«Ана тілім – арым бұл!» Ана тіліміздің тарихы

0
856

Еліміздің бетке ұстар тұлғаларымыз талай жыл бойы дау мен қырғын
жолында берілмей, ұлтымыздың келешегі, келер ұрпақтың ғұмыры үшін еш
нәрседен тайынбай күресіп, асқан қайсарлық пен қайтпастық арқасында бізге
осы — ұлан байтақ жерімізді мұра етіп, «Тәуелсіздік» бағын қалдырды.

Ұлыларымыздың ұлы бастамасымен бұйырған егемендік бізге қуаныш пен
шаттық сыйлады. Қазір де азаттығымызды ту етіп, әлем алдында елеулі
болғанымызға жиырма сегіз жыл толды. Сонау қырбалаң қырғын Ұлт-
азаттық көтелістер, сағын сындарған Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан
оқиғасы, байрақты ел құрау жолында беріспеген жандардың арқасында,
біздер өмір сүру ризалығын еншіледік. Тұңғыш тізгін ұстаушы Елбасының
біз мақтар саясаты қазақ елін биіктеткені де рас. Осыншама сантарапты
қиындықтың арқасында келген, мұра еткен байлықты жерін көркейту үшін
қолымыздан келгенінің барлығын жасауымыз шарт. Осындай ғажап
мемлекетте тұрақтап, шаттықты күннің астында өмір сүргеніміз – ең үлкен
қуаныш. Қаншама нағыз патриотшыл қазақ аталарымыз армандаған, аңсаған
бақыт. Сол бақытты бағалап, әрі қарай өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосу –
біздің парызымыз болмақ. Еліміздің елдігін танытар, кең тарапқа тобықтай
мақтанар ең басты құндылығымыз – ана тілімізді, айбынын асқақ етіп
қалдырғаны бізге таптырмас сый бола білді. Шырайлы шешендіктен
басталған тарихы тамыр жиысқан қазақ тілі бүгінгі күнде де өзіндік
мазмұнымен орныққаны аян. Қазақстан Республикамыздың Тұңғыш
Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры»
жобасында « Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз
Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес,
ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деп сөз еткендей, бұл
құндылығымыздың біз үшін аса қымбат екенін түсінгеніміз қажет-ті.

Ана тіліміз – қарабайыр халқымыздың бағалы діңгегі. Елміз деп жар
салған мемлекет өзінің туа біте қалыптасқан ана тілін қадірлеп, мақтан етуі
тиіс. Себебі, өткен өренді тарихтың ширегінде халқының ширақты шежіресі,
пір еткен тұлғалары туралы дастандар, жырлары халықтың тілімен баян
етілген. Кез – келген ұлтты алсаңыз да, тіл – қастерлі түйін. Тіліңіз шыр етіп
кербез дүниенің сылдырына етене енгеніңде анаңның сүтімен қаныңа еніп,
тұла бойыңда қалыптасады. Сол себепті, бұл ұғым елдің жаны, келбеті,
бүтіндей болмысы. Біздің көлденең көкке көтерер ана тіліміз – қазақ тілі.
Түркі тайпасынан айрықша алпауыттылығымен заңғарға ұмтылған
халқымыздың тілі ең таза және көсемді ой тербетер бай тіл.

Біздің тіліміз – тек хәл сұрасар ара – қатынасымыздың тілі емес, ол –
байрағымыздың байлана самғататын, ұлтымыздың ырыстығын арттыратын
мәдениетіміздің шоқтығы. Сол себепті тіліміз әлем елдерімен мәдениет
есебінде иық тіресуге иек бола білетін басты құралымыз. Біздің көне
шешендеріміздің, жырауларымыздың, даналарымыздың нақылдарын тіліміз
арқылы оқып, үлгі, өнегемен сусындаймыз. «Өнер алды – қызыл тіл» дескен
ғибратты сөзіміз осыдан туа біткен болар, бәлкім? Осындай ұлылардың
іргетасымен ұлы болған алтын қасиетімізді мадақтай, қадірін біліп, сақтай,
ұлықтау біздің алды парызымыз. Өзінің ана тілі, дүлдүл ұлттық сипатты тілі,
мәдени ошағы болмаған ел мемлекет болып гүлденуі екіталай. Шалғайдағы
кез – келген «мен» дескен мемлекеттің барлығы делік, тәуелсіздігінің тірегі
ана тілін сақтауға қолдан келгенше күш – жігерін салатынына күмәніміз жоқ.
Осы тәрізді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та әрбір Жолдауында қазақы
ана тілімізді жоғарғы биікке бағалап, аманатты қиянат қылмауға барынша
қозғалыс жасауға насихаттаған болатын. Елбасымыз билік төріне келгеннен
ана тілімізге ерек мемлекеттік мәртебесі еншіленген болатұғын. Тіл туралы
заңнама қабылданды. 2003 жылы қараша айының он бесінші жұлдызында
Елбасы Жарлығымен қыркүйек айының үшінші апталығы Қазақстан
Республикасының Тілдерінің күн мерекесі боп аталатын болған-ды. Осы
күнге дейін сол дәстүрді жалғай, әр жыл ағымында түрлі мерекелік
шаралардың деңгейінің негізінен жоғарылана атап өтіліп, ерекше ілтипатты
күннің баурайына куәгер болып келеміз. Бүгінгі күні осы мерейлі тойымызға
он жеті жылдың үстіне етене өтуде.

Елдің әр азаматы өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып, шын
ықыласымен өнеге ететін болса ғана,  біз, Елбасы айқындағандай "Қазақстан-
2050" стратегиясына сай бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіретін
боламыз. Тоқсан ауызды сөзімнен тобықтай торсаңды қорытпағым,Қазақстан
мелекетінің ертеңгі болашағы жастарға, яғни бізге тәуелді. Алаш

ардақтылары мен айбар шыңды бағындырғандардың айтқан ізгі ақыл-
кеңесін, байрақты байлығын, таптырмас құндылығын, ең бастысы ана
тілімізді келер күнімізге иек етіп, соның жолында жұмыстануымыз керек-
дағы. Бағалы бақты еліміздің балдырған баянды өмірін зор етіп, ертеңгі
күнімізге бағбан нұрын сеуетіндей үлгі етуімізді бірінші кезекке қоялық!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ