Жәндіктер – біздің досымыз! атты Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

0
5404
Дене шынықтыру

Сабақтың тақырыбы: Жәндіктер – біздің досымыз!

Тобы: Екінші кіші топ

Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау.

Білімділік: Сұрақтарға жауап беру, дыбысты ажырату, жәндіктерді , гүлдерді. түстерді, пішіндерді тану. Көктем мезгіліндегі маусымдық өзгерістер жайлы білім беру. Шығармашылық дағдыларын дамыту.

Дамытушылық:Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Табиғатты аялауға, жәндіктерді қорғауға, жақсылық жасауға, көмектесуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері:Сұрақ – жауап, «сөйлейтін қабырға», ойындар, қуыршақ театры, үстел – үсті жұмысы, құм терапиясы, жапсыру әдістері.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Салалары:1.Қатынас.

2.Таным

3.Шығармашылық.

4.Әлеумет.

Көрнекі құралдары: гүлдер, шығыршықтар, «ара» қуыршағы, жәндіктер мулляждары, пішіндер.

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:

Балалармен ұйымдастыру кезеңі қабылдау бөлмесінде өткізіледі.

Балалар шеңберде тұрады.

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамызда қаламыз!

«Сөйлейтін қабырға» (Сұраққа жауап алынғаннан кейін, жауапқа сәйкес суретті тауып көрсетеді және қабырғадағы алақан суретіне алақанын басып, жақсы жауап бергендігіне қуанады)

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар балалар! Жаңа сендер «Бақшамызда күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз» деген өлең жолын айттыңдар. Ендеше сендерге балабақша ұнайдыма?

«Сұрақ – жауап»

— Балабақша несімен ұнайды?

— Балабақшамыз қалай аталады?

— Кім қабырғадағы суреттер ішінен балабақшамыздың суретін тауып бере алады.

  • Тобымыз қалай аталады?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем мезгілінде неше ай бар?
  • Көктемде табиғат қалай өзгереді? (қабырға суреттері арқылы)

Тәрбиеші: — Балалар көктемде күн жылынып, табиғат әдемі, әсем болып өзгереді екен. Қыс бойы ұйқыда жатқан жануарлар да ұйқысынан оянады. Көктем мезгілі — керемет мезгіл екен.

Осы кезде араның дыбысы естіледі.

Тәрбиеші: — Балалар бұл ненің дыбысы болды екен?

Балалар жауабы: Ара.

Тәрбиеші: — Ендеше араға көмек керек шығар. Қанекей мына едендегі көңілді суреттер арқылы секіріп барайықшы.

(балалар еден суреттері арқылы бір аяқпен, қос аяқпен секіріп, топқа кіреді.

Қуыршақ театры. Ара.

Ара:Сәлеметсіздерме балалар! (көңілсіз күйде сөйлейді)

Тәрбиеші;- ара сен неге көңілсізсің?

Ара: — Көңілсіз болмай қайтейін. Көктем болса келді. Күн жылынды. Ал менің достарым әлі ұйықтап жатыр. Достарым ұйқыдан ояну үшін бірнеше тапсырмаларды орындау керек екен. Соған көмек керек.

Тәрбиеші: — Балалар көмек беремізбе араға?

Балалар: қуана келіседі.

Тәрбиеші:- балалар бірінші тапсырма алаңқайда өсіп тұрған гүлдерді өз себеттеріне салу керек екен. Алдымен қандай гүлдер өсіп тұр екен, анықтап алайықшы балалар.

(алаңқайда бәйшешек, қызғалдақ және бақбақ гүлдері өсіп тұрады)

Балалар гүлдер алаңқайына барып, гүлдер атауын айтып береді. Және тәрбиеші сұрағына орай түстерін ажыратады.

Бәйшешек – ақ түсті, қызғалдақ – қызыл түсті, бақбақ – сары түсті.

  • Балалар бұл гүлдер қай мезгілде өседі?

Балалар жауабы:

-Көктем мезгілінде өседі.

Балалар гүлдер суреті салынған себеттерге сәйкес гүлдерді салады.

Тәрбиеші: — рақмет балалар! Сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Араның қай досы ұйқыдан оянар екен, көрейікші.

Тосын сый.
  • Ой балалар. Мына әдемі қорапты қараңдаршы. Ішінде не бар екен, байқап көрейікші.

Қорап ішіне пружинаға бекітілген көбелек салынады. Музыка ойналып, қорап ашылғанда көбелек шыға келеді.

Тәрбиеші: — Балалар бұл не? Көбелек жәндік пе, әлде жануарма?

Балалар жауабы. Көбелек-жәндік.

Ара: — Рақмет балалар! Менің көбелек досымның ұйқыдан оянуына көмектестіңдер. Алақай!

Балалар көбелекті тәрбиеші көмегімен түсіне сәйкес гүлге орналастырады.

Тәрбиеші:— Балалар тағы бір тапсырма бар екен. Орындауға дайынбызба?

Тәрбиеші тапсырманы хабарлайды. «Пішіндерге ұқсас заттарды тауып орналастыр» Үстел – үсті жұмысы.

Шарты: үстел үстінде пішіндер суреті салынған ақ парақ және әртүрлі заттар суреті орналастырылған. Балалар пішіндер жанына ұқсас суреттерді тауып, орналастырады. Балалардан алдымен пішіндерді қайталап, қандай пішіндерді білетіндіктерін сұрау, тәрбиеші көрсеткен пішіндерді балалар атайды.

Дөңгелек, шаршы, шеңбер.

Балалар жұмысын аяқтағаннан кейін тәрбиеші балаларды мақтап, көңілдерін көтереді.

Тәрбиеші: — Балалар тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді араның қай досының ұйқысынан оянуына көмектестік екен?

Ортада құм салынған үстел тұрады. Балаларды сол жерге шақырып, назарларын аударту.

-Балалар қараңдаршы бұл не?

Балалар «құм» деп жауап береді.

-ендеше құм арасынан іздеп көрейікші араның қай досы бар екен?

Балалар құм арасынан құмырсқаларды табады.

Тәрбиеші: Балалар құм арасынан нелерді таптық.

Балалар жауабы: — Құмырсқа.

Құмырсқа ол не?

-Құмырсқа жәндік.

Тәрбиеші: — Балалар құмырсқалар құмнан илеу жасап, илеулернде мекендейді. Қане құмды үйіп, құмырсқаларға илеу жасайықшы.

Балаларға «илеу» сөзін қайталату.

Ара: — Алақай қандай керемет!Менің құмырсқа досым да ұйқысынан оянды. Енді бірге ойнайтын болдық. Рақмет достарым!

Тәрбиеші: — Балалар мен сендерге қызықты ойын ұсынғым келіп отыр. Ойынның аты «Құмырсқалар достығы» деп аталады.

Ойын шарты: ортаға 4-5 шығыршықтар қойылады. Балалар құмырсқалар болып, музыка ырғағымен билейді. Музыка тоқтағанда шығыршыққа сыйғандарынша кіреді. Қай шығыршыққа жиналған балалар, бір – бірін итермей, достықпен сыйысып тұра алады, сол топ «жақсы достар» екендігі анықталады.

Тәрбиеші:-Балалар бүгін сендер тапсырмаларды жақсы орындап, араға достарының ұйқыларынан оянуына көмектестіңдер, ендеше осы жәндіктерге тағы бір көмек керек екен. Ол үшін, өздерің мына жерден жәндіктер суретін таңдап алып, таңдаған жәндіктеріңе сәйкес келетін орындарға отырыңдар.

Топпен жұмыс.

Шығармашылық тапсырмаларды орындау.

Саусақ жаттығуы.

1 – топ. Араларға бал жнауға көмектес.

Шарты:Гүлдер шырынын жинаған аралар өз омарталарына бал құюда.

Бізде омартаға бал жинап көмектесейік. Жапсыру әдісі.

2-топ. Құмырсқаларға илеу жасауға көмекес.

Шарты: қарақұмық дәндерінен илеу жасау. Пва желімімен дәндерді жапсыру.

3- топ. Көбелектер қанатын әсемдейік.

Шарты:Көбелектер қанатын моншақтармен әсемдеу.

Ара: — Балалар сендерге көп алғыс айтамыз. Достарым да қуанып қалды. Сау болыңдар!

Балаларға сұрақтар беру.

-Балалар бүгін біз қандай жәндікке көмектестік?

-Араның қандай достары ұйқыларынан оянды?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

Балалар сендер қайырымды іс жасап, жәндіктерге көмектестіңдер. Жәндіктерде – табиғаттың бір бөлшегі. Жәндіктерді қорғау керек. Көбелектерді аулауға, құмырсқаларды өлтіруге, илеулерін бұзуға болмайды. Араға тиісуге болмайды. Жәндіктер – біздің досымыз!

Сабақ соңында балалар шығармашылық жұмыстарын көрмеге іледі.

Шаханбаева Ақкенже Жалбырбайқызы
Нұрсұлтан қаласы. Қазақстан Республикасы Іс Басқармасы
Медицина орталығы «Қарлығаш» балабақшасы» РМК

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ