарыңды айта бер.

Түлкі жұмбақ жасырады:

1.Қыста да, жазда да

Бір түсті болады.

Ол не?

  1. Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

 Сыйлық әкеп береді.
3. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

Жүргізуші: Көрдің бе түлкі біздің балалар  қандай ақылды. Енді барып, Аяз ата мен Ақшақарды босат.

Түлкі: Жоқ, жібермеймін!

Жүргізуші:Неге? Түлкіжан, сен өзің айттың ғой, егер де  бааллар жұмбақтарды дұрыс шешсе, жіберемін деп.

Түлкі: Ал, мен сендерді алдадым.

Жүргізуші: Балалар, алдауға болады ма?

Балалар: Жоқ!

Түлкі: Жарайды, мен кетейін. Ал, сендер болса Жаңа жылды Аяз ата мен Ақшақарсыз қарсы алыңдар! Сау саламат болыңдар!

Түлкі кетеді.

Жүргізуші: Балалар, уайымдамаңдар.Аяз атамыз келеді,бізге сыйлық

береді. Маша,сен  түлкінің ізіне түс. Аяз ата мен Ақшақарды құтқар.

Маша: Жақсы. Балалар, мен сендерге уәде беремін-Аяз ата мен Ақшақарды қу түлкіден құтқарамын.

Маша түлкінің соңынан кетеді.

Қоян: Аяз ата келе ме?

Бізге сыйлық бере ме?

 

Аю: Әрине, Аяз ата келеді

Балаларға  көп сыйлық береді.

Жүргізуші: Балалар, Аюжан, Қоянжан , Маша Аяз ата мен Ақшақарды құтқарып, бізге жеткенше бір ойын ойнайық.

 «Хоккей»  Ойыны.

Аю: Қандай ойын тамаша, бір сергіп  алдық.

Жүргізуші: Не болды екен? Маша Аяз ата мен Ақшақарды тапты ме екен?

Осы кезде алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.

 

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің.

Мен сендерге әкелген,

Құтты болсын жылдарың!

 

Ақшақар екеуміз сендерге келе жатқанда, алдымыздан  қу түлкі шықты, бізді алдап, құлыптап кетті. Жақсы болды екен, Маша келіп бізді құтқарды.

 

Ақшақар:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамық орап алды маңайды.

Армысыңдар,  балалар,

Бармысыңдар, балалар,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

 

Жүргізуші: Балалар, шырша шамдары жанбай жатыр. Тағы бір рет айтайық.

Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

 

Шырша шамдары жанады.

 

Маша: Алақай, алақай! Шырша шамдары жанды! Алақай!

 

Жүргізуші:Тамаша! Аяз ата ,Ақшақар, рахмет Сіздерге. Шырша шамдары жанды, балаларды қуанды. Олай болса, балалар, Аяз ата мен Ақшақарға тақпақ айтып берейік.

Сұлтан:Жаңа жыл, жаңа жыл

жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Жадырап бар бала жүр.

 Данат:Шыршаға бардық,

Әсем ән салдық

Аяз атадан сыйлықтар алдық.

Ясмин: Жаңа жыл мереке,

бақшамызға келді,

Аяз ата бізге сыйлықтар әкелді
Айару С.: Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.

Мансұр: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Айжан: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Нұрсая: Келді  тағы  жаңа жыл 

Қуантумен біздерді

Аяз ата келеді  

Құттықтауға біздерді.

Алимансұр: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Умит: Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!

Дарина:Қала нұр,дала нұр

Құтты болсын жаңа жыл.

Шырша жаны көңілді

Билеп барлық бала жүр.

Айлана:Ал балалар тұрмайық,

Би билейік, ойнайық.

Аяз ата қуансын

Дөңгеленіп зырлайық.

 

Жүргізуші: Олай болса, бәріміз бірге шеңберге тұрып, ән айтайық.

 

«Аяз ата»  әні

 

Жүргізуші:Ақшақар, біздің қыздарымыз Сізбен бірге би белегісі келеді.

Би «Ұлпақарлар»

 

Жүргізуші: Балалар, би биледік, ән айттық, енді Аяз атамен  ойын ойнайық.

 

 «Пиманы жетіп ал»  ойыны.

 

Жүргізуші: Балалар, Аяз ата шаршады.  

Аяз ата: Ой шаршадым, шаршадым, қандай жылдам балалар!

Жүргізуші:Аяз ата, бізідің кішкентай ұлдарымыз Сізге арнап, би дайындап қойды. Ал Сіз орындыққа отырып, дем алыңыз.

«Гномиктар» биі.

 

Тәрбиеші: Аяз ата,Жаңа жыл неге кешікті?

Уақыт  асып кетіпті.

Аяз ата: 

Қорықпа, апай асықпа!

Жаңа жыл менің қасымда.

 

Музыка әуенімен Доңыз кіреді.

 

Доңыз: Мен доңызбын, доңызбын

Өзім сондай момынмың.

Жаңа жыл кілтін алайын,

Барлықтарын да қуантайын!

Әкелсін жыл ырыс-құт

Әлемде болсын тыныштық

Жаңа жылым тамаша

Ән салайық жаңаша!

-Сәлеметсіздер ме! Мен енді Сіздердің қастарыңызда   бір жыл бойы боламын.

 

Жүргізуші: Қош келдің, Доңыз жылы! Біз Сізге қуаныштымыз.

Сіздің  құрметіңізге  көңілді бір ән айтып береміз.

Ән «Шыршаға  бардық»

 

Раяна: Айналайын, Аяз ата,

      Бәрі-бәрі тамаша!

      Бізге әкелген сый бар ма?

 

 Аяз ата: Әрине.Мен сендерге жай келген жоқпын, өзімен бірге  әдемі     сыйлықтарды  алып келдім. Ой, менің қапшығыма не болды? Ол неге кішірейіп қалды. Бұл тағы түлкінің бір қулығы. Енді не істейміз?

Аю: Аяз ата, уайымдама, менде сиқырлы таяқ бар. Қазір оның көмегімен Сіздің сыйлықтарымен қапшықты қайтарып   береміз.

Аю сиқырлы сөздерді айтады.

 

Аяз ата: Рахмет саған, аюжан!

Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарды таратады.

 

Ақшақар: Сау болыңдар ,балалар! Біздің кететін уақытымыз келді.

Аяз ата: Сау болыңдар, балапандарым! Мені басқа балалар да күтіп жүр. Келесі кездескенше!

 

Аяз ата мен Ақшақар   музыка әуенімен залдан шығады.

 

Жүргізуші: Міне,балалар, біздің қысқа орманға саяхатымыз аяқталды, енді топқа оралатын кез келді. Құрметті қонақтар, барлықтарыңыз да келе жатқан  

Жаңа жылыңызбен құтықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, жұмыста табыс тілейміз. Сау болыңыздар!

 

Ұйымдастырушылар: Аймухамбетова С.А.;  Токбаева К.Б.

Қостанай  ауданы, Затобол кенті  «Гүлдер» бөбекжай-бақшасы КМҚК


ПІКІР ҚАЛДЫРУ