Анам менің жүрегім (балабақша ертеңгілік сценариі)

0
1919
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Анам менің жүрегім

Музыка әуенімен балалар залға кіреді. (қолдарында жүрекше шарлар ұстап, шахмат болып тұрады)

Ерасыл: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Дария: Аналарды қуантып

Ән маржанын шашайық

1. Ө. Арслан: Таң қалғандай ғалам

Кім сұлу адам

2. Ақшуақ: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.

3. Омар: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?

4. Айару: Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.

5. Сұлтан: Анам менің «Күнім» дейді
Мен қуансам күлімдейді.

6.Мұса: Анам менің «Айым»дейді
Мен мұңайсам «уайым» жейді.

7. С. Әмірхан: «Боташым» дер саған

Кім сүйікті адам
Ол — менің анам.(Барлығы хормен)

8. Каусар: Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!

Көктем кіреді: Сәлеметсіңдер ме! Мен шуақты көктеммін, сендерге өз жылуымды алып келдім. Айтыңдаршы, Дүниеде ең қымбат жан кім? (Балалардың жауабы) Олай болса Анамызға арнап ән жырлайық.

Анашым әні

*Көбелектер*әні қыздар билейді

Ата аналармен ойын «Анаңның әшекейлерін таны»

Көрініс “Бала өмірі”(этюд)

Енді біздің балалар әжемізге жылы лебіздерін айтсын.

Алуа: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Ән: «Әжеме»

Аналарымызды қуантайық “Робот” биі (ұлдар билейді)

«Сипап сезу» Анасы баласын сипап тауып алу керек.

Жүргізуші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті «Қарлығаш» бақшасы.

Әміре: Біз сыйлықты дүкеннен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Аналар,әжелер, біздің ұлдар аналарға және қыздарға да сыйлықтар дайындаған, соны табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Сыйлық тарату)

Жүргізуші:Тамаша, міне көрдіңіздер біздің балалар өнерлі әнші,бишілер және өсіп жатқан әртістер!

Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен ардайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

Ерасыл: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Дария: Аналарды қуантып

Ән маржанын шашайық

1. Ө. Арслан: Таң қалғандай ғалам

Кім сұлу адам

2. Ақшуақ: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.

3. Омар: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?

4. Айару: Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.

5. Сұлтан: Анам менің «Күнім» дейді
Мен қуансам күлімдейді.

6.Мұса: Анам менің «Айым»дейді
Мен мұңайсам «уайым» жейді.

7. С. Әмірхан: «Боташым» дер саған

Кім сүйікті адам
Ол — менің анам.(Барлығы хормен)

8. Каусар: Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!

Көктем кіреді

1. Анашым әні

2. *Көбелектер*әні қыздар билейді

3. Ата аналармен ойын «Анаңның әшекейлерін таны»

4. Көрініс “Бала өмірі”(этюд)

5. Алуа: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
6. Ән: «Әжеме»

7. “Робот” биі (ұлдар билейді)

8. «Сипап сезу» Анасы баласын сипап тауып алу керек.

9. Жүргізуші

10. Әміре: Біз сыйлықты дүкеннен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

11. Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен ардайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

Ананың біз гүліміз

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші:Қымбатты аналар,әжелер,қонақтар 8 наурыз халықаралық аналар мерекесі құтты болсын!

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Аналарды қуантып

Ән маржанын шашайық

Іңкар: Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін

Ана деген ардақты ат,сен оны,

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің

Ән: *Құттықтаймын ана мерекеңізбен*/барлығы айтады/

Аналарға арналған тақпақтар:

Әділхан: Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам!

Ұлдана: Әр сөзіңді жаттаған

Жүрегімде сақтағам

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам!

Дінмұхаммед: Түнде сергіп жатпаған,

Күндіз тыным таппаған

Бізсіз тыным таппаған

Айналайын ақ мамам!

Ән әуенімен залға қуыршақ кіреді

Қуыршақ:

Мен көңілді қуыршақ

Қарақатпын әдемі

Ойын ойнап,би билеп

Көтерейік көңілді

Алақанды соғайық

Аяқты да қозғайық

Барлық бала бірігіп

Көтерейік көңілді

Аналарды құттықтап

Би билейік шаттанып

*Гүлдер*биі барлығы билейді

Қыздар тобы:

Қуыршақ:Балалар,менің аяқтарым шаршады,дем алып алайын.

Жүргізуші:Қуыршақ дем ал.Ал біздің балалар әжемізге арнап тақпақтарын айтсын.

Ерасыл:Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

А .Ерасыл: Мен әжемді сүйемін

Киімді өзім киемін

Ақылына көнемін

Өлең айтып беремін

Жансая:Менің әжем,гүл әжем

Күн шуақтай нұр әжем

Таяғыңа сүйеніп

Аман-есен жүр әжем

Нұрсая:Ақ әжемді әқашан,

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін

Барлығы *Ата-анаңы тыңдаймыз * әнін айтады

Жүргізуші:Балалар,қуыршақ қатты шаршап,ұйықтап қалыпты.

Музыка әуенімен мысық кіреді:

Мысық:Мен әдемі мысықпын мяу-мяу,тез жүгіре аламын,жылы жерде ұйықтағанды жақсы көремін.меннен тышқандар қорқады.Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жүргізуші: Мысық сен неге көңілсізсің,бүгін мейрам емес пе?

Мысық:Менің құйрығым жоқ.Енді не істеймін ой-ой-ой.

Жүргізуші:Балалар,мысыққа көмек керек.Қуыршақтан сұрап көрейік.Ол әлі ұйықтап жатыр./балалар қолдарын шапалақтап қуыршақты оятады/

Қуыршақ:Ой,мен сондай тәтті ұйықтап,біраз дем алдым.Сәлеметсің бе мысық!Сен маған сүтімді әкелдің бе?

Мысық:Иә,мен саған сүт әкелдім

Қуыршақ:Мысық құйрығыңды ала ғой.Ал қазір балалармен бірге ойын ойнайық.

Мысық:Алақай,балалар сендер де тәрбиешілеріңді тыңдаңдар,мен де енді айтқаныңды тыңдаймын.Ал онда ойын ойнасақ ойнайық.Балалар,гүл құрастырғыларың келе ме?

*Гүл жинау*ойыны

Жүргізуші:Барлығымыз бірге *Топ-топ балақан*әнін айтайық.

Диана: Анам менің асыл жан,

Құшағы нұр шашылған,

Күн секілді күледі

Сипап мені басымнан

Айсұлтан:Әйбәт анам,әй анам,

Жұлдыз анам,Ай анам

*Ботам*деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам

Ұлан:Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын

Қасиет:Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

Аяулым:Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз

Ұландарда қуантып

Аман-есен жүріңіз

Карина .Көктем келді шуақты

Балаларды қуантты

Алақай-ау.алақай!

Көктем қандай,көктем қандай көңілді!

Асен: Балалар-ау,балалар

Шақырады далалар

Көктем келді гүл алып

Құстар келді жыр салып

*Би билегім келеді*әні хормен

Жүргізуші:Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен ардайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз


ПІКІР ҚАЛДЫРУ