Аналар асыл жандар (тәрбие сағаты)

0
3554
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Аналар асыл жандар

«Менің қос бәйтерегім»әнімен Марат Мұзарт пен Қонысбай Жансая

Жүргізуші: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! «Аналар – асыл жандар» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

1-жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

2-жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Aна дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ,дей келе оқушылардың аналарына арналған сәлемдемелеріне кезек берейік.

 

Қапар Дана: Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

 

Изтелеуова А: Сыйлаған маған өмірді,

Анашым менің аяулы.

Жүрегі жұмсақ көңілі,

Күн шуақты саялы.

Мейірі анам күн нұры,

Шапағы мол шашылған.

Сен өмірдің бұлбұлы,

Гүлің менмін ашылған.

 

Қайыркен М: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар.

 

Сағынбай Әли: Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бұл әлемде тыныштық.

Ән: «Ана туралы ән» Орындайтын:

 1-жүргізуші:

Бүгін – наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз – Адамның,

Анаға айтар лебізі.

2-жүргізуші:                                                                                                                              

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі, дей келе ортаға Опмай- Опмай әнімен ортаға ұлдарды шақырамыз.

1-жүргізуші:                                                                                                           Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Ағартпасын тентектер,

Бір ананың самайын.

 

2-Жүргізуші: Ана дегеніміз – әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік, үлкен тағдыр.

«Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

1-жүргізуші:                                                                                                          
Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй…

Деп, Абай атамыз жырлағандай, кезекті Закария Н мен Сейтбек А.

2-Жүргізуші: Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! дей келе Флешмобқа кезек берейік.

1-жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын аналардың баласы бар.

Ән: «               »

2-жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Хор: «Анашым»

2-жүргізуші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
1- жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып, тәрбие сағатымызды қорытындалймыз. Келесі кездескенше сау –саламатта болыңыздар!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ