Көшпелілердің салт-дәстүрі мен діни-нанымдары

0
11517
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

6-сынып. Ежелгі  Қазақстан тарихы

Ашық сабақтың тақырыбы: Көшпелілердің салт — дәстүрі мен діни — нанымдары.

Сабақтың мақсаты:

  • Ежелгі Қазақстанның ертедегі тұрғындары көшпелі тайпалардың мәдениеті, салт — дәстүрі, діни — нанымдары туралы кең көлемде білім беру.
  • Көшпелі тайпалардың салт — дәстүрі және діни наным — сенімдері туралы түсінік беру арқылы оқушылардың білімдерін толықтыру, терең ойлау, іздену, өз бетімен жұмыстану қабілетін дамыту.
  • Адамгершілік, имандылыққа, ұлттық салт — дәстүр мен ұлттық рухқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, әңгіме, кестелер, венн диограммасы.

Көрнекілік: ҚР картасы, суреттер, тірек-сызбалар.

Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі

                                     II Үй тапсырмасын тексеру

                                     III Жаңа сабақ

                                     IV  Жаңа сабақты бекіту

                                     V   Қорытындылау,бағалау

                                     VI  Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу, 3 топқа бөліп отырғызамын.
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Төмендегі кесте бойынша сұралады:

Тайпа атауы Өмір сүрген кезеңдері Мекендеген жері
Сақтар    
Үйсіндер    
Қаңлылар    
Ғұндар    
Сарматтар    

 

Тайпалардың мекендеген жерін картадан көрсету.

Ой қорыту сұрақтары  арқылы үй тапсырмасын бекіту:

  1. Ежелгі Қазақстан тұрғындары неліктен көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшті? (климаттың өзгеруінен)

2. »Аң стилі» қай тайпаның өмір сүрген кезеңінде пайда болды? (сақтардың тұсында б.з.б. 7ғас)   

3. Көшпелілердің қандай заттарды ойлап тапқанын айт(ат әбзелдерін, бұйымдар, киіз үй, шаруашылық құралдары)

4. Қаңлылардың  археологиялық ескерткіштерін ата (Қауыншы, Жетіасар, Отырар-Қаратау)

5. Ұлы Жібек жолы арқылы жүйелі қатынас қай ғасырда қалыптасты?

(б.з.б. 2ғас)   

6. Қазақстан аумағы арқылы қандай тауарлар тасымалданды?

(жібек мата, Қытай ыдыстары, асыл тастар, бағалы терілер)

7. Сақтар туралы жазған тарихшылар (грек-парсы тарихшылары Геродот, Страбон, Плиний)

8. Ғұндарда тараған стиль түрі (полихромдық)

9. Батыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпа (сарматтар)

10. Тайпалар арасында әлеуметтік теңсіздік болғанын не дәлелдейді? 

           (жерлеу орындарындағы табылған жәдігерлер)

 

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Көшпелілердің діни-наным сенімдері.
  2. Жерлеу дәстүрі
  3. Көшпелі халықтардың салт-дәстүрі

Осы жерде  өткен сабақпен жаңа тақырыпты байланыстыру үшін бейнефильм көрсетіледі. Кейін топқа  жалпы сұрақ қойылады да, түсінік беріп өтемін, дін дегеніміз не? (Адам баласының жаратушыға, айналаны қоршаған ортаға деген наным-сенімі)

Кейін 3 топқа мәтінмен жұмыс тапсырылады. Көшпелілердің діни-наным сенімдерін анықтаңыз,  жерлеу дәстүрін салыстырыңыз,  көшпелі халықтардың салт-дәстүрін  зерттеңіз.

Слайд көрсетіледі.

  1. Сақтар

Отқа табыну, соғыс құдайына, аспан денелеріне, тайпа көсемдеріне, ру ақсақалдары мен аруағына табынған оларды қайтіп тіріледі деп ойлаған. Жерленген адамға мерекелік салтанатты киім кигізген. Жанына қару-жарақ бұйымдарын, дүние-мүлкін қоса жерлеген.

  1. Үйсіндер

Жаратушы күшке сенген, соған арнап құрбандықтар шалып отырған. Тірі кезінде пайдаланған заттарын қойған, тамақ ішетін ыдыстар, сауыт-сайманы, қару-жарағы қойылды.

  1. Қаңлылар

Айға, күнге, жұлдыздарға табынған. Ата-бабалар аруағына сиынған, тыс күштерге табынып үй малдарын құрбандыққа шалған.

Қайтыс болған адамды киімімен жерлеген, тамақ салатын, су құятын ыдысы мен қажет заттар, бұйымдар қойылған.

  1. Ғұндар

         Аспанға, жерге, ата-баба аруағына, тәңірге арнап құрбандық шалған. Ауқатты адамдардың зираттарынан алтын-сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасаған белдіктер, қымбат бағалы қытай маталары кездеседі.

  1. Сарматтар

Ескерткіштерінде адамды жерлеген орындарымен қатар аруақтарға ас беру, мінажат жасау үшін салынған ғибадатханалар кездеседі. Онда от жағылған көп орындар табылды. Ерлердің, әйелдердің де қабірлеріне қару-жарақ міндетті түрде қойылған.

Оқушылармен жұмыс.

  1. Сәйкестендіру кестесі үлестіріледі топтарға.
  2. Семантикалық картамен жұмыс.

Сабақты бекіту:

  1. Көшпелі тайпалардың о дүние туралы түсінігі қандай болған? (өлген адам тіріледі деп есептеген)
  2. Көшпелі жерлеу дәстүрі мен діни-наным сенімдерінде ұқсастық барма бар болса ата?
  3. Венн диограммасын толтыру: көшпелілердің діни-наным сенімдері, ұқсастық, қазіргі наным-сенімдер.

 

Ислам дініне қысқаша тоқталу. Қазіргі кезеңде қазақтар ислам дініне сенеді. Ислам діні Қазақстанда 8-9ғасырдан бастап тараған. Қазіргі уақытта қазақ арасында отқа, суға, ай мен күнге тәу ету исламдық қағида-жоралғылармен қатар жалғасып келеді. Ислам діні адамды имандылыққа, адамгершілікке, сыйластыққа баулиды.

Бағалау: Бағалау парағы топтардан жинастырылып, таныстырылады.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келуді тапсыру, сөзжұмбақ құрастыру.

 

Жумагалиева Венера Батырбековна

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы  №20 ЖОББМ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ