«Анамдай менің -Ұстазым!» атты кеш сценарийі

0
5897
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары

«Ұстаздар күні» қарсаңында Martebe.kz ақпараттық білім порталы сайт оқырмандарына «Анамдай менің — Ұстазым» атты іс-шара сценарийін ұсынады.

1-жүргізуші: Бұл дәстүрлі мереке көңілге жылы шуақ орнатып, тоқтаусыз жылдар тізбегіндегі ерекше сәттерді, қызу еңбекті еске түсіретін шырайлы күн. Аяулы ұстаздар,қадірменді қарттар сіздердің ерен еңбектеріңіз жоғары бағаланып, мақтан тұтарлық.

Өзінің бар ғұмырын шәкіртіне арнап, әр минутын кестеге салып, есептеп жүрген аяулы ұстаздар үшін мектепте өткен әрбір күн ерекше қымбат екені даусыз! 

1жүргізуші:

Әй, тәкапар , дүние!

Маған да бір қарашы!

Танимысың сен мені,

Мен қазақтың баласы.

2 жүргізуші:

Ізетіңді ине етіп,

Иманыңды түйме етіп

Инабатты күйме етіп,

Жүрші балам жамандықты күйретіп,- дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.

1 жүргізуші: Көрініс. « Ата өсиеті»

Жігіт: Ассалаумағалеукум, ата!

Қарт: Уа алейкум ассалам! Аманбысың, балам! Балам, бақытты болу оңай ма?

Жігіт: Ата, жары жақсы болса, бақытың жаныңда

Қарт: Жоқ,балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Ақыл адамды азаттанда мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен, не ақылды қызыңа үйлен.

Екінші қарт: Дұрыс айтасыз, Дұрыс айтасыз! Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?

Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.

1-қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі.Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала-үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.

2-қарт: Балам үйдегі алтын қазық кім?

Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.

1-Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық- ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана- ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң- қорғаушың, інің –сүйенішің, қарындасың –қанатың екенін ұмытпа.

Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам.

2- қарт: Ой, қандай керемет сөздер! Балам, достықты нығайтатын не?

Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

1-қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады.Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па»- деген сөздерді шын көңіліңмен айтуға үйрен.

Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз- көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз-үмітіңді өшіреді.

Жігіт: Рахмет, ата сіздің ғибрат аралық сөздеріңізді есте сақтаймын!

2жүргізуші бірге айтады: Иә барлығымыз есте сақтаймыз.

1 жүргізуші:  Көкірегіме нәрін құйған білімнің,

О, ұстазым сырын ұқтым ұғындым,

Сіз мен үшін сарқылмайтын дария

Әр шәкіртін мәпелеген гүліңмін.

Мерекеңмен құттықтаймын ұстазым!

2 жүргізуші:  Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, қасиетті ұғым  жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол- ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстауы мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. 

1-жүргізуші: Ендеше, балалар бүгінгі мерекелік кешіміздің құрметті қонағы … ортамызда. Бүгінгі айтылар жақсы лебіздер мен тілектер легі өзіңізге арналады!

Оқушылар лебізі айтылады.

1- жүргізуші:  Жақсылық пен жамандықты теңгерген, 

Әр шәкіртін бөліп-жармай, тең көрген,

Мың алғысты өзіңізге арнап ем.

Шаршамастан біліммен тәлім берген.

Анамдай боп ақыл айттың жаныма кеп,

Бұл ақылың әрқашанда жаныма сеп.

2-жүргізуші: Ұстазым, сүйікті анамдай,

Білгеніңді үйретуден аянбайсың,

Бар баланы тең көріп, күлімсіреп

Тағдырына ара түсіп алаңдайсың.

 

«Ұстаз -Ана» әні орындалады. Мерекелік кешіміздің қонағына сынып ұлдарының атынан шоқ гүлдер ұсынылады.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ