«Мерейдің мәңгі мұзарты» атты кездесу кешінің сценарийі

0
5396

 \r\n\r\n1-жүрг. Қылышын сүйреткен  қыстың  қаһарын  жібітіп,  ақ көрпенің  тігісін сөгіп, арамызға Көктем келді.\r\n\r\nКөктемім менің, қыбырлаған  құмырсқадан  саналы адамзатқа дейін қыстың  ұзақ  күнінде  жадыраған жаз  мезгіліне  жол ашатын  өткеліңді сарыла да сағына күттік. Міне, құшағыңды  ашып, күлімдеп, өзіңе де жеттің, жүректі тербетіп,  жырымызды  ояттың. Көкірегімізден  өрлеген  өлеңімізге  құлақ  салшы, Көктем!\r\n\r\n \r\n\r\n2- жүрг.Сыпырып ап ақ көрпесін даламның\r\n\r\nАнасына ұқсап тұрсың ғаламның\r\n\r\nСағынышты  әлеміңе күлімдеп,\r\n\r\nҚадам басқан менде сенің балаңмын!\r\n\r\n1-жүрг.Сен келгенде мен қуандым,көктедім,\r\n\r\nҚандай ғажап салып жатқан өткелің,\r\n\r\nСондықтан да ақ тілегім көп менің,\r\n\r\nҚош келдің, әсем Ару – Көктемім!\r\n\r\n \r\n\r\n2 жүрг.Көңілді көктем, баршамызға көтеріңкі көңіл-күй, шаттық күлкі, жігер сыйласын!\r\n\r\nБірге.Баршаңызды көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймыз!\r\n

    \r\n

  1. жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!
  2. \r\n

  3. Жүргізуші: Есенсіздер ме қымбатты қонақтар, аяулы аналар, қырмызы құлпырған қыздар, асыл жанды арулар!
  4. \r\n

\r\n1.Жүргізуші: Көктемдi жырламаған , әйел-ана , ұстаз тақырыбы өлеңiне өрнек болмаған ақын жоқ Ұстаз…Ана…Махаббат…!!!\r\n\r\nНе деген мейірімді,не деген шапағатты еді!\r\n\r\n2-Жүргізуші: Осынау ұлы, қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші.Сезім мен қасиетті,бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған Ұстаз есімін  қадірлемейтін жан бар ма?! Жақсылық атаулының барлығы ананың ақ сүтінен ,ұстаздың ұлағатынан жаралған.Ол екеуі егіз ұғым.\r\n\r\n1-жүрг.Ұстаз деген – анасы ол адамның.\r\n Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,\r\n Сен де одан адам болып жаралдың.\r\n Ұстазыңды түсінгің сен тереңнен,\r\n Бар әлемге еңбегімен еленген.\r\n Сенің бағың өрге қарай өрлесе,\r\n Ол да бірге қуанышқа кенелген.\r\n Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,\r\n Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.\r\n Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,\r\n Ол өзіңнің орындалған арманың.\r\n Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,\r\n Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.\r\n Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,\r\n\r\nБірге.Қасиетіне  бас иелік мәңгілік!\r\n\r\n         \r\n\r\n1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Нұргүл? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.\r\n\r\n2-Жүргізуші: Мафруза, мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.      \r\n\r\n Ұстаз болу – жүректің батырлығы,\r\n\r\nҰстаз болу – сезімнің ақындығы,\r\n\r\nҰстаз болу – мінездің күн шуағы,\r\n\r\nАзбайтұғын адамның алтындығы –\r\n\r\nдеп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!\r\n\r\n             1-Жүргізуші: \r\n\r\n  Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,\r\n\r\nКөңілді күндер тусын алдан әлі\r\n\r\nӘн-шашу әсем әуен, түрлі өнер,\r\n\r\nБүгінгі күн Күлаш апай Сізге ғана арналады.\r\n\r\n     (видеоролик) кетеді мысалы\r\n\r\n2 –жүрг:Аса қадірлі Күләш Құнантайқызы!\r\n\r\nСізді Халықаралық әйелдер күні  — 8 наурызбен – бүгінгі күні Қазақстанға көктеммен бірге келген әйел сұлулығы мерекесімен құттықтаймыз! Көгіңізден күн кетпесін, құшағыңыздан гүл кетпесін, өміріңізден күлкі кетпесін. Құт болып әрбір үйден табылып, шуақ боп әрбір үйге жағыла беріңіз. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.\r\nБарша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз!\r\n\r\n Біздің жүректеріміз сізге деген нәзік сезімдерге, сүйіспеншілікке, адалдыққа, бізге деген махаббатыңызға  ризашылыққа толы.\r\n\r\n1-жүрг\r\n\r\n Ұстаз – жұмақ,мен — шуақ,саябағы,\r\n\r\nҰстаз — шырақ,мен — сұрақ санадағы.\r\n\r\nҰстаз — теңіз,мен — қайық тербетілген,\r\n\r\nҰстаз — бұлақ,мен — құрақ жағадағы.\r\n\r\n.                  2.Жүргізуші:\r\n\r\n                  Күллі өмірін жеткіншекке арнаған \r\n\r\n                  Мұғалімді ардақтайды барша жан \r\n\r\n                   Ғимараттан  шықпаса да қыс- жазы,\r\n\r\n                  Жемісі оның жердің жүзін шарлаған \r\n\r\n                  Шәкірт  десе ойламайды өз қамын \r\n\r\n                   Керсем дейді күнге де кол созғанын            \r\n\r\n                   Шәкірттерін өзінен де озғанын.   \r\n\r\n \r\n\r\n1 жүргізуші: Сен білесің бе,дүниедегі ең сұлу кім?\r\n\r\n2 жүргізуші: Дүниедегі ең сұлу – ол қазақ әйелі!\r\n\r\n1 жүргізуші: Солай ма,қалайша?!\r\n\r\n2 жүргізуші: Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған,әлемдегі ізгі адам;\r\n\r\n1 жүргізуші: Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана;\r\n\r\n2 жүргізуші: Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен,әлемдегі ең адал жар;\r\n\r\n1 жүргізуші: Ұлттың ұйытқасы;\r\n\r\n2 жүргізуші: Ұрпақтың анасы;\r\n\r\n1 жүргізуші:.Сондықтан осы кешіміз  Ұстаз-анамызға арналады.\r\n\r\n1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.\r\n\r\n2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық  сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, білім ордамыздың  жүрегі ардагер ұстазымыз ортамызда отыр.  (қонақтарды таныстырады)\r\n\r\n1 жүргізуші: Құрметті Күләш Құнантайқызы,  сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіз.\r\n\r\n қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?\r\n\r\n қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?\r\n\r\nқонаққа сұрақ: Ізбасарларыңызға  айтар тілегіңіз?\r\n\r\nСізге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаз-Ана\r\n\r\n \r\n\r\n 2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.\r\n\r\n1-жүргізуші:  Күләш Құнантайқызыың артында сол ғылымды жалғастыратын буын бой түзеп келеді. Оған бүгінгі киелі сахнада Педагогиканың падишасы – Күләш Құнантайқызы ісін жалғастырып жатқан ізбасарлар  дәлел болмақ. Олай болса, осы кештің біздің қасиет тұнған сахнамызда өткізілуіне ұйытқы бола білген, өнерге бас иген білім ордамыздың басшысы —————————— алғыс айта отырып, сөз кезегін ұсынсақ…\r\n\r\n2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.\r\n\r\nБілдіріп шәкірттердің ақ ниетін,\r\n\r\nҰстаздың алып жүрген атын еркін\r\n\r\nБіз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,\r\n\r\nЖүректің алғысы мен рахметін.\r\n\r\n1.Қазақ педагогика ғылымының  тарихынан  өз орнын  алған  талантты  ұстаз-Ана Күлаш Құнантайқызы  жұлдыздай  жарқырып,  туабітті  қабілетімен  халықты  мойындатқан нағыз  талант иесі.\r\n

    \r\n

  1. Иә ұстаздың еншілеген ата-даңқы да аз емес. Ең бастысы, оның  таланты жұршылықтың  жүрегіне ұялады.  Оның көзінен үнемі көктем шуағы есіп ,өзі сол  өзінің кейіпкеріне  айналғандай болады. . Солай болатыны, Күлаш Құнантайқызы  . ұлылықтың символы іспеттес еді.
  2. \r\n

\r\n1.Өмірге деген құштарлық та, елге деген құрмет те, ұрпаққа  деген жауапкершілік те оның бойынанан табылды.. Сол үшінде ол аңыз адам… Өз кезегінде ұстаздың аңсаған асыл арманы да осы болар…\r\n\r\nІІ.        Ия, Күлаш Құнантайқызының  есімі тарих парағына әлдеқашан таспаланған.\r\n\r\nІ.         Қаһарлы соғыстың қан майдандарын да,\r\n\r\n \r\n\r\nІІ.        Сәулесінің өзі ызғар шашқан қабағы қатулы мезеттерде де,\r\n\r\n \r\n\r\nІ.         «Қайта құрудың» қапырығы шарпыған сәттерде де,\r\n\r\n \r\n\r\nІІ.        Тәуелсіздіктің шұғылалы таңында да,\r\n\r\nІ.         Барлық жүректерде де…\r\n\r\nІІ.        Бәрінің көңілінде де\r\n\r\n \r\n\r\nІ-ІІ.     оның өнегесі мәңгі жадымызда жатталады.\r\n\r\n \r\n\r\nІ.         Өз жүрегінен өткенді шәкірт жүрегіне жеткізген ұстаз туралы, әз ана туралы қанша айтсаң да, қалай айтсаң да көңіліңдегіні жеткізу қиын.\r\n\r\n \r\n\r\nІІ.        Ғылым  қазақты Күлаш Құнантайқызы  арқылы таныса,\r\n\r\nІ.         Қазақ Күлаш Құнантайқызы  арқылы әлемді таныды.\r\n\r\nІІ.        Қазақ Күлаш Құнантайқызы  мақтанады,\r\n\r\nІ.         Күлаш Құнантайқызы  қазағымен мақтанады. Бір ұлт – бір тағдыр.\r\n\r\nІ-ІІ.     Сондықтан да біздің Күлаш Құнантайқызы  деген құрметіміз еш сарқылмақ емес…\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Ғасырлар қойнауының тылсым қатпарынан жеткен салмақты сөзімен , жағымды дауысымен буырқанта, тасыта жеткізетін Күлаш Құнантайқызын  әрбір қазақ құрметтеп,аты мерейдің мәңгі мұзартында алтын әріппен жазылатын тұлға болады.
  2. \r\n

\r\n І . Жүргізуші:           Қымбатты қонақтар мен аяулы аналар! Осымен Сіздерге арналған «Мерейдің мәңгі мұзарты» атты мерекелік кешіміз тәмам. Келесі кештерде кездескенше күн нұрлы болсын!\r\n\r\nІІ.Жүргізуші:           Қош, сау болыңыздар!\r\n\r\n \r\n\r\nСценарийді құрған Тикеева Мафруза және Данышпан Байділдә\r\n\r\nҚызылорда облысы, Қазалы ауданы, №249 мектеп — лицей\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ